«АҚЫН ДА БІР ДОМБЫРА КҮМБІРЛЕГЕН…»
30.09.2016
1658
0

img_0197Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, талантты ақын Қайрат Әлімбекті еске алу кеші ақынның туған жерінде өтті.

Қайрат Әлімбекті еске алу ке­шіне арнайы келген Сағыныш На­мазшамова, Гүлбақыт Қа­се­нова, Сәрби Әйтенова, Ерлан Жү­ніс, Торғын Тұрлыбаева, Ажар Ер­болған, Есболат Айдабосын, Мағ­рипа Сандуғаш секілді жас ақын-жазушылар алдымен Қай­рат  Әлімбек жатқан бейітке құ­ран бағыштап, рухына зиярат етті.

Кешті ақын Гүлбақыт Қа­се­нова жүргізді. Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Нүсіпбай Әб­дірахым, ақын Қуат Қайран­баев Қайрат Әлімбек туралы естелік­тері­мен бөлісті. Кеште сөз алған Қа­раша Қонысұлы ақынды дә­ріп­теу мақсатында 4 ұсынысын ор­таға салып,«Қайрат Әлімбек атын­дағы ақындар мүшәйрасын өт­кізу, публицистика жанрында жа­зылған шығармаларын топ­тас­ты­рып, жеке кітап қылып шы­ғару, Жылыбұлақ орта мек­тебіне Қайрат  Әлімбектің есімін беру, «Жетісу» телеарнасы арқы­лы ақынның шығарма­шы­лығы жай­лы, қадір-қасиетін жақсы бі­летін замандастарының естелігі не­гізінде түсірілім жасалса», – де­ген ойын жеткізді. ҚР Мәде­ниет қайраткері, қаламгер Жексенбек Сұлтанбеков ақын өлең­дерінен қа­зақы бояуды, ұлт­тық реңкті жақ­сы байқағанын айтса, ауыл­дас-құрдасы Жоламан Даутов «Мектепте оқып жүргенде Қай­рат­қа айтып, қыз­дарға арнап өлең, хат жаздырып алатынбыз. Екеуміздің әкеміз де малшы болды. Ауыл сыртында көкпар тар­татынбыз. Сыйлас­тығымыз ке­ремет еді», – деп жылы естеліктер айт­ты. Қайрат ақынның қарын­дасы, Жылы­бұлақ ауылында қа­зақ тілі мен әдебиеті пәнінен дә­ріс беретін Айсұлу ағасының ор­ны әрдайым ойсырап тұра­ты­нын айтып, аға жайлы сағы­ны­шын жеткізді.

Асхат ӨМІРБАЕВ.
Қаратал ауданы.
Алматы облысы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір