ОРТАЙМАС ҚАЗЫНА
30.09.2016
1649
0

bokejhanovМұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеден озғанына 55 жыл өтті. Содан бергі уақытта да, оған дейінгі жылдарда да сонау қаршадай балаң күнінен бастап-ақ елдік мұраттармен біте қайнасып кеткен осы бір қастерлі, қимас, қымбат есім халқымен бірге жасап келеді.


kanipash-madibaj

 

Қанипаш МӘДІБАЙ,
І.Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университетінің
профессоры, ф.ғ.д.

 

Оның бүтін бітімі (З.Қаб­до­лов), тарихи тұл­ғасы, бай маз­мұн­ды ғұмыр өнегесі, рухани әлуе­ті тұрғысында ондаған зерт­­теу ең­бек­, естелік, тол­ғам­дар бар.

Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасыр­дың 20 жыл­да­ры­ның бас кезінде түс­кен суреттеріне қарағанда жаңа, қызу өмірге қаршығадай қом­данып даяр отырған, ендігі за­манның жамырай көтерілген ру­хани-әлеуметтік міндеттерін күн тәртібіне қою­ға әрі соның ше­шімдері үшін еңбектенуге кірі­­сіп те кеткен жас адамның бей­несі жы­лыұшы­райды.

Жаппай ел ішін жайлап бара жат­қан аштық­тың алдын алу ша­раларын ойластырып, іс ба­сын­да жүру, рухани дамудың көз­ден таса етуге бол­майтын күр­делі міндеттеріне кірісіп кету – оқу, ағарту шаруасын пы­сық­тау, жолға қою, жөн­­­ге салу, елдің саяси мүддесін қозғау, қор­­ғау – сол тұстағы әкімшілік-ай­мақтық тұр­ғы­да бөл­шектеніп кету қаупі бар шекара мәсе­ле­сін­дегі белсенді бастамашылдық нәтижелі әре­кет­те­рі…

Жас Мұхтар замандас-тұ­ғыр­лас қайрат­кер­лермен қатар жан қуатын аямай кіріскен түбе­гей­лі, түпмақ­сат заманауи шаруалар сан та­рап болатын.

Арада оншақты жыл өт­кен…

1933 жылғы ҚазПИ-ліктер­мен бірге түскен су­ре­тінде «бас­­қа» Мұхтар Әуезов отыр. Жү­деу, бе­ті қайтпаса да көңілі бұзылған, жүзінде қаяу бар. Аз ғана жылдарда осынша­лық­ты шерленген, арада Алматы түрмесіндегі жыл­дар, жа­падан-жалғыз қалған бір бақытсыздық таңбасы көз­ге ұра­ды…

Әуезовтану тарихындағы елеу­лі еңбектер шо­ғыры түзген ол­жалы қомақты нәтижелер ХХ ға­­сыр басындағы рухани мұраға тұ­тас, түбегейлі жол ашқан 1988 жылдан кейін М.Әуезовтің ұлан-ғайыр ұлтжанды еңбегін танып, игеру ісіндегі тың бағыттармен тоғысып жалғасып отыр­ғаны, Мұхтар Омарханұлының асыл ой қа­зынасын, тұлғалық тарихи тағылымын ке­шен­ді ғылыми тұтастықта, қағаберіс қалған­да­рын түгендеп, қайта зерделеп, толықтыра зерт­теуге ұластыру ісіндегі байырғы ұлттық құн­­дылық мүдде-мұратпен негізделе түскен жаңа зерттеу бағыттары – қазіргі әуезовтану өрісі.

М.Әуезов абайтанудағы ұзақ жолында Абай­дың өмірбаянын төрт қайтара өңдеп, өзгертіп, тү­зетіп жазды. Соны заман талап етті. Бұл тарихты Мекемтас Мырзахметұлы бар ауыр, ащы ақиқатымен тарқатып, таратып жазды.

Мұхтар Әуезовтің өз өмірбаянын тануымызда да дәл осындай ақтаңдақтар жатқанын аңлай бастағанымызға да отыз жылдың шамасы болып қалыпты. Ендігі уақыт, кейінгі кезеңдегі әуезов­танудағы толымды, мақсатты зерттеулер ғұла­маның ғұмырбаян кезеңдерін мейлінше толық тұтастықта ғылыми жүйеге түсіруге біршама оң мүмкіндіктер беріп отыр.

Мұхтар Әуезовтің ғұмыр кезеңдеріндегі елді өр­кениетке тартудағы өткір қойылымдар ұйым­дастырып, шешімін тапқан іс-шаралар, азаттық күрес бағытындағы азаматтық ұс­танымы, жал­пыадамзаттық ізгі мұраттар, ұлт­жандылық бол­мы­сы тұлғаланып тұрған зерттеу, пуб­лицис­тикалық еңбектері, оқу-ағарту са­ласындағы нақ­тылы нәтижелі бастамалары, т.б. тұтас күйде маз­мұндалып сараланған ғылыми-танымдық, Ме­кемтас Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов жә­не абайтану проблемалары» сынды еңбек­тердің жарық көруіне қазірде қа­жетті ғылыми алғышарттар жасалып отыр.

Ендігі замана көшіндегі рухани-танымдық бет­бұрыстар, баянды ұлттық қазына – Мұхтар Әуезов мұрасын игеріп, сіңірудің толыға түскен, ке­шенді зерттеулерімен жалғаса беретін мін­дет­терін айқындауда.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір