ОЙЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
23.09.2016
1211
0

afacdb0a401ccdf6b48551bbc00e8a74Омар ЖӘЛЕЛ,
филолог

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  «Дана ойлылар жазирада жайылып жүрген қарақұйрық­тар секілді. Кімде-кім оларға иелік етсе, сол ойлар оның иелігіне өтеді», – деген екен. Ал ойдың айтылмағаны жоқ.  Мәселе сол ойды кім қалай ұққанына, қабылдағанына  байланысты жүзеге асырылатынында.  Плагиат  бөлек әңгіменің арқауы.

Бұл қолы кір  адамдар­дың іс­тейтін тірлігі. Адам­дар­дың ма­қалаларын көші­ріп алу, бі­реудің материалын өз аты­нан басып шығару деген фак­тілерге келсек, ондай адам­дарды ақтауға болмайды. Ойға, сөзге ұр­лық жүр­мей­ді. Өйткені, ой ортақ, сөз ор­тақ. Бірақ пай­даланған ой­ды кімнен алға­нын айтып, сілтеме жасап отыру адам­ның мәде­ниетін, ішкі та­залығын білдіреді. Қа­зақ­та «Ұрлық­ түбі – қор­лық» деген сөз бар. Сол се­беп­тен, әркім өзіне де, өзге­ге де адал болса, осы ай­тыл­ған жағдайлар орын алмайды. Бір күндік пайда үшін, бір күндік атақ-даңқ үшін ардан аттаудың еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Сөз ұрлығы де­ген өте жаман әдет. Пай­ғам­барымыз (с.ғ.с.): «Егер кім­де-кім мен айтпа­ған сөзді айт­ты деп, менің сөзіме ұр­лық жасаса, оның орны то­зақ» деп бекер ес­керт­пе­ген. Сондықтан ой, сөз мә­се­­лесіне өте абай болға­­ны­мыз жөн. Егер адам­­дар өткір пікір айтуды үйренгісі келсе хәкімдерді көп оқығаны абзал. Сонда адамдардың пі­кірі қалып­тасады. Ой ой­лау үшін кітап оқуды әдетке айналдыруы керек. Конфуций айтқан екен: «Адам тек ой ойлап, оқымаса, онда ол адамның басын жояды» деп. Бірақ оқып, ой ойлама­саң, ол да ешқандай пайда бер­мейді деген пікірді де ес­кер­геніміз жөн. Қазақта «Ой­лай ойлай дана боласың, ойнай ойнай бала боласың» деген жақсы сөз бар. Яғни Ой­лау – ол ты­нымсыз ми ең­бегінің же­місі. Оның бел­гілі бір жүйе­лері бар. Терең ой­лы, дара, дана адам болу – өмір мек­те­бінен өтуді та­лап етеді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір