ЖАЗУШЫНЫҢ АНАСЫ
16.09.2016
1898
0

182060_2144555033___________________Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ

ДЕРЕКТІ ӘҢГІМЕ

 

– Бүкіл келіндерге өнеге болар бір оқиға есіме түскені, – деді Жол­сейіт аға жадырай, жұмсақ жымиып.

– Ол қандай оқиға? – дедім мен елеңдеп.

– Сен жазушы Бек Тоғысбаевты білуші ме едің?

– Иә, білем. Ол – Алматы облысы, Балқаш ауданының жігіті.

– Оның анасын да білетін шы­ғарсың?

– Білем. Күләнда апаны (Бау­кең­нің қайын енесі), Бауыржан ағаны, Жәмила жеңгейді, Бектің анасы Күлпаршын ананы, Бекті, оның келіншегін үйіме шақырып, қонақ еткенім бар. Бек алғаш: «Мен жаспын ғой, төрге өтіп, сізбен қа­тар отырғаным ұят», – деп төрге өтпеп еді:

– Сен – Жалайырсың. Біз Жалайырсыз той бастамаймыз. Сенің бәрімізден жолың үлкен. Бері, ме­нің жаныма келіп отыр, – деп Бау­кең оны қасына шақырып ал­ды. Сөз арасында:

– Алғаш Зейнолла Шүкіровті ешкім елемей: «Е, ол сауатсыз, үш-төрт-ақ сыныпты бітірген. Жазған­дары қарадүрсін», – деп жүргенде, сен, Бек қарағым, оның талантты ақын екенін «Лениншіл жас» газе­тіне алғаш дәлелдеп жазып, атағын шығардың, – деді Бауыржан аға Бекке риза көңілмен қарап. – Мұ­ның үлкен азаматтық. Сенің жақ­сы­лықты көре, жұртқа жария ете білген осы қасиетің жастарымызға ой салып, олардың іштарлықтан ау­лақ болуына ықпал етсе деп тілей­мін.

Совхозда туған соң, атыңды ата-анаң Совхозбек қойған екен, өсе келе Бек болыпсың. Енді менің қатар қоятын екі жазушым бар. Оның бірі – Александр Бек, екіншісі – Бек Тоғысбаев.

Елімізге осындай ұл, осындай жазушы сыйлаған сізге алғысым шексіз, – деп анасына ерекше құрмет көрсеткені де есімде.

– Е, біледі екенсің ғой, – деп Жолсейіт аға көңілдене сөйледі. – Бектің анасы бізбен бірге «Керім­а­ғаш» шипажайында демалды. Ол кісі Ұлтуар апаң екеумізге келін­шек кезіндегі тосын киліккен бір қатерден қалай аман қалғанын ай­тып берді. Өзі аққұба өңді, толық де­нелі, жасы сексеннен асса да, аса ажарлы, айбарлы кісі екен.

– Менің атым – Күлшара, – деп сөзін өзін таныстырудан бастады. – Күйеуімнің аты – Тоғысбай.

Бір тойда екеуі өлеңмен айтысып, бір-бірін ұнатып қалыпты. Күл­шараның әкесі «кедей-кепшік сенің теңің емес» деп, алғаш келісі­мін бермей, уақыт өте келе екеуінің бірі-бірінсіз өмір сүре алмайтынына көзі жеткен соң, той жасап, қы­зын Тоғысбайға ұзатыпты. Кейін ерлі-зайыпты екеуі Түріксіб темір­жолын салысуға қатысады.

– Орысша білмеуші едік, үй­рен­дік. Мен Түріксіб теміржолын­да бас аспазшы боп істедім. Мақ­тан­ғаным емес, дүниенің көзін тап­қыш едім. Қалдық нанды кепті­ріп сақтап, аштарға беретінмін. Жетім бала көрсем, қолынан жетектеп алып барып, теміржол мек­теп-интернатына өткізетінмін, – деп Күлшара ана шешілді.

– Теміржолда күйеуіңіз кім боп істеді?

– Күйеуім алғаш кіші десятник, кейін аға десятник болды. Жұ­мыс ауыр. Адамдар шаңнан кө­рін­бейді, зембілмен, қол арбамен, ат арбамен топырақ тасып, жол бойы­на төгіп, күні бойы бір тынбайды.

Еспе деген стансада тұрғаны­мыз­да Тұрар Рысқұлов, Ораз Жан­до­сов келіп, жиналыс өткізді. Жи­налыста Тұрар теміржол­шы­лар­ға тиісті қамқорлық жасалмай келе жатқанын сынға алып, Шу ау­дандық партия комитетінің бі­рінші хатшысы мен аудандық ат­қару комитетінің төрағасына қатаң ескерту жасады. Ол кісілер асханамыздан тамақтанып, әзірлеген тамағымызды мақтап, аттанды.

Біз Күлшара ананың сөзін бөл­мей, тырп етпей тыңдап отырмыз.

– Теміржолшылар палаткада тұрады. Біз киіз үйде тұрамыз. Та­мақ­ты темір пешке пісіреміз.

Жақын маңда атақты бай наға­шым Ұзақбайдың ауылы болатын. Ол кісінің екі әйелі де қонақ күт­кіш, сәнді, жақсы адамдар еді. Бие сауып, қымыз ашытатын. Сол жең­ге­леріме Шу аудандық партия ко­ми­тетінің бірінші хатшысы:

– Жиен қыздарың Күлшараға мен үйленем. Әйелдің ажарлысы ғана емес, ақылдысы да екен. Кү­йеуі – жай жұмысшы. Өзім оқы­тып, жақсы адам етем. Сендер Күл­­шараны маған көндіріңдер, – деп сөз салыпты. «Жиен қызыңды маған берсең, кәмпескеден құтқа­рам, бер­месең, кәмпескеге іліге­сің», – деп, нағашым Ұзақбай атам­ды қор­қытыпты. Ол аздай, Шу аудан­дық атқару комитетінің төрағасы:

– Әйелімді тастап, Күлшараны мен алып кетем, – деп шатақ шыға­рыпты. Маған бола әлгі екеуі араз­дасыпты. Жеңгелерім:

– Бірінші хатшы әлі үйлен­бе­ген. Сен оған келісіміңді бер, – деп мені азғыра бастады. Мен жеңге­лері­ме:

– Жұмысшы болса да, күйеуімді сүйемін. Маған күйеуімнен басқа ешкімнің керегі жоқ. Әуре болмасын, – деп ойымды ашық айттым.

Бір күні басым ауырып, төсек тартып жатып қалдым. Бірінші хат­шы машинасымен асханамызға келіп:

– Бас аспазшы қайда? – деп сұрапты. Көмекшім орыс әйел:

– Ауырып, үйіне кетті, – десе, күйеуіме: «Мені үйіңе алып бар» депті.

Ақкөңіл күйеуім, машинаға отырып, бірінші хатшыны қасын­дағы кісілерімен үйге ертіп келіп:

– Ішке еніңіз, қымыз ішіңіз, –  деп жатыр. Оның сөзіне мән бермей:

– Бас аспазшы қайда-ей! – деді бірінші хатшы бұйыра дауыстап.

– Еспенің суы жақпады ма? Басым ауырды деп төсек тартып жа­тыр, – деді Тоғысбай жылдам сөйлеп.

Бірінші хатшы:

– Жүр, денсаулығын байқайық, – деп киіз табалдырықтан аттады. Қасында дәрігері бар екен. Мен шы­бын-шіркейден қорынып, маса­хананың ішінде жатқам.

– Қалай ауырдың? – деп сұрау­дың орнына, дәрігерге:

– Мына кісіні машинаға салып алып жүр, – деді. Тоғысбайдың ойын­да түк жоқ. Мені киіндіре бас­тады. Оның ырқына көнгім кел­мей:

– Үйде жатып-ақ тәуір боп кетем, – деп қасарысып едім:

– Жоқ, дайын машинамен барып емдел, ертең әкеп салатын бол­ды, – деп, маған сенімі мықты Тоғысбай қоярда-қоймай киіндіріп, мені машинаға салды.

Былай шыққаннан кейін бірін­ші хатшы:

– Әйелім жоқ. Мәскеуде оқуда жүріп, үйленуге қолым тимеді. Оқымаған, қарапайым жан болсаң да, саған қол создым. Маған жар бол. Өзіңді сүт бетіндегі кілегей деп білдім. Жүрек сырым, көзіме көр­ген сәтте-ақ оттай басылдың. Аштарға, жетім балаларға жасаған жақсылығыңды да, жұртпен сөй­лес­кен мәнді сөзіңді де естідім, дайын­даған дәмді тамағыңды да іштім, әнді де мың құйқылжыта салады екенсің. Маған қалтқысыз сенім арт, өзім оқытып, сені үлкен лауазымды кісілер арасына қоса­мын. Өмір бойы алақаныма салып аялап өтемін. Күйеуің – жай жұ­мыс­­шы, сенің теңің емес, – деп өлердегі сөзін айтты. Мен жол бо­йы жеңгелерімнің оның бірінші хат­шы, мәртебесі биік екенін айт­қаны есіме түсіп, ішімнен: «Бұл бә­леден қалай құтылсам екен?» деп уайымдап, жылап келе жатырмын.

Жолай бір ауылға тоқтап, та­мақ­­танды, қымыз ішті. Мен дәм­нен ауыз тидім де қойдым. Бірінші хатшы көмекшісінің: «Аштықтан ауырып қаласыз, тамақтаныңыз», – деп бәйек болғанын елемедім.

Қайта жолға шықтық. Ол:

– Қайда барғың келеді, қарын­дас? – деді.

– Ұзақбай атамның үйіне бар­ғым келеді, – дедім тұншыға тіл қатып. Оның да көздегені сол үй екен. Шамасы, өзі күнібұрын жиен қызыңызды осында әкелем деп, нағашы атаммен келісіп қойған тәрізді. Жеңгелерім алдымыздан күлімдей шықты. Есікке жақындау тұста аузы кереқарыс бір нән ит жатыр екен. Бірінші хатшы:

– Ой, мына итті аулаққа апарып байлаңдар, – деді өң-түсі бұзы­лып.

– Бұл – залалсыз, ақылды ит, адам­ды қаппайды, – деді кіші жеңгем.

– Ақылдысын қайдам, тесіліп қарағаны өңменімнен өтіп барады. Аты қандай? – деп сұрады бірінші хатшы.

– Арыстан.

Ұзақбай атам:

– Арыстан, жат. Мына балаларды қауып алма, – деп оны бұқ­ты­рып, бізді он екі қанат ақ үйіне бас­тап жүрді.

– Жиен қыз келді, – деп көр­шілері бір-бірінен сүйінші сұрап, қуанып жатыр. Бұдан алты ай бұрын бұл ауылда Тоғысбай екеу­міз ән салып, Төребике деген нағашы әжемнің көңілін көтер­генбіз. Ол кісі аса қуанып, ақ батасын берген еді. Енді еркін сөйлесіп, ән салу орнына жылап отырмын. Менің жылағанымды көрген на­ға­шы атам Ұзақбай іргелес үйге еніп, екі әйеліне, келіндеріне:

– Егер Күлшара бірінші хат­шы­ның айтқанына көнбесе, ол бізді кәмпескелейді. Онда біз анық сорлаймыз, – дегенін, ол кісіге жең­ге­ле­рімнің: «Жиен қызыңыз көнбей­тін тәрізді», – деп айтқан сөздерін естіп қалдым.

Ет желініп, қымыз ішілді. Мез­гіл түн ортасынан ауды. Жең­гем­нің біреуінен арқан сұрап алып, есікті ешкім кіре алмастай етіп, мықтап байлап, бекіттім.

– Ең құрығанда, кейін көрерміз, асықпаңыз деп үміттендірген сың­ай танытып қойсаңшы. Енді біздің күніміз не болар екен? – деді үлкен жеңгем ауыр күрсініп.

Бір кезде біреу есік алдына кел­ді. Сол кезде Арыстан екі-үш жұлқынып, мойнынан байлаған қайыс бауын үзіп, «жаманды Құдай табады» дегендей, бірінші хат­шы­ның көмекшісін талай бастайды. Бірінші хатшы сасқанынан не істерін білмей, состиып тұрып қа­ла­ды. Оны қоримын деп көмек­шісі байғұс иттің астына түседі. Арыс­­тан жас жігітті аяғынан тістеп, жұлқып-жұлқып, лақтырып жібе­ре­ді. Қарауылда тұрған байғұс жеңгелерім:

– Ойбай, мына Арыстан жас жігітті өлтірді-ау, – деп арашалай бастайды. Ашулы ит оларға бой бер­мей, шыңғырып жатқан көмек­ші­нің аяғын шайнап тастайды. Менің денсаулығымды қараған дәрі­гер жаралы жігітті тездетіп ау­ру­ханаға алып кетеді. Бірінші хатшы Арыстанның аузына түсіп, жараланбағанына шүкір етіп, өз ба­сымен әуре боп, белдеуге сү­йе­ніп, ұзақ уақыт үнсіз тұрып қа­лады.

Мен үйде, төсектің үстінде жа­ғым­ды ұстап, дір-дір етіп қорқып отырмын. Ұйқы жоқ. Әлден уа­қытта:

– Қарындас, «кел демек бар, кет демек жоқ». Есікті ашқын, – деп бірінші хатшы жалынғандай тіл қатты. Бұған дейінгі өктем дауысы келмеске кеткендей.

Таң сыз бере бастады. Енді батылданайын дедім.

– Жеңгелеріме сөз келтірмейін. Есікті өзім байлап едім, өзім аша­йын, – деп арқанды ұзақ шеше алмағансыдым. Таң аппақ боп атты. Бірінші хатшы ішке енді. Жеңгелерім төрге көрпе төсеп, шынтағына жастық қойды. Түні­мен ұйықтамаған бірінші хатшы жастыққа жантайып, менімен сәл сөйлескеннен кейін қалғып кетті.

– Дәретханаға барамын, – деп жеңгелеріме ым қағып, тысқа шықтым. Теміржол стансасы қол созым жерде еді. Кіші жеңгем соңымнан ілеспек еді:

– Қазір қайтып келем. Ізімнен ергеніңіз ұят емес пе? – деп үйге қалдырып кетіп, стансаға қарай жан ұшыра жүгірдім. Паравоздың машинисі мені танып, тұсыма келгенде сүйреп келе жатқан жүк пойы­зын тоқтатып:

– Күлшара, қолыңды соз! – деді айқайлап. Қолымды созып едім, өзіне тартып алып:

– Жолаушы пойызын күтпей-ақ қой. Осы жүк пойызымен жүре бер.

Маған Тоғысбай: «Менің Күл­ша­рамды көріп қалсаң, ала кел», – деп тапсырған еді, – деді.

Бар сәнді киімімді киіп алғам. Кимесіме Тоғысбайым ерік берді ме? Неге екенін білмедім, пойыз Еспе стансасына тоқтамады. Мен секірмекші боп ыңғайландым.

– Қолымызбен қағып аламыз, секір! – деп орысы, қазағы бар жүз қаралы адам пойызбен қапталдаса жүгіріп келеді. Көзімді жұмып, ұштым. Көйлегім шегеге ілініп қалып, пойыз мені біраз жерге де­йін сүйреп барды. Көйлегім жыр­тыл­ғаннан кейін ғана шегеден босады. Үсті-басым қан-қан боп жатқан мені бір топ ит кеп талай жаздады. Теміржолшылар:

– Кет! Кет! – деп жүгіріп жетіп, арашалап алды. Пойыздан құлап, жаралы болғаным, иттердің талай жаздағаны ойымда жоқ, бірінші хатшыдан аман-есен құтылғаныма қуанып, көзімді біресе ашып, біресе жұмып жатырмын.

– Бір мал құдайы, ақсарбас! – деп Тоғысбайым жылап жүр. Біреу «үлкен қазанға суды ысытып, жуындыр», – десе, біреу: «Жуындырма, қаны тиылсын», – деп жатыр. Ақыры шешіндіріп, осымен кетсін бәлекет деп, дос-жарандарым киімдерімді өртеп жіберді. Отар стансасынан «Жедел жәрдем» дә­рігері кеп, ауруханаға алып кет­ті. Үш күннен соң, есімді жинадым.

– Құрыдың ғой сорлы. Енді Күлшараңнан айырылдың. Бармаймын десе де, қоймай киіндіріп, машинаға салып жібергенің қай сасқаның?» – деп құрдастары әзіл аралас шамына тигенде, Тоғыс­ба­йым­ның әлгілерге:

– Осыдан көріңдер де тұрыңдар, менің Күлшарам ешкімнің арбауына көнбейді. Оған өзіме сенгендей сенем, – деп дес бермегенін есті­генде, жүрегім жарыла қуандым.

– Машинист пойызды сіз түсе­тін стансада неге тоқтатпады? – деп едік:

– Ол ойға батып, ұмытып ке­тіпті, – деді Күлшара. Мен пойызға мініп кеткен соң, жеңгелерім өлдік, өлдік деп сұңқылдап жылапты. Үлкен жеңгем соңымнан жүгіре бер­генде аяғына ыстық шай тө­гі­ліп, ауыр күй кешіпті. Бірінші хат­шы оянып:

– Сендердің бостығың, – деп жеңге­лерімді кінәлапты. Намыс­тан­ғаны сондай, ашу-ызадан көз­дері қанталап кетіпті.

Бірер аптадан кейін жұмыс бабымен ол Еспеге келді. Келгені­мен күйеуімді сүйетініме көзі жетті білем, маған қайтып сөз айтпады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір