ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЗИРАСЫ – ОТЫРАРДА
16.09.2016
1312
0

11Таяуда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Риода өткен жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына күмістен олжа салған Жазира Жаппарқұл отырарлықтармен кездесті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Бәкірұлы сый­ға тарт­қан жол талғамайтын те­мір тұлпар­дың тізгінін өзі ұстаған Жа­зира Жаппар­құлды аудан ор­та­лы­ғына кіре берістегі «Домбыра-Қо­быз» композициясынан Отырар ау­данының әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихаттың хатшы­сы Мырзахан Манаповтар қарсы ал­ды.

Тау көтерген Толағайын аудан жас­тары Жастар сарайында би қойы­лымымен күтіп алды. Жас ақын Дәурен Полатбаев жыр шашу шаш­қан соң, қонақтар Жастар сарайында тағатсыздана күтіп отыр­ған отырарлықтардың ортасына ен­ді. Кездесуде сөз алған аудан әкі­мі Ерлан Айтаханов аудан тұр­ғын­дары және өз атынан құт­тық­тауын жеткізсе, Қазақстанның ха­­лық  ақыны Әселхан Қалыбекова жүл­дегер сіңлісіне арнаған «Қа­зақ­тың Жазирасы» атты өлеңін оқып, жүрекжарды, алғысқа толы тілегін айтып, «Сахарда тұрдым сені іздеп» деген кітабына қолтаңба жазып, табыстады.

Кездесу барысында олимпиада жүл­дегері аудан жастарымен емен-жар­қын әңгімелесіп, олардың тол­ған­дырған сауалдарына жауап бер­ді. Әңгіме арасында жергілікті өнер­паздардың өнерін тамашалады.

Кездесуді қорытындылаған ау­даны әкімі: «Ұлылар отанына қош кел­­дің! Киелі өңір, шұрайлы өлке – Оңтүстігімізді, егеменді еліміз Қа­­зақстанды әлемге танытып, ер­лік жасадың. Айналайын Жазира, спорт­тың да, өмірдің де биік бе­лес­те­рін бағындыра бер», – деген тіле­гін жет­­кізіп, Жазираға Түркияның Ан­­талия қаласына демалыс жолда­ма­сымен қатар, аудан тарихынан сыр шертетін «Ұлылар елі – Отырар», «Шәмші әлемі» кітаптарын оты­рарлықтардың атынан сыйға тартты.

Сондай-ақ, әкесі Әбдірахман Жап­парқұлұлы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, облыстық ауыр атле­ти­кадан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасө­с­пірім­дер­дің мамандандырылған спорт мек­тебінің директоры Андрей Ма­каров, аталған мектептің әдіскері Ай­жан Ермашоваларға естелікке сый ұсынылды.

Кездесу соңында Жазира Жаппарқұл отырар­лық­тармен ес­телік суретке түсті.

 

ЖАЗИРАСЫ ҚАЗАҚТЫҢ

Рио де Жанейроның аспаны,

Дүр қыздарды марапаттай бастады.

Жазиражан, бұл ерлігің өшпейді,

Тоныкөктің жазуындай тастағы.

 

Көз алдында барша әлемнің барша ұлттың,

Ақ тайлағым тау көтеріп, нар шықтың.

Рухтары жарқ-жұрқ етіп оянды,

Томиристің, Әлияның, Мәншүктің.

 

Дүниенің жүйріктері жаланған,

Секунд сайын рекордтар жаңарған.

Көкжал жүрек, мәрмәр білек қыз тапқан,

Айналайын Күлайхандай анаңнан.

 

Көп күттірген жеңіс еді бұл деген,

Самал есіп қоя берді іргеден.

Қолдарыңды көкке қарай жайғанда,

Құшағыңа сыйып кетті күллі әлем.

 

Ұлтын сүйіп, уызына жарыған,

Өр намысы көкірегін қарыған.

Алла шебер, асқақ айбын, бұла күш,

Жеті қыздың кенжесіне дарыған.

 

Зілтемірге күші керек білектің,

Сен шыққанда Олимп шыңы дүр етсін.

Аман сау жүр, Жазирасы қазақтың,

Отыз бапты Отырар да тілекшің.

Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА,
Қазақстанның халық ақыны.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір