ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДӘСТҮРЛІ МАХМҰД ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНДАҒЫ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
16.09.2016
1643
0

KasgarliBrosur14x20cmБайқаудың шарттары:

  1. Шығармалар жарияланған мекен-жайларға қол­мен, электронды пошта немесе пошта арқылы жі­беріледі.
  2. Жіберілген шығармалар мұның алдында ешбір конкурс­қа қатыспауға және кез келген басылымда жа­рық көрмеуге тиіс.
  3. Әңгіме еркін тақырыпта.
  4. Көп дегенде екі әңгімемен қатысу мүмкін кон­курс­та жiберiлетiн әңгімелердің әрқайсысы кем де­ген­де 1.000 (бiр мың) ең көп 10.000 (он мың) сөзден ас­­пау керек.
  5. Жарысқа жiберiлетiн әңгімелердің үстіне тек қана бүркеншік есімі жазылады; бүркеншік есімінен бас­қа автор кім екенін көрсететін кез келген белгі қойыл­ған жағдайда әңгімелер конкурстан шығары­лады.
  6. Автор аты-жөнін, мекен-жайын, өмірбаянын жә­не 1 дана фотосуретін басқа бір конвертке салып, үсті­не тек қана бүркеншік есімін жазады және оны әңгімемен бірге үлкен конвертке салып жібереді.
  7. Компьютерде 12 шрифтпен жазылатын әңгіме­лер 6 нұсқа болып жіберіледі. Сонымен бірге, орын ал­ған әңгімелер кітап болып шығатындықтан әңгі­мелер салынған конверттің ішіне ‘word’ форматында әзірленген файл CD-ге де жазып жiберiледi. (электронды пошта арқылы қатысуларда бұл шарт талап етілмейді).
  8. Конкурсқа қатысқан әңгімелер кері қайтарыл­май­ды және автор бұл туралы ешқандай құқыққа ие емес.
  9. Конкурста жүлде алған шығармалардың әр түрлі құ­қы Еуразия Жазушылар одағына тиесілі болып та­былады.

Халықаралық сыйақылар:

Бiрiншi орын –  15.000 түрік лирасы.

Екiншi орын – 10.000 түрік лирасы.

Үшінші орын –   7.500 түрік лирасы.

Ынталандыру сыйлығы – 2.500 түрік лирасы.

Халықаралық жүлдені салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2016 жылдың аяғында Алматы қаласында өте­ді.

Мекен-жайы: 050009. Алматы қаласы,
Абылай хан даңғылы, 105, 52-53 кабинет.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір