АУЫС-ТҮЙІС
16.09.2016
1238
0

ukimet-ujiӨткен аптаның соңында ел үкіметінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі қызметіне Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Премьер-Министрдің бірінші орын­басары міндеті Асқар Мәминге, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметтері Асқар Мырзахметовке жүктелді.  осыған дейін Қорғаныс ми­нистр­лігін басқарып келген Иманғали Тасмағамбетов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің тізгіні енді бұ­рынғы Қорғаныс ми­нис­трінің орын­басары, Қазақстан қару­лы күш­тері бас штабының басшысы, генерал-пол­ковник Сәкен Жасұзақов­­тың қо­лы­на өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ша­ралар туралы» Жарлыққа қол қоя оты­рып, жаңа құрылған Дін істері жә­не азаматтық қоғам министрлігіне же­текшілік етуді Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа тапсырды. Бұған дейін Қа­зақстанның Әділет министрі қыз­ме­тін атқарып келген Берік Имашев Ор­талық сайлау комиссиясының Тө­р­а­ғасы қызме­тіне ауысты. Мемлекет бас­шысының жарлығымен Әділет ми­нистрі болып осыған дейін ҚР Прези­ден­тінің Әкімшілігі Басшысының орын­басары қызметін атқарғанМарат Бекетаев тағайындалды. Талғат До­нақов­қа ҚР Президент Әкімшілігі бас­шысының орынбасары қызметі жүк­телді. Ал бұған дейін ҚР Премьер-Ми­нистрінің орынбасары болып кел­ген Дариға Назарбаева Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының де­путаты болып тағайындалды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір