МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ G20 САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
09.09.2016
1102
0

elbasy3-735x400Жуырда Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында  «Жиырма ел» (G20) саммитінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Әлемдік  экономиканың жартысын құрайтын мемлекеттердің басшылары бас қосқан  жиынға   ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг  барысында: «Мұнда жаһан­дық экономика мен саясаттың сал­мақ­ты мәселелері талқыла­нып, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде, қауіп­сіз­дікке қа­тысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзір­лен­ді. Бірінші сессияда сөз сөйлеген кезде мен осы барлық мәселелер жөніндегі Қазақстанның көзқа­расын ұсындым. Саммиттегі пікірсайыс барысында ғаламның тынысын сезініп, әлемнің дамы­ған және дамушы елдерін алаң­датқан проблемаларын ұғынасың. Қазақстан­ға да осында  көтерілген мәселе­лерді ескеріп, онымен алдын ала айналысуы керек», – деді.

Аталмыш Саммит аясында  Елбасы АҚШ Президенті Барак Обамамен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен, Еуропалық комиссия
төр­­а­ғасы Жан-Клод Юнкермен, «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы Джеком Мамен, Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдомен, Түркия Пре­зиденті Режеп Тайып Ердо­ған­мен және Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен, Ресей Фе­дерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Пре­зи­денті  Ф.Олландпен,  Германия­ның федералды канцлері А.Мер­кельмен, Корея Респуб­лика­сының  Президенті  Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Респуб­лика­сының Президенті Д.Зумомен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Сал­мен, сондай-ақ,  Аргентина Президенті  М.Макримен, Испания Премьер-Министрі М.Рахой, Италия Пре­мьер-Министрі М.Ренцин, Үн­діс­тан Премьер-Министрі Н.Мо­­д­илармен  түрлі мәселелерге қатысты пікір
алмасты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір