БАҚЫТ ЖОЛЫ – РУХАНИЯТ ЖОЛЫ
09.09.2016
2001
7

ajqm6qsmxpoШәкәрім – рухани жетілудің жоғары деңгейіне көтеріле алды. Қажы өзінің шығармаларында әлемнің терең сырларына қатты көңіл бөліп, оның түпкі мәнін көруге ұмтылып отырған.
Діндер, не болмаса рухани жетілу жолындағы басқа да түрлі әдістер өзіне мойынсұнған жұртты бір жолға бағыттайтыны белгілі. Әуелгі кездерде, мұндай бір жолмен ауытқымай жүру адамды тәртіпке бағындырып, оның рухани жетілуін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бірақ өз жолын ғана дәріптеп, басқа жолдарды мойындамай, өзіне берілген адамның көңілін бір бағытта ұстауды керек қылатын мұндай әдіс тек қана рухани жетілудің төменгі дәрежесіне ғана тиімді.

Ал адам белгілі бір рухани деңгейге көте­ріл­геннен кейін бұл шектеу адамның аяғына тұсау болып, оның әрі қарайғы жетілуін тежей бастайды. Себебі, бұл да адам еркін шектеу болып, түбінде діни фанатизмге, схоластикалық тұжырым­дарға әкеліп тірейді. Сондықтан Шәкәрім, Абай, Л.Н.Толстой тәрізді еркін ойдың ие­лері діни ой-өрістің шеңберінде қалып қоймай, ойын кеңге салып отырған. Сол үшін оларды дін қызметкерлері шет қағып, сынға алғаны белгілі. Шәкәрім материал­дық философияның шеңберінде де қалып қоймаған. Материалдық философия – әлем көріністерін жаратушымен бай­ланыс­тырмай, керісінше, кейде одан бөліп қарастырады. Шәкәрім схоластикалық діни көзқарасты да, арнасы тар  филосо­фия­лық түсініктерді де ашық сынай отырып, өз жолымен жүреді. Ол дін мен философияны бір-бірінен бөлмей, екеуін бірік­ті­ріп пікірлейді. Оның жолы – өзінің ойына ерік беріп, оны жүрек сынынан өткізе отырып болмыс сырларын түсіну. Бұл ой­лар­ды ақынның өзі былай деп жеткізеді:

Арақ – ақыл, мастық – ой, жар – Хақиқат,

Жан – нәпсі, шатақ – иман, дін – қиянат.

Маскүнем, әйелсүйгіш, дінсіз ғой деп,

Сырым білмей сыртымнан қылма ғайбат.

Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,

Дәлелсізге нанам деп болмаймын мат.

Бастағы көз, құлаққа сенімім жоқ,

Терең ой мен ақылға айтамын дат.

Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,

Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат.

Шатақ дінге, әдетке, не білгішке

Ноқталатпай ойымды қылам азат.

«Ақылға билетпеген пенде айуан»

Десем де бола қоймас сөзім ағат.

Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,

Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат.

Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан

Құраннан табылады талай аят.

Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,

Бұзғанмен құран болмас адасқан хат.

(«Арақ, мастық, жар, жан, шатақ, иманның шешуі»).

Осылай ұлы ойшыл өзінің еркін еш­кім­ге билетпей, құлашын кеңге сермеп, ой-өрісін дамыта білген. Сол себептен ойшыл шығармаларында неше түрлі тың, философтарды да, діни білгіштерді де таң қалдырып, дауға түскенді мұрттай түсіре­тін­дей оғаш ойлар мен тұжырымдар кез­десіп отырады. Және ең бір керекті жері – оның айтқан ойы қандай оғаш болып көрінсе де, ол ой қасиетті Құранға ешуа­қыт­та қайшы келмейді. Ерлік мінез бен ой еркіндігі, әрине, «Құранның шын мағы­на­сын шатақ ұғып, Молдалар маған қой­мақ кәпір деп ат» деп ақынның өзі мойын­дағанындай, кезінде ұлы ойшылға көп­теген қиындықтар тудырды. Бірақ өз ойының әділдігін жақсы білетін Шәкәрім ешкімге де мойын бұрмады, ешкімге де ерік бермеді. Барлық ақиқатты тура жазып, барлық шындықты тура ашып отырды. Сондықтан Шәкәрім қажының жазғандарынан қарапайым адамға тосын көрінетін ойларды, тіпті түсініксіз тұжырымдарды кездестіруімізге болады. Бірақ соның барлығын адал көңілмен, ой тереңіне салып қарайтын болсақ, барлығы да адамзаттың ұлы адамдары айтып кеткен болмыс шындығы, қасиетті жазбалармен жақсы үндесетін, бірақ әлі бізге кездеспеген дүниелер екеніне көзіміз жетеді. Се­бе­бі, Шәкәрім өзінің ой тұжырымдарын жү­рек түбінен алып, таза ақылға салып жә­не Құран тәрізді адамзатқа берілген қасиетті жазбалармен салыстырып, тек­се­ріп отырған. Бұл Шәкәрімнің сана-сезімін ұштай түсіп, философиялық ой-өрістің шыңына көтерген. Сондықтан оның сөз­де­рінде қателік болмайды. Оның даныш­пан­дығы да, әулиелігі де оның сана-сезімі­нің жоғарылығында, сөздерінің ха­қи­­­қат­тығында жатыр.

Кеңес дәуіріндегі атеистік философия тек қана заттық әлемді ғана мойын­да­ғандықтан, олардың назарынан рухани болмыс тыс қалды. Сондықтан олардың берген білімі толық емес, жартылай еді. Ал кеңес дәуіріндегілерден бұрынғы дін жолындағы ойшылдар рухани болмысты мойындағанымен, оны материалдық болмыспен байланыстырмады.

Ал Шәкәрім берген білімнің олардан ерекшелігі – материалдық болмыс пен рухани болмысты бірдей қамтитын толық білім. Ол заттық әлем заңдылықтарын, табиғи өмір көріністерін саралай отырып, рухани болмыспен байланыстырады. Осылайша ол қазақ философиясында алғаш рет осы екі дүниені – рухани және заттық дүниені біріктіруге ұмтылып, олардың арасында қайшылықтың жоқ екенін, кері­сін­ше олар бір-бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдеуге тырысты, дәлелдеді де. Ойшылдың бергені толық білім екеніне «Қасыңа қылыш қайратқан», «Жан беріп, жарық жылы нұрдан», «Басында жан мен дене екі басқа», «Мен адамның таппаймын өнерлісін», «Тауық неге шақырар сағат сайын» және осы тәрізді басқа да көптеген өлеңдерін сараласақ, оған көзіміз жетеді. Ол таза материалист философ та болған емес. Қазіргі заманда оны діни адамдар діндар деп есептесе, ал философтар оны өз қатарына жатқызады. Оны тіпті таза материалист қатарына жатқызғандар да болды (Қарабалина Орынша. Журнал «Қазақ тарихы», №6, 1998 ж.). Ал шын мәнінде Шә­кәрім қажының дүниетанымы рух пен тәннің, дін мен философияның синтезі, болмыстың екі бөлігін біріктірген жаңа деңгейді – руханилық, руханият деңгейін көрсетеді.

Руханилық, руханият деңгейі мен діни деңгейдің айырмасы үлкен. Оларды шатас­тырмай, бір-бірінен айыра білуіміз керек. Қазіргі замандағы «дін» түсінігі ру­хани болмыстың сыртқы сипатын – ғи­ба­дат түрлері мен діни қағидаларды ғана  береді. Ал руханилық түсінікті алатын болсақ, ол діннің сыртқы көрінісін ғана емес, оның ішкі мәнін де қамтиды. Діннің ішкі мә­ніне иман мен руханилық жатады. Бұлар діни жолдың барлығына ортақ. Шәкәрім «мән» деген түсінікті болмыстың қайнар көзімен, яғни Алла тағаламен байланыстырады. Ал дін деп бүгінгі түсінік бойынша қабылданып жүрген діни рәсімдер – діннің сыртқы мәні ғана. Діннің сыртқы көрінісін Абай діннің ішкі мәнін сақтай­тын қабыршағы ретінде ғана қарастырады. Бұл туралы Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен және Шәкәрімнің дін туралы жазғандарынан анық көре аламыз.

Руханият Жаратушы, жан иелері, табиғат, әрекет және уақытты қамтиды. Абсолюттік Ақиқат дегеніміз осы. Бұл арабтың Хақиқат деген сөзімен сәйкес. Шәкәрім сонымен бірге, Жаратушыға деген сенімнің маңызын, адам өмірінің түпкі мақсатын көрсетеді. Қазіргі кезде Ресейде және Қазақстанда мектеп қабырғасында «дінтану» сабағын енгізуге талпыныс бар. Бірақ әуелі діннің сыртқы және ішкі мәнін дұрыс түсініп алмай, бұл пәнді оқушылардың санасына дұрыс енгізу мүмкін емес. Көптеген діни кон­фес­сиялық елде бұл мәселе өте маңызды. Адамдардың діни сеніміне нұқсан келтірмей, келешектегі ел тыныштығын сақтау үшін мектеп қабырғасында діни сабақ емес, руханият берілу керек. Діннің ішкі мәнін түсінген рухани білімі бар әрбір адам өз дінін дұрыс ұстанып, оны дұрыс түсіне алады. Мемлекеттің мақсаты барлық діни конфессияларға ортақ болып табылатын діннің ішкі мағынасын беруі керек, себебі оның сыртқы мағынасын, яғни рәсімдер мен  діни қағидаларын үйрететін  әрбір діннің өз оқу орындары бар. Сол кезде мектеп бітірген шәкірт барлық діндердің ортақ құндылықтарын түсініп, сонымен бірге, олардың арасын­дағы өз дінінің орнын, басқалардан ерекшеліктерін дұрыс түсіне алады. Елі­міздегі қалыптасқан философияға келе­тін болсақ, ол қазіргі кезде материал­дық әлемді ғана қарастырады. Сондықтан дін тәрізді ол да руханиятқа жатпайды, толық білім бола алмайды. Мұндай біржақты материалистік философиямен Шәкәрім дүниетанымын түсіну мүмкін емес. Шәкә­рім заттық әлемді зерттейтін ғылымдарды пән деп атайды. Дін мен философия руханияттың бөліктері, ал руханият бәрін біріктіруші. Өкінішке қарай, қазіргі заманда руханият болмаған жерде діни соқыр сенім адамдардың арасына жік салатынын көрсетіп отыр. Ал философия (атеистік) болмыс көріністерін олардың негізгі себебінен, яғни Жаратушыдан бөліп қарастырғандықтан адамдарды Одан бөліп тастап, кейде тіпті Оған қарсы қойып, олардың толық білім алуына кедергі жасайды. Дін мен ғылымның (Шә­кәрімше – пәннің) осындай келіспеушілігі бүкіл адамзат қоғамындағы жойқын қақ­тығыстар мен түрлі зардаптардың қайнар көзі. Сондықтан біздің заманымызда дін мен ғылымның бір-бірімен өзара келісімге келуі адамзат өркениеті үшін өлім мен өмір мәселесін шешеді деуге болады. Бұл артық айтылған сөз емес. Табиғаттың бізге мә­лім­сіз құбылыстарын көріп, оның сырын таба алмағанда біз оны тылсым дүниеге жатқызамыз. Табиғат сырын толық түсін­бегенде тылсым пайда болады. Шәкәрім өзінің «Үш анық» шығармасында әлемде адамдардан да артық жан иелері барын, олардың көзге көрінбегенімен ойларының, қадір-қасиеттерінің бізден артықтығын, өмір туралы түсініктерінің озықтығын көптеген дәлелдермен көрсетіп берді.  Көкірек көзі ашылып, рухани сәуле түскен сайын адамға болмыстың терең сырлары ашыла түседі. Абай атамыз айт­қан­дай, сол кезде «Адамның хикмет кеудесі». Бұл – жетілудің нәтижесі. Адам баласы өзінің жетілу дәрежесін осылай сезе алады. Психолгоия ғылымын алатын болсақ, ол физикалық ғылымдардан мүлде артта қалды. Психология ғылымының табиғи мақсаты – жан мен рухты зерттеу. Бұл ғылымның атауының өзі «жан» деген ұғымды білдіретін гректің «психо» деген сөзінен шыққан. Солай бола тұрса да психология «жан жоқ», не болмаса, жан тәннің физиологиялық құбылысы деп есептейді. Рухани тұрғыдан алғанда, осындай өрескел көріністерді данышпан қатты сынға алады. Заттық  ғылымның көп жаңалық ашып, көп жетілгенімен, жанды білу деңгейі жоғарылады ма? Өкінішке қарай, өзінің жеткен жетістіктеріне қарамастан, ғы­лым­ның жанды білу дәрежесі әлі өте төмен. Ғылым  бүкіл  табиғаттың алғашқы шыққан көзі  рухани болмыс екенін әлі де мойын­да­ғысы келмейді, кейде тіпті жанды жоққа шығарады. Рухани болмыс туралы өзінің ойларының ақиқаттығына толық көзі жеткен ойшыл ақын «Жан тән жасар, тән жанды жарата алмас» деген қағидаға қарсы материалистерді  ашық  сайысқа шақы­рады. Адамзат қоғамында бейбіт өмір мен бақыт жолы біреу ғана. Ол – руханият жолы. Руханият діннің ішкі мәнін бергендіктен, ол барлық халықтарға, діндерге ортақ дүние. Ол адамдарды нәсіл, ұлт, не  болмаса  діни  тұрғыдан  жіктемейді, керісінше, олардың  барлығын  біріктіретін күш.

Досым ОМАРОВ,
профессор,
теолог-философ, шәкәрімтанушы.

ПІКІРЛЕР7
Аноним 07.01.2020 | 22:03

wonderful experience about white magic master.He is a powerful wizard of magic from India. He helped me pass the love spell that returned my lover in 48 hours, just as he promised to be a man of his words and I believe in him so much and I directed many of his friends towards him and they always get the good result they are looking for if you need his help contact this powerful spell caller called DR ODION contact him via his email (wightmagicmaster@gmail.com

Аноним 07.01.2020 | 22:04

Potpuno sam izgubio nadu da ću imati dijete nakon 10 godina braka, odbili su me supruga majka i sestre jer mužu ne mogu dati dijete, sve dok nisam upoznala moju prekrasnu prijateljicu i ona mi je rekla kako je skoro izgubila udaje prije nego što je upoznala vrlo dobrog muškarca koji joj je pomogao u trudnoći, i ona me je povezala s njim, najprije sam se jako bojala, ali zbog prijatelja sam mu sve objasnila, a on me moli da se ne brinem može li što učiniti, I nastavim s njim nakon što je učinio sve, otišao sam u bolnicu i bio sam zaista trudan, ali sada imam 2 prekrasne bebe također trudne, stvarno odlazim sretno sa svojom obitelji samo uz pomoć wightmagicmastera, kontaktirajte ga na e-mail wightmagicmaster@gmail.com

Аноним 07.01.2020 | 22:04

Svjedočanstvo o tome kako sam dobio 2 djeteta, tražio sam dijete 10 godina, nakon braka, stvarno sam izgubio nadu sa svojom ženom, jer sam pokušao svim sredstvima da dobijem dijete, ja i moja supruga bili smo potpuno beznadežni, den ja vidio sam post majstora wight magije den sam rekao neka isprobam, kontaktirao sam ga i on mi je rekao stvari i pitao me o stvarima koje ću raditi, nakon što sam to učinio, moja supruga je trudna, moja žena je rodila 2 prekrasne djece , evo moja supruga ima drugu trudnoću, a sve zahvaljujući majstoru wight magije, kontaktirajte ga ako tražite dobar posao ili dobar brak, a ako tražite dijete ili neki duhovni problem, on može učiniti čuda, (wightmagicmaster @ gmail.com)

Аноним 07.01.2020 | 22:05

So glad to share this fantastic testimony of mine. My life changed completely in 48 hours. I can see myself in the mirror and smile. For the first time in years, I have confidence in myself and my abilities. I have my boyfriend in my life with the help of Dr. Isikol. He said sorry 48 hours after the spell was created. He said he realized that he never wanted to break up, he couldn’t handle the emotional baggage I kept carrying. He said he thought it was a negative impact on my life and that it was best to leave. He said it’s hard to talk about the past all the time.We both forgave each other. I have money in my pocket that is finally mine.(My check fee came through me, I was told a few months had passed. I am living proof of what Dr. Isikolo can do. I never thought a spell could help a couple before I am very pleased to have contacted you and triggered everything that happened. wightmagicmaster@gmail.com

Аноним 07.01.2020 | 22:06

My boyfriend parted ways with me 2 months ago because he felt I was cheating on him with a male friend, I tried everything I could explain to him but he paid deaf ears, I was emotionally devastated because I really loved him while I was online saw a post about white magic master helping people recover their lost lover, at first I doubted if it was real because I never believed in such things but decided to try it, I contacted him and he told me what to do and I did it then he did a love spell for me The process of reunification of a lover is very simple and he acts selflessly on people in the same way that he renewed my relationship within 48 hours and my boyfriend called me and pray make up with me if you need help repairing your relationship or marriage problems. Here’s his contact, wightmagicmaster@gmail.com

Аноним 07.01.2020 | 22:07

Želim zahvaliti majstoru mudrosti na tome kako mi pomaže vratiti svoj brak koji je bio potpuno izgubljen. Bio sam potpuno beznadan kad sam izgubio brak. Nisam više mogao raditi, nisam mogao ništa, samo sam bio usamljen, den, upoznao sam svog dobrog prijatelja koji mi je pričao o tome kako se on vraća u brak, pa me povezao s e-poštom nakon obrade s majstorom Dobio sam svoj brak i sada živim sretno i radosno.
Imate li izgubljeni brak ili vam je potreban financijski poticaj ili pomoć. Trebate li i čarobni prsten ili imate nekih duhovnih problema, obratite se magiji wight-a za koju je sposoban bilo što, e-mailom (Wightmagicmaster@gmail.com)

Аноним 07.01.2020 | 22:08

Tako mi je drago dijeliti ovo moje fantastično svjedočanstvo. Život mi se potpuno promijenio u 48 sati. Mogu se vidjeti u ogledalu i nasmiješiti se. Prvi put nakon godina imam povjerenja u sebe i svoje sposobnosti. U životu imam svog dečka uz pomoć doktora Isikola. Rekao je da mu je žao 48 sati nakon što je čarolija stvorena. Rekao je da je shvatio da se nikada nije želio raskinuti, nije se mogao nositi s emocionalnom prtljagom koju sam stalno nosio. Rekao je da misli da to negativno utječe na moj život i da je najbolje otići. Rekao je da je teško stalno govoriti o prošlosti. Oboje smo se oprostili jedno drugom. Imam novac u džepu koji je napokon moj. (Provizija za ček prošla je kroz mene, rečeno mi je da je prošlo nekoliko mjeseci. Ja sam živi dokaz što dr. Isikolo može učiniti. Nikad nisam pomislila da bi čarolija mogla pomoći prije par Jako sam zadovoljan što sam kontaktirao s vama i pokrenuo sve što se dogodilo. Wightmagicmaster@gmail.com

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір