БАЛАЛЫҚТАН – ДАНАЛЫҚҚА
02.09.2016
2861
1

бексултан нуржекеулиБіздің «Білім күні» деген мейрамымыз өте қасиетті, ерекше мереке. Біз сияқты өте аз халыққа, отаршыл­дықтың, теңсіздіктің зардабын шеккен, қорлығын көрген халыққа – білім ауадай қажет.

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ,
жазушы

Ал білімді ұрпақ, тіпті қажет. Адам­ның саны да көбейіп, сапасы да артуы керек. Мектепте оқитын ба­ла он жылдықты балалықтың бір түрі деп қарамай, ертеңгі да­на­лық­қа баратын жол деп қабыл­да­ға­ны дұрыс. Ал қазір адамдар білім­ді болған сайын қулық-сұм­дық­тың бар екенін, саясаттың бар екенін, біреуді менсіну-менсінбеу бар екенін біледі. Заман күрде­лен­ген сайын адамның табиғаты да кү­зеле бастайды. Сондықтан бұ­рын­ғы ата-анадан гөрі, бүгінгі ата-ананың қаупі де, күдігі де көп. Үмі­ті де бар. Бұрын ата-ана баласын мектепке бергенде ертең бі­лім­ді азамат болып шығады деп зор сеніммен беретін. Ал қазіргі кезде сол сенімнің орнына күмән пай­да болды. Ата-ана ертең балам­ның болашағы қандай болады деп алаңдаумен жүреді. Әзірге осы мә­селенің шешуі жұмбақ болып тұр. Б­ала мектепке барғаннан кейін бі­­лім алу арқылы өзінің Құдай бер­­ген табиғатын ашуы керек. Бір ма­мандықтың болмаса бір ғы­лым­ның саласын жете меңгергені жөн. Бү­кіл әлемдегі ғылым-білімнің бә­рін білетін адам болмайды. Бі­рақ өзі бір саланы жақсы білсе, сол салаға бал­ға ұмтылған ара құсап жабыса бе­реді. Ал әр нәрсенің басын бір шал­ған адамға ешбір білім қон­байды. Өйт­кені, оның қонатын дің­гегі, діңі жоқ. Сон­дықтан бала мек­теп­ке барғанда ең бірінші өзі­нің ана тілін жақсы меңгергені аб­зал. Ана тілінің төңірегінде бас­қа тіл са­лыс­тырмалы түрде тез үй­ре­тіледі. Қазіргі интернетті қу­ған балалар ақпаратты көп алады. Оны білім деп айтуға келмейді. Білім деген жүйелі болады. Оның әр деңгейі жә­не нәтижесі болады. Бала тарих­ты жақсы білсе, өзінің мерейі үс­тем болады. Ал бұрын біз бала мек­тепке барды бітті, данышпан болады деп ойлайтынбыз. Ол кезде солай да сияқты еді. Өйткені, ол уақытта қазіргідей білім жоқ еді. Ал бүгінде білімнің саласы да, мүмкіндігі де өте көп. Сондықтан адам бір мамандықты, бір қабілетті жете меңгерген болуы қажет. Сонда біздің мемлекетіміз өркендейді. Өз ісінің шебері көбейеді. Мен бүгінгі білім күнінде мектеп есігін ашып, білім ордасының табал­ды­рығын аттаған шөберелеріме, не­ме­релеріме, қазақтың ұрпағына бі­лім­нің шыңына жетуді тілей­мін.

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 18.02.2020 | 21:58

Мен мына жазғанға түкте келіспеймін Себебі бұл дұрыс жазылмаған туралы түсінік беру жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін қолданылады керек пе деп

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір