100 ДОМБЫРАШЫ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙІН ОРЫНДАДЫ
02.09.2016
1245
0

100 дом (3)Қызылжардағы «Абылайханның ордасы» музей кешені алдындағы алаңда ҚР Конституция күніне алғаш рет «Домбыра-fest» фестивалі өтті. Солтүстік Қазақстан облысының әр өңірінен келген 100-ге тарта домбырашылардың басын қосқан, халық шығармашылығын насихаттауға арналған шараны белгілі домбырашы Серікбай Құсайынов ашты. 

Фестивальда кәсіби музы­кант­­тармен қатар, жас таланттар да өз өнерлерін паш етті. Петропавл қаласы өнер колледжінің оқу­шысы Дарина Нұралина домбырада ойнаумен алты жасынан бастап айналысып келеді. Ол от­ба­сындағы осы музыкалық ас­пап­ты игерген жалғыз өнерпаз кө­рінеді.

«Осында өзімнің өнерімді көр­сетейін, домбыра құлағында ой­найтын шеберлерден тәжірибе алайын деп келдім», – деді Дарина Нұралина.

«Домбыра-fest» музыкалық фес­тивалі Құрманғазының «Бал­бырауын» күйімен аяқ­тал­ды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір