АРНАЙЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
26.08.2016
1250
0

photo_61651 (1)Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары аясында Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) он және одан да көп Олимпиада ойындарына барып, төртжылдық додаларды насихаттауда сүбелі еңбек сіңірген бірқатар елдердің спорт тілшілерін марапаттады. Солардың қатарында қандасымыз, 10 Олимпиаданың куәгері, атақты Сейдахмет Бердіқұловтың төл шәкірті, Спорт журналисі, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Несіп Жүнісбаев та болды.

Әлем спорт журналистерінің бұл салтанатына аттары аңызға айналған спортшылар шақырылыпты. Олар – Олимпиада ойындарының 400 метрге жү­гі­ру­ден 5 дүркін чемпионы, әлемнің бірнеше дүркін рекорд­шысы, америкалық аңыз желаяқ Майкл Джонсон, Бразилия футболының аңыз ойыншысы, команда капитаны, әлем чемпионы Кафу, оңтүстік африка­лық гольф шебері Гарри Плайер, ұлыбританиялық даңқты велотрекші Виктория Пендлетон, сонымен қатар, қысқы Олимпиадаларда Монаконың туын үш рет  ұстап шыққан Монаконың принці Альберт II және өзгелер бар. Жиынға мұндай атақты адамдардың шақырылуы салтанатты кештің маңызын ерекше көтерді.

Марапаттау рәсімінен кейін Несіп Жүнісбаев: «Бұл спорт журналистеріне деген үлкен құрмет! Халықаралық спорт журналистеріқауымдастығы (AIPS) осымен екінші рет тілшілерді осындай ірі марапатпен қуантып жатыр. Біріншісі Лондон Олимпиа­дасын­да өткен. Екінші рет, міне, өздеріңіз көріп отыр­ған­дай, Рио-де-Жанейро қаласында, тағы да Олимпиада аясында ұйымдастырылып жатыр. Бұл Олимпиада да жеңімпаз спортшыларды қалай құрметтесе, спорт тілшілерін де солай құрметтеумен тең», – деп ризашылығын білдірді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір