«АТАМҰРАНЫҢ» АЛМАТЫДАҒЫ 3-ШІ КІТАП ҮЙІ…
26.08.2016
1290
0

китаптын ашылуыТаяуда «Атамұра» корпорациясының Алматы шаһарындағы 3-ші кітап үйі ашылды. Су жаңа кітап үйі Сейфуллин – Молдағалиев көшелерінің қиылысында орын тепкен.

Осы орайда, белді бас­па еліміздің барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында 50-ден астам кітап үйі бар екен­дігін айта кеткен жөн. Алып корпорация Ұлы Абайдың қазақ, орыс ті­лінде қатар шыққан «Қара сөзі», «Атамұра кітап­ханасы», «Менің тұң­­ғыш кітабым», «Мектеп энциклопедиясы», «Қазақ есімдері», «Қазақы дастарқан», «Қазақ тазысы», «Қазақстан тарихы», «Қазақтың әндері», «Ою-өрнектер» секілді баспа өнімдерімен қатар, сан түрлі жанр­дағы кітаптарды басып шығару ісін мықтап жолға қойған-ды. Қазақ  руханиятына елеу­лі үлес қосып келе жатқан баспаға сәттілік тілейміз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір