ҚАЛА МЕН АУЫЛ АРАСЫ, АУЫЛ МЕН ҚАЛА БАЛАСЫ…
21.08.2016
17662
4

shkolnaya-forma1Білім  стандарттары  біркелкі болғанмен, орта білім алу жолында қала оқушыларына жасалған мүмкіндік ауыл баласында бар деп айта алмаймыз.  Австралия мемлекетіндегідей ранчода тұрып-ақ білім ала беретіндей қашықтықтан оқу әдісі де дами қойған жоқ.

Ауыл баласы мен қала баласына ортақ құндылық – білім десек, аталған проблеманы шешуге қаншалықты күш салып жүрміз? Кеңес Одағы тұсында ауыл мен қала баласының біліміндегі алшақтық аса байқалмайтын. Оның сырын мамандар анығырақ білер… Қазіргі билік өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер арасында кешегі жүйемен білім алғандар көп. Десе де, ұлттық мүддеге қатысты мәселе туа қалса, мемлекеттік қызметкерлер арасынан ашық пікір білдіретіндердің көбі ауыл мектебінен білім алғандар. Осы орайда бүгінгі білім жүйесінің ұлттық тәрбие берудегі қауқары қандай деген сауал туындайды.

БАЛА БІЛІМІН ҚАЛАЙ БАҒАЛАП ЖҮРМІЗ?

Оқушы атанған ауыл баласының өмірі «Алпамыс мектепке барады», «Менің атым Қожа» фильмдері арқылы халыққа жақсы таныс. «Алпамыс мектепке барады» фильмінің қанша баланы мектепке ынталандырғаны беймәлім. Десе де, бүтін бір ұрпақ осы фильм арқылы әріп тануға құштар болғаны анық. Адамзаттың білім арқылы жеткізген әр жетістігі, оны ізгілік пен жақсылыққа үндеуі тиіс деген үдеден осы фильм толық шыға білді десек, артық болмас. Осы фильмдегідей құштарлық бүгінгі бала бойынан аса байқалмайды. Білім беруде бұрнағы жылдармен салыстырғанда, әдістемелік құралдар өте көп, методика әлдеқайда жетілді,  алайда, оқушылардың білімге  құштарлығы аз,  ізденуге, үйренуге селқос. Ауылдан келген балалардың ЖОО орындарына тапсыруына, қалаға бейімделуіне қазір көп жағдай жасалған, оқу орындарының барлығы мамандарды қазақ тілінде даярлайды. Мәселе олар алған білімінің сапасына қатысты туындайтындай.  Шалғай ауылдан үздік баға алып келген оқушының шын бағасы мұнда «5»-ке тартпай жататыны бар. Өйткені, білім стандарттары бірдей болғанмен, мұғалім оқушының білімін салыстырмалы бағалайды. Бұдан біраз уақыт бұрын ауыл мектебінде жұмыс істейтін мұғалімнің «…Біз балалардың білімін салыстырмалы түрде бағалаймыз, сабақты мүлде оқымайтын оқушыға ылғи «екі» деген баға қоя беруге дәтіміз шыдамаған соң «үш» қоямыз. Оның қасында өзге баланың ең болмағанда аузын ашып, шамасы келгенше дайындалғанын ескеріп «4» деп бағалаймыз. Ал едәуір дайындалып келетіні «5» алады», – дегенін естіп ек. Мұғалімнің бұл сөзі мәселенің тек мектеп пен оқулыққа ғана қатысты емес екенін аңғартқандай. Абайдың әйгілі қара сөздерінің біріндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен», – деген сөздер барлығымызға таныс. Осы ойға сүйенсек, балалардың ынтасы мен талабын, яки жан құмарлығын әлсіретіп алған түріміз бар. Ол құмарлықтың әлсіреуіне ұялы телефондағы ойындар мен интернеттегі қажетсіз  ақпараттар көп әсер етуде. Ондағы ақпараттың пайдалысын ғана қолдануды ауыл балалары әзірге игере алмай отыр. Орта топ сыныбына дейін жақсы оқып келген баласының телефон алған соң сабағы күрт нашарлағанын көп ата-ана айтып жүр. Тағы да Абайға сүйеніп айтсақ, «Білімдіден шыққан сөз» көп болғанымен, балалардың «Нұрын, сырын көруге» деген көкірек көзі ашылмай тұр.Білім арқылы жетістікке жететініне сене бермейді. Уақытты тиімді пайдалануды үйрене алмай жүр. Ауыл баласымен салыстырғанда, қала баласы біліммен бәсекеге түсуді аздап меңгеріп қалды. Алайда, олардың көбі қара жұмысқа жоқ, еңбекке икемсіз. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайына қарай спорт үйірмелері  мен өзге де қосымша сабаққа  қатысатындары уақытты тиімді пайдалануға дағдыланып келеді. Патриоттық тәрбие беруде ата-ана көбіне мектепке иек артқанымен, қала балалары сабақтан тыс жұмыстарға, яки қоғамдық жұмыстарға кеткен уақытты аса тиімді деп есептемейді. Жапон мектептерінде тазалықшы (уборщица) штаты жоқ екен. Сынып пен мектеп ішінің тазалығына оқушылар өздері жауапты көрінеді. Жапондар осы арқылы оқушыларды еңбекке баулып, өзі оқитын мектепті таза ұстауға әдеттендіреді. Тәрбие деген – жақсы әдет деген қағиданы басшылыққа алатын олар бастауыш сыныпта балалардың білімінен бұрын этикалық әдеттерін тәрбиелеуге күш салады. Бұл орайда біздің үйренеріміз әлі де көп. Бұл мәселеде қалалық, аудандық білім басқармалары тек айтулы тұлғалардың мерейтойлық шараларымен ғана шектелмей, оқушыларды нақты еңбекке бейімдеу жолын қолға алса игі еді. Әзірге ауылдағы балаларға білімнің ма­ңыздылығын, қала балаларына еңбектің маңыз­дылығын үйретуден артта қалып келеміз.

 

МАМАНДАР ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН МЕҢГЕРСЕ…

шолпан

Шолпан ШҮЙІНШИНА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
орта білім институты
жаратылыстану-математикалық білім
зертханасының меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент

 

Білім беру ұйымдары меншік ны­саны мен ведомстволық ны­сан­ға, оқыту тіліне қарамастан «Бі­лім берудің тиісті деңгей­ле­рі­нің мемлекеттік жалпыға мін­дет­ті білім беру стандарттарына» сәй­кес білім береді. Демек, оқу­шы­ға берілетін білімнің мазмұны ор­тақ. Мұндағы басты мәселе, ұс­таздың іс-тәжірибесі, сабақты оқы­ту методикасына байланыс­ты. Екіншіден, әр пәннің ерек­ше­­лігіне сай оқу кабинеттерінің жаб­дықталуы. Үшіншіден, ма­ман­дардың оқу-әдістемелік құ­рал­дарды жетік меңгеруі.

Ауыл мектептеріндегі басты проб­лема – оқу кабинеттерінің қа­зіргі заманға сай қамтамасыз етіл­мей отырғаны. Ақпарат­тан­дыру жағдайында пән мұғалім-дері АКТ-құзыреттілігін біліп, қо­сымша ресурстарды соның ішін­де интернет және пән бойын­ша ақпаратты табу мен өңдеуді жетік меңгергені тиімді.

Ауыл мектебінің проблемасын шешу үшін электрондық оқы­тудың ақпараттық жүйесі құ­рылған. Онда білім беру ұйым­дарының порталы, Ұлттық білім беру деректер қоры, ішкі корпора­тив­тік қор, электрондық кітап­ха­на, білім беру ұйымын басқару жүйесі бар. Электрондық оқыту­дың бұл ақпараттық жүйесін https://e.edu.kz сайтынан көруге бо­лады. ЭОАЖ-нің маңызды құ­рауы­шы – 7511 цифрлық білім бе­ру ресурстары орналасқан элек­трондық кітапхана.

Цифрлық білім беру ресурс­тары – оқу пәнінің нақты тақы­ры­­бына әзірленген, ЭОЖ-ге қо­сыл­­ған мектептер цифрлық фор­­­маттағы дидактикалық мате­риал­дарға онлайн арқылы қол жет­кізе алады. Әрбір ЦБР интег­ра­­тивті кешен және пәннің бел­гілі бір тақырыбы бойынша му­ль­­ти­медиялық түсіндіру, ин­те­рак­тивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақ­тардың элементтерінен тұрады. ЦБР-дің бұл құрылымы элект­рон­дық оқыту жүйесінде оқушы­лар­дың белсенділігін арттырып, ал мұ­ға­лім­ге са­бақтың әрбір түрі не­месе ке­зеңінің, яғни жаңа материалды тү­с­індіру, материалды бекіту немесе оны меңгеру дең­гейін тек­серу­де берілген ресурстарды қолдануға мүмкін­дік береді.

Мұғалімдерге көмек ретінде циф­рлық білім беру ресурстарын қол­дану бойынша оқу-әдісте­ме­лік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған бас­шылық» бөлімінде, сондай-ақ, Ұлттық ақпараттандыру орта­лы­ғының сайтында: http://nci.kz бар.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы ор­та білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды ке­шенді қолдауды Академия сай­ты қамтамасыз етеді (www.nao.kz).

Кеңес Одағы тұсында ауыл ба­лаларына арналған қосымша бі­лім беру жүйесі жақсы дамыды. Са­бақтан тыс жұмыстар мен қо­сымша білім беру қазір пәндік үйірмелер арқылы жүзеге асады. Бі­рақ заманға сай қамтамасыз етіл­мегендіктен балаларды қы­зық­тыру қиын, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтама­сыз етуге, жекелеген пәндерді те­рең оқуға мүмкіндік бермей­ді.

Білім берудің негізгі бағыт­та­ры­ның бірі – тәрбие жұмысы. Қа­зақ­стан Республикасының Пре­зиден­ті Н.Ә. Назарбаев «Қа­зақ­стан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында» жаңа жүйе құрау­шы «Мәңгілік Ел» құндылығын жал­пыұлттық патриоттық идеясы ре­тінде ұсынады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сын өмірде іске асырудың ірге­тасы мектепте қалануы тиіс. Сон­дықтан пәндерді оқыту ар­қы­лы оқушылардың рухани-адам­гершілік қасиеттерін және пат­риоттық сезімдерін, қазақ­стан­дық патриотизм мен аза­мат­тық жауапкершілігін қалып­тас­тыруға, ұлттық өзіндік сананы жә­не толеранттылықты дамы­ту­ға, зияткерлік құндылықтарды ны­ғайтуға және жастардың лаң­кестік пен экстремизм идеяларын саналы түрде қабылдамауын, көпэтникалық Қазақстан жағ­дайында өзара қатынас жасау бі­лігін қалыптастыруға бағыт­талу­да.

Тәрбие жұмысында Қазақ­стан Республикасы Білім және ғы­лым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бе­кітілген Тәрбиенің тұжырым­дамалық негіздерін басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Қазақстанды әлеу­­меттік жаңғырту бағы­тын­дағы «Жалпыға ортақ Еңбек қо­ға­мына қарай 20 қадам» бағ­дар­ламалық мақаласында берілген тап­сырма­ларды орындау мақ­са­тын­да әзір­леніп, ҚР Білім және ғы­лым ми­нист­рінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бе­кі­тілген оқу бағдарламалары бо­йын­­ша «Өлке­тану» (7 сынып), «Абай­­­тану» (9-11 сыныптар) таң­дау курстарын оқыту ұсыны­ла­ды.

Вариативті компоненттен 9 сыныптар үшін міндетті түрде «Зайыр­лылық және дінтану не­гіз­дері» курсын оқытуға 1 сағат ап­талық жүктеме беріледі.

Көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қа­лып­тастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығын мерекелеуге дайындық және «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» пат­риоттық акциясын өткізу бойынша шаралар ұйымдасты­ры­лып жатыр.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұ­­мыстары білім алушыларды қо­ғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтай­тын, жаңа жағдайдағы қарым-қа­тынасқа үйрететін, қызығу­шы­лықтар мен талаптарды іске асы­ратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

…БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ ҒАЛАМТОРДА

Лаура ДауренбековаЛаура ДӘУРЕНБЕКОВА,
Назарбаев университетінің доценті

Алдымен бала білімінің негізін қалайтын педагогикалық мамандықтарды жетілдіру қажет. Мұғалім білім беріп қана қоймай, оқушы қабілетін ескеріп, бағыт бере білгені дұрыс. Педагогикалық мамандықтардың ішінде бастауыш сыныпқа білім беру қиынның қиыны. Ал ол салаға кімдер барады? Мектепті алтын белгіге бітіргендер немесе олимпиада жеңімпаздары, ҰБТ бойынша жоғары балл алғандар педагогикалық колледждерге бармасы анық.  Мәселе колледждің затында емес, атында болып тұр. Колледжге жоғары оқу орындарына грантқа іліне алмағандар амалдың жоғынан  ата-аналарының шешімімен баратындар көп. Оның үстіне, жоғары оқу орнымен салыстырғанда ақысы арзандау.  Бұл жерде біз «колледжде білім жоқ» деуден аулақпыз. Оны жақсы оқып, бітіріп шыққандар да бар. Десек те, бұл салаға бала өз еркімен қызығып, психологиялық дайындықпен барғаны дұрыс. Сонда ғана өзі қалап барған мамандығына қызығушылығы, ізденісі де, талпынысы да жоғары болады. «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы колледжде емес, жоғары оқу орындарында факультет болып құрылса, сабақ беріп жүрген мұғалім, колледж­ден кейін жоғары білім дипломы үшін сырттай оқу іздеп, алаңдамайтын еді. Оның есесіне білім берудің заманауи талаптарын орындау үшін қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру қажет. Ауыл мектептерінен бірді-екілі мұғалімді қалаға білім жетілдіруге жолдамамен жібермей, жалпыға бірдей балаларды оқытудағы жаңашылдықтар туралы қаладан тікелей семинар-тренингтер онлайн режимінде жиі өткізіліп тұрса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ауыл мұғалімдеріне арнайы орын бөлгізіп, шет елге жіберілсе, қаншама оқушыға пайдалы болар еді.

Қала баласының ауыл баласына қарағанда білім алуға, оның ішінде тіл үйренуде мүмкіндіктері көп. Мектептен бөлек тіл оқыту орталықтарына барады, репетитор жалдайды. Ал репетиторлар кімдер? Ағылшын тілін еркін меңгерген, шет елде білім алған жастар. Ондай мамандарды, мәселен ағылшын тілі мамандығы бойынша үздік диплом алған немесе магистрлік қорғаған бітірушілерді ауылға барғыза алмасымыз анық. Ендеше ауыл баласын қала баласының білімімен қалай теңестіре аламыз? Ол үшін қашықтықтан оқытуды қолға алуымыз қажет сияқты.

Кеңес одағы тұсында мектепте білім алуда бірізділік болды. Сапалы жазылған оқулықтар сыныптан-сыныпқа көшті. Яғни ағасы оқыған оқулықты інісі де оқыды. Оқулық дауы болған жоқ. Себебі, авторлар сұрыптаудан өткізіліп, мектеп оқулықтарымен бір ғана баспа айналысты. Тілі жеңіл, жатық оқылды. Қазіргі кездегідей мұғалімдер, ата-аналар «қай баспаның оқулықтарымен оқытамыз» деп бас қатырмады. Бір пәннің негізінде баланы шатастыратын бес кітаптан тұратын оқу-әдістемелік кешендер болған жоқ.   Сондықтан мектеп оқулықтарын тендерге салып, әр баспа жарыса жарияламай, бір ғана баспаға тапсыру керек. Республиканың барлық мектептерінің оқитын оқулықтары, оқытатын жүйе бірдей болғанда ғана ауыл мен қала білімінде тепе-теңдік сақталады. ҰБТ кезінде «біз оқыған оқулықтан тыс сұрақтар болды» деген секілді даулар да болмас еді. Ең бастысы, оқулық сапалы, сауатты болу үшін Кеңес Одағы тұсындағыдай авторға кітап жазуға жағдай жасалынғаны дұрыс. Бүгін авторды тауып, «ертең жазып кел» деп психологиялық тұрғыдан қысым жасалмауы керек. Асығыстық салдарынан оқулықтарымыз сіреспе аудармаға айналып отыр.

Қазіргі билік өкілдерінің көбісі мектеп қабырғасында жүргенде пионер, комсомол болғандар. Ол кезде тәртіптің мықтылығы соншалық, кез келген оқушы пионер, комсомол бола алмайтын. Пионер, комсомолға өту үшін көшбасшы болуға, оқуда озат болуға, мектепішілік қоғамдық шараларға қатысуға тырысатын. Әрине, пионер, комсомолдық жүйеге оралу мақсат емес, тек бүгінгі күнге пайдалы жақтарына назар аударғанымыз дұрыс. Сонымен қатар, ауыл балалары үй, колхоз, совхоз тіршілігіне араласып, еңбектенетін. Қиындығы мен қызығы мол ауыл тұрмысын көріп өскен бала неге патриот болмасқа?! Мұғалімнің айтқаны бала үшін де, ата-ана үшін де заң болатын. «Мұғалім – мәртебелі мамандық» деп мұғалім дәрежесін көтеретін. Бүгінгі күні баланы патриоттыққа тәрбиелеуде ата-аналар да атсалысу керек. Баласының біліміне жауап беретін мұғалімді сыйлаудан бастап елді, жерді бағалауға үйрету керек. Қазіргі кезде баланың оқуына ұялы телефондар кері әсерін тигізіп жатыр. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі соткада» болып тұр. Патриоттық тәрбиені баланы ұялы телефоннан ажыратудан бастау қажет. Мемлекеттік қызметкерлерге шектеу қойылғандай, сабақ үстіне телефон алып кіруге рұқсат берілмеуі тиіс. Сонда ғана мұғалім баланың назарын аудара отырып, сабағын еркін жүргізе алады. Ел мен жерді құрметтеу, тарихымызды танытып, ділімізді қорғауға тәрбиелеу тарих пен әдебиеттің ғана еншісінде емес. Әрбір мұғалім өз пәнінің айналасында әр тақырып астарында қисынын тауып кірістіріп отыруы қажет.

ПІКІРЛЕР4
Аноним 14.11.2019 | 18:35

Керемет, көп рахмет, іздеен, сұраққа жауап таптым

Аноним 28.07.2020 | 07:28

Аноним 06.10.2021 | 02:52

Hello guys. And Bye.

neversurrenderboys 😉

Аноним 27.10.2021 | 16:54

Добрый день!
Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,
Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает, Бухгалтерское сопровождение

|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает, Продажа фирм готовое ООО с расчетным счетом в Москве и области
|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает, Смена учредителя ООО в Москве
|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает, Регистрация Индивидуального предпринимателя (ИП), открытие ИП,
документы, готовые ИП Москва.Регистрация Индивидуального предпринимателя

|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,Ведение бухгалтерского учета, бухгалтерский аутсорсинг, сдача отчётности в Москве.
|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,Восстановление бухгалтерского и налогового учета организации
|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,Выписка из ЕГРЮЛ, сроки получения
|Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,Журнал ПРОСТО ЮРИСТ, статьи о бухгалтерии

Компания ПРОСТО ЮРИСТ предлагает,

В дополнение на сайте https://uruslugy.cloud вы можете найти:
ведение бухгалтерии ип бухгалтерское сопровождение ип ведение бухгалтерского учета
бухгалтерское сопровождение ооо бухгалтерское обслуживание ооо постановка бухгалтерского учета услуги бухгалтерского учета бухгалтерская отчетность услуги
бухгалтерское обслуживание цены бухгалтерские услуги в москве бухгалтерское сопровождение бухгалтерское обслуживание ип оказание бухгалтерских услуг
ведение бухучета ип аудиторские услуги в москве бухгалтерское обслуживание фирм
ведение бухгалтерского учета ип курсы бухгалтеров ведение бухучета организации
аудиторские услуги ведение бух учета ведение кадрового учета бухгалтерские услуги ип
бухгалтерские услуги консалтинг ведение бухгалтерии ооо ведение бухучета ооо
аутсорсинг бухгалтерских услуг бух услуги бухучет и аудит бухгалтерское сопровождение усн бухгалтерские фирмы подготовка и сдача отчетности центр бухгалтерских услуг
бухгалтерские услуги ведение бухучета москва ведение бухгалтерии план счетов бух учета
бухгалтерское обслуживание усн бухгалтерский аудит ведение бухучета
ведение бухгалтерии москва консалтинговые услуги бухгалтерские услуги прайс
бухгалтер аутсорсинг ит услуг ведение бухгалтерии компании бухгалтерские проводки
ведение бухгалтерии услуги кадровый аутсорсинг цены на аудиторские услуги
бухгалтерское обслуживание бухгалтерский аутсорсинг бухгалтерские услуги цены
услуги бухгалтерской фирмы аутсорсинг бухгалтерии ведение бухгалтерии организации
ведение бухучета в ооо бухгалтерские услуги москва аудит и бухгалтерские услуги
готовые ооо с директором открытие ооо зарегистрировать ооо как зарегистрировать ооо
открыть ооо готовые фирмы москва бухгалтерские услуги аутсорсинг как открыть ооо
создать ооо бухгалтерские услуги аудит

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір