ҚЫРҒЫЗ КӨТЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ЖАҢА ТАРИХ
21.08.2016
1515
0

9865324512Қырғызстандағы қоғамдық комиссия 1916 жылы патшалық Ресейдің қырғыздар көтерілісін жаппай басып-жаншуын геноцид деп атады.

Орталық Азия жаңалықтары қызметінің ха­барлауынша, Қырғызстандағы қоғамдық Ко­миссия басшысы Әзімбек Бекназаров, ре­сейлік және қытайлық билік берген мұрағат мә­ліметтері негізінде осындай қорытынды шы­ғарылғанын айтады.

Бұл деректер негізінде «Көптеген этникалық қа­зақ­тар мен қырғыздар тылдағы ауыр жұмысқа ша­қыртуға қарсы шықты. Жазалау батальоны 100 мыңнан 270 мыңға дейін қырғызды өлтірді де­ген болжам бар, ал қуғын-сүргіннен қашқан мың­даған адам Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр ав­тономиясына өтіп кеткен».

Сондай-ақ, Қырғызстан аумағындағы 1916 жыл­ғы оқиғалар кеңестік тарих оқулықтарына да енбеді. Ал Қазақстандағы бұл көтеріліс пат­шалық Ресей мен байларға қарсы әрекет ре­тін­де баяндалып, оның соңы 1917 жылы социа­лис­тік төңкеріске ұласты деп сипатталып келген еді.

Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылдың сәуір айында Ресей Мемлекеттік Думасының төра­ғасы Сергей Нарышкин геноцидке қатысты айып­тауларды жоққа шығарып, «жүз жыл бұ­рын барлық халықтар зардап шекті» деп мә­лім­деген еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір