«АСЫЛДЫҢ ТҰЯҒЫ»
19.08.2016
1869
0

Асылдын туяғыЖақында Астана қаласындағы «Шаңырақ Медиа» ЖШС баспасынан белгілі журналист Сәдуақас Жұбатовтың «Асылдың тұяғы» атты кітабы жарық көрді.

Кітап бес бөлімнен тұрады. «Ер топырағына тартады» аталатын бірін­ші бөлімінде кейіпкердің туған жері туралы сөз болса, «Мақұлдың Ишаны» аталатын екінші бөлімінде Батыс өңірін­дегі Нарын құмында осы атпен өмір сүрген Қайырғали­дың әкесі Ишанғали жайлы, оның  артында қалдырған тапқыр  әңгімелері, әділдік үшін, шындық үшін қара қылды қақ жаратын азаматтығы туралы айтылады. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған», «Біз білетін Қайрекең», «Әулетің өссе ел болар» деп аталатын бөлімдерде кейіпкерді көзі көргендердің, әулет ұрпақтарының естелік әңгімелері арқау болған.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір