«ТАҢ АТҚАННАН КҮН БАТҚАНША»
12.08.2016
1665
1

Уақыт – қайтымы жоқ өмір сүру формасы. Біздің қандай көзқараспен қарап тұрғанымыз тұрмақ, тақтағы ханға да, топтағы биге де бұрылып қарамайды, алға қарай бір бағытта теңселе басып кете барады. «Таң атқаннан күн батқанша» деген өлшеммен бір күнің, аптаң, айың, жылың өте шығады. Уақыттан тыс құбылыс та, оқиға да болмайды. Көретініміз, еститініміз бірыңғай хабар екені рас. Ол ақпаратымыздың өзі мың сайтанды, жүз пәлекетті, ауы тесік шалбар секілді аңқайған, бас-аяғы бүтінделмеген, иқы-жиқы бір нәрсе. Осындай бір кезге тап болған екенбіз деп жер мен көктің арасынан шығып кетпейміз ғой, енді. Шығып кетпеген соң апу-күпу құбылысқа сабыр етесің, арты жақсы болар деп үміттенесің. Жамандық жастардың иманын жеп қоймаса екен деп тілейсің. Жақсылықтың алтын таңы атарына үміттенесің.

 

ДілдарДілдәр МАМЫРБАЕВА,
жазушы

 

Жақында «Уақыт» деген кино кө­ріп едім. Керемет ұнады. Аме­ри­ка­лықтар түсірген. Уақытты әлем­дік валюта ретінде қолданады да, ар­найы капсулаға жинайды. Оқи­ғалары шиеленісті. Қысқартып айт­қанда, кедейлер тұратын ай­мақ­тағы адамдар бір күндік уақыт үшін тырбанып жұмыс істейді де, бай­лар тұратын аймақтағылар 100-120 жылдық уақытын босқа, мән-мағынасыз өткізіп жатады. Ки­ноның көрерменге айтары – уа­қыт қас-қағым сәтте зырылдап өте шы­ғады, өтері өтіп кеткен соң, өкін­геніңмен бір тиын пайда жоқ, істер жақсылығыңды дер уақытын­да жаса деген мораль.

Өмірдің мәніне қалай үңілеміз? Бар­лық тұста дағдарып қалдық деп жылап әңгіме айтатын болдық қой. Мұ­ның да бір жақсылығы болатын шы­ғар. ХІV ғасырда Еуропаның ми­л­лиондаған тұрғындарын жал­ма­ған оба ауруы, келесі ұрпақтың кө­зінің ашық, санасының ояу бол­уына көп септігін тигізген. Эпидемиядан кейін еуропалықтар та­мақ­тарын дұрыстап ішуді үйренген, өмір сүрудіңқолайлы жағын із­дес­тіріп, соның көзін тапқан. Сон­дық­тан дағдарыс – жаңа бір дең­гей­ге көтерілуге, жаңаша жол із­деу­ге түрткі болады.

«Егер бүтін бидайды ұнтақ­та­ма­саң, нанды қайдан жер едің» дей­тін Румидің сөзі бар. Ұлттың іш­кі балансы сақталса, әр адамның имандылығы берік болса, өмір мән­ді болады.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 11.05.2020 | 20:32

Менің де есімім Ділдар поэзия сүйемін

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір