ЗУҚА БАТЫР ЖАЙЛЫ КІТАП
08.07.2016
2531
5

Зуқа батыр жайлы кітап2016 жылы аты аңызға айналған әйгілі батыр Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл толады. Зуқа батыр Сәбитұлы 1866 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қалба тауында дүниеге келген.

Зуқа батыр Сәбитұлы – Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақ Елінің аумағынан ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтардың тағдырын аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің езгісінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға. Оcы жолда қытайдың гоминдан жандайшаптарының қолынан 1928 жылы қаза табады.

«Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» атты бұл кітапқа Б.Бәмішұлының «Аласапыран замана арыстаны» атты мақаласы, «Зуқа батыр» поэмасы, «Торы айғырдың үйірі» өлең-романынан үзінді және «Зуқа батыр» пьесасы енді.

ПІКІРЛЕР5
Аноним 18.08.2023 | 00:06

Аңыз алам

Аноним 18.08.2023 | 00:06

Аңыз адам

Аноним 28.09.2023 | 11:38

Баты

Аноним 28.09.2023 | 11:39

Батыр

Аноним 28.09.2023 | 11:41

Осы кітапты қалай сатып алуға болады

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір