«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»
08.07.2016
1664
0

Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде жазушы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғұмыр-дария» атты облыстық әдеби оқулар байқауы  өтті.

Қызылорда облысы әкімдігінің қол­дауы­мен, Қызылорда облысының мә­де­ниет, мұрағаттар және құжаттама бас­қармасы, облыстық халық­ шы­­­­­ғар­­­­ма­­шылығын  дамыту және мә­де­ни-продюсерлік орталығы мен Жаңа­қор­­ған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға қала мен аудандардан жалпы 16 өнерпаз қатысты.

Жиында аудан әкімі Руслан Рүстем­ұлы  құттықтау  сөз сөйлеп, қатысу­шылар­ға сәттілік тіледі. Байқау қоры­тын­­дысы бойынша жаңақорғандық 17 жасар Ыдырыс Дәулетхан бас жүлдені иеленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір