КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ
24.06.2016
2079
0

oper-gidrocele-450x320(Қысқартылған нұсқа)

Аманжол ҚАНАФИЯҰЛЫ

 

Дәрігер бөлмесі. Құралбай іске кірісіп, Басыбай қарияны мануальный терапияның аппаратына дайындай бастайды: Аппаратқа әуелі дайындаймыз, жезде, Қорықпаңыз, жат емеспіз ғой өзге. Тал бойыңыз сонда тершіп сергиді. Орағандай жұп-жұмсақ бөзге. Көңіліңіз сосын құстай ұшады. Көзіңізге бал-бұл елестейді кейде, Апамыздың аппақ ыстық құшағы.

Басыбай дұрыс естімей:

– Апамыз аппаққа ұшады дейсің бе?

– Қариям, әуелі басыңызды тіп-тік ұстаңыз, Шаттауыққа салғандай қысамыз. Мойныңызды 30 градусқа бұрып, жауыры­ныңызды үскілеп қысамыз, – дейді Құрал­бай.  Сырлыбай мойнын бұрып:

– Сары шалым, қазы-шұжығын аямай, қос  қоньяк қояды өзіңе, Құралбай, Пах, пах, қыздармен теке соғыстырып, жұмыс соңынан ішеміз ұялмай. Ақжүрек, кірпияз бұл ағай. Әуелі майлап массаж жасайсың, – дейді Сырлыбай мойнын бұрып.

Басыбай: Көк желкем қақиып мойнымды бұрмай, Зорға тұрмын жауын, жел бұз­ған ескі Обадай құламай. Ойбай, мойын омыртқам. Үзіліп барады ұзармай.

Сырлыбай қолын сілтеп: Еһ, ауылдық дәрігерің де спиртті шәй ғып ішетін қарашада қалтыраған бір қурай. Науқастың ауруы асқынса да, салғырт қа­рап. Білмейміз демейді-ау су мұрын сұмы­рай.

Қария басын ұстап, шекесін қос қолымен қысып:

– Япыр-ай, керіп қойған бақадай тыпырлап, бас сүйегім сынғандай болды шы­тыр­лап. Бақырға қуырған бидайдай пытыр­ла­тып, буындарым ыршығандай сы­тыр­лап.

Сырлыбай қолмен ұстап: Ортан жілігің опырылғандай болды ма шақырлап? Тат басқан есіктің топсасындай сықырлап.

Басыбай күйзеліп: Жауырыным қаққа бөлінгендей қақырап, жағым қарысқандай жақ сүйегім сырқырап, ауырғаны, азу тісім үгілгендей шықырлап.

– Шыдаңыз, бел омыртқаңызға  байлан­ған жел науқас етеді бүкір, әзірге бәрі дұ­рыс, шүкір. Сүйек пен еттің арасынан үз­ген­де асау тайдың тұяғындай жел қашады күтір-күтір, – дейді Құралбай арқа-жонын уқалап.

Уролог Басыбайдың арқасынан қағып, қуланып:

– Аллам сақтапты, сәл кешіксеңіз, жезде-ай, уже болады екенсіз  бүкір. Алақан майын төлеп Балақанның,  қос коньякпен бересіз пітір…

Қария қуланып: Сырлыбай балдыз, мен емделіп біткенше сірә да қарныңыз ашпайды, шүкір.

Сырлыбай жымиып: Массаж жасаушы біз, кірістік жезде, уақытыңызды білеміз. Етпеттей жатып кәне,тізеңізді тіреңіз. Жон арқаңызды пластмасса қылышпен қанын қашырып қызарғанша ірейміз. Сұрп етіңіз­ді сылып, арасындағы жүгірген желді ала­қан­мен аршып күрейміз. Май жағып әбден ысқылап аламыз да, сан етіңізді сырылдатып тілеміз.

Көмекші бикешің бірдеңе көргендей күлімдейді. Жүрегім қатты соғып дірілдейді. Буындарым ұйығандай сібірлейді. Төбем­нен вертолет қонғандай қонжиып, ішім неге гүрілдейді? – дейді науқас күйзеліп.

Құралбай көңілін аулап: Әке, бұйырса, екі-үш күннен соң, зыр жүгіріп желаяқтай сүрінбейсіз. Әзірге тек қатты жүгірмейсіз. Ал Сыр-аға, тағы бір қараңыз, содан кейін 3-ші сеансқа барамыз.

Сырлыбай мейірбикеге урология құрал­дарын алдырып, мұқият қарап, тыңдай бас­тайды:

– Кәне, Басеке, еркін ауа жұтыңыз бері­ле, қарныңызды жай босатыңыз керіле. Аузыңызда шіріген жұмыртқаның иісі бар. Көгеріп кезерген астыңғы ернің де, аусыл танадай жалқаяқ, аппақ шұбар екен тіліңіз. Ақырын, қабырғаға тік сүйеніп тұрыңыз.

Басыбай қабағын шытып: Қойдың артын құрттағандай, түу шаршаттыңыз, құрыңыз.

Сырлыбай: Сары шалым, оңалыпты түріңіз. Тоқпақпен үгудің құдіретін білі­ңіз. Ана мәтүшкеге сүйкенбей, кейінірек тұ­рыңыз. Қолыңызды тік ұстап, кәне үш қадам алға жүріңіз. Тізеңізді ақырын сәл бүгіңіз. Сыздайтын саусағымның тиген жері ме? Дөп бастым ғой, жезде, біліңіз!

Басыбай: Иә, білініп тұр теріме. Шал­ға физкультура жасату мұныңыз, пішпе торпақтай сүмпиіп қалды түріміз.

Сырлыбай: Ақсақал ем­нің басы бұны­мыз. Ертең келіп оң жақ­тағы емге кіріңіз.

Шал ақшасын береді: Мә, мынау піт­і­рім­ді алып қал, қайыр хош әзірге тіріміз.

 

***

 Дәрігердің емі қонып, ертеңінде бет ажары оңалып қалған Басыбай қария Сырлыбайға күліп келеді:

– Әй, балдыз-жан, алтын суға тойдың ба? Әлде, көк суды ішуді қойдың ба?

Сырлыбай саусағын шекесіне басып: Басым сынып тұр, жезде, нең бар? Тағы қай мүшеңде ауру-сырқау, кем бар? Науқас қария күйзеле сөйлеп:

– Қос жауырынымның арасы ашиды кейде, әлде байланып қалған жел ме? Жатқанда оң жағымдағы бауыр етім сыздайды деме. Асқазынымнан күлімсі иісі мүңкіп, тұла бойым түршігіп, мұздайды.

Уролог жылы шыраймен қарап: Түнде ұйықтарда ішіңіз сыздай ма? Кейде ісініп, қызып, суып мұздай ма?

Қария ішін ұстап: Шытыр жеген түйе­дей ішім кебеді. Майлы ет жегенде қарным ұлғайып, ісінеді. Шөлдеп шайды  көп іш­кен­­де қысым кернеп тік ішегіме қарай гуіл­деп ішімді жел үрлеп тебеді.

– Осы қазақ қасқыр сияқты етті көрсе, шала шайнап, өңешіне тығады тас қылып. Қария, ауруыңыз созылған асқынып. Ас­қа­за­ныңыздың кілегейі қабынған, гастрит, – дейді уролог кейіп.

Басыбай: Е-е, халім мүшкіл екен, тақ­сыр құп. Асқазанымды жайлады десеңші, кілең қабаған қасқыр, ит,  жоқ дейсің бе, басқа үміт.

Сырлыбай басын шайқап: Ай, қартым-ай, айтқышсың-ау, ол рак емес қой, түңіл­ме­ңіз, қайғыланып тез. Олай демеңіз қият сөз, ауруыңызға қойылған диагноз.

Басыбай: Қазіргі дәрігерлер де сарттың молдасындай, қызығатын бөзге… оның аты қияң­қы көзде. Бастарына кемпірдің киме­ше­гін тартқандай-ақ, жігітсің зуылдаған езбе.

Сырлыбай: Қалт  айтасыз, қағыс ести­сіз,  қартайыпсыз,  жезде. Кейбір  қылы­ғыңыз странник-кезбе!

Қария құлағын төсеп: Қаға берісте кар­та ойнайық  дейсің бе? Карта ойнамасам көнбейсіз бе, әлде сұрағанымды бермесең өл дейсің бе?

Сырлыбай өтірік күліп: Одан да коньяк – алтын суды бермейсің бе? Әлде алақан жайған сұраншақ деп сенбейсің бе?

Басыбай: Беу, ындыны кепкір  балдыз-ай, жездеңе салық салмасаң, шөлдейсің бе?

Сырлыбай: Асқазаныңыз ауыра ма, қатты күлгенде? Немесе жөтеліп, буын сыздап шанши ма, жаяу жүргенде.

Басыбай: Қатты ұрысып, таң атпай тұр-тұр десе, сосын апаң ақша жоқ деп тілдесе. Тиш, ренжісем приступ ұстайды үндеме. Іші­ме тышқан кіргендей жыбырлайды бірдеңе. Сол пәлекеттер  ішімде  жүгірген­дей, қанденнің күшігіндей шәуілдеп үр­генде…ата қарның шуылдайды, дейді, немерем ойнап құлақ түргенде.

Сырлыбай қолын қусырып: Дәрігердің міндеті  айту  ғой, түсінбейсің  жезде көзбен кім көреді? Ол  құрттай  ғана  бактерия-ми­кроб.

Науқас түсі өзгеріп: Қан құйылған дей­сің бе? Құйттай ғана мишыққы кровь. Е… онда халім қиын екен. Тезірек апаңа же­те­йін жылы мекен.

Сырлыбай: Дәрігердің кеңесін тың­дап, үйренесіз әлі шаһарда айқай-шуға, Апамсыз тіршілігің жоқ қой, сірә? Міне, алыңыз, рецепт пелойдин, кора дуба. Көкшолақ бер, коньяк алтын суға…

Басыбай ашуланып: Шәйт боласың дедің, нең бар менде? Емделген соң беремін саған теңге…

Сырлыбай: Дәрігерді ренжітіп, беу, қоңырат­шылама, жезде. Денсаулық пұл емес қой. Саудагерлік жүрмейді емге…

Басыбай: Иә, арақ көрсе, өңешің жыбырлап, майысқан бармағың-ай. Қызыл көрген жолбарыс  салмағындай, қызыл  алса кіж-кіждеп жінігетін, дөнен бұқа секілді тарланым-ай…

Врач науқас тарихын зерттеп, рентгенге салғанда бәрі білінеді..: Жездеке, бүй­регіңде тас бар. Емдесек үгіледі. Кейде қан қысымыңыз көтерілгенде, үй айналған тарғыл төбеттей сол бүйрегіңнің ішінде әрі-бері жүгіреді.

 

***

Басыбайды бүйрекке опреацияға дайындай бастайды. Сырлыбай науқас қария­ның тамырын ұстап:

– Өткендегі мануальный терапияның көп әсері тиген. Тал бойыңдағы бұлшық етте­рің босап, қан айналымың, жүйке та­мыр­ларыңның соғысы бір қалыпқа түскен.

Басыбай: Ескі сақинасы ұстап, басым сырқырап, көк желкем ашығанда күйредім. Оған белім қосылып, сырқырап, шаншып сыздайды. Оң жақ бүйрегім…

Сырлыбай: Иә, жаяу жүргенде көксау тоқтыдай кейін қаласыз ентігіп. Бұл, әрине, қан тамырыңды буған нефрит. Көзіңіздің көк еті салбырап, ісініп тұр ғой лақша секіріп.

Басыбай саусағын санап: 40 сағатқа жетпей-ақ, қырық диагноз қоясыңдар көпіріп, қайсысы рас, қайсысы өтірік? Ма­ғиз­ың­ды  дұрыс  айтпасаң, ана шәттәкулерің шайқы жездеңді жер қаптырмасың өлтіріп.

Уролог: Тексереміз  әлі, гломеронефрит па? Әлде, созылмалы пиелонефрит па? Анық­таймыз  айнаға  түсіріп, бас  дәрігер­лер­мен кеңесіп, сосын қорытынды қоямыз пісіріп.

Қария қабағын түйіп: Ауылдағы  доктор айтып  еді. Шмид, асқазаныңызды жай­­лаған разный ит. Сонда бүйрегімді ме­кендеген, шырақ, пионобит, нервный бит.

Сырлыбай қабағын түйіп: Қазақтың шалын емдесең шалықтайды, көкірегің күйіп, түңілме кәрім. Қазір удай қымбат дәрің,  дәрі-дәрмекті рекеттен арзан сұра­саң, жарылған балондай пыш етер қар­ның.

Басыбай: Кісі құны арзан, қымбатырақ дәрің. Әлгі жылаңқы премьер Берещенкоға ұқсап, бар нәрсені жоқ  дейтін зарың. Пейілі қасқалдақтың қаны болса да, теңгеге табамыз бәрін.

Уролог бір саусағын нұқып: Нарықта нахалдар көбейді-ау, бір тиыннан өнім алатын зәлім. Рекеттің қолына бердік қой бәрін. Қазір  кәрі қыздар арзан. Тоқал әпе­рейін бе, уақытша шалым? Естіп қоймасын, қатындардың құлағы ұзын тек.

– Әй, жиен-ай, мен бұқамын ба? Танауын көтеріп, шабатын кіж-кіждеп? Тана көр­се, көзі қызарып, жер тарпып жететін күжілдеп.

Уролог науқастың жауырынын қағып: Қариям, қысыр әңгімені қойып, мен қарап болған соң, 40-тан асқан матүшкелерің укол салсын келіп. Зеңгібабаның ботасындай саныңызға қызығып тарамыстай қатты бұлшық еттеріңіз бен бөксеңізді сипап ғашық болсын өліп, ха-ха!

Басыбай: Сегізкөзім қақсағанда зыр­қыл­­дап, ішімнен газ шығады бұрқылдап. Үйіт­кен торайдай тәнім күйеді шыр­қырап.

Сырлыбай қарқылдап күліп: Жүрегің айный ма, өңіңіз бозарып? Уланған кісідей ішіңіз кебе ме қозданып? Укол мен дәрінің әсерінен іштегі желді айдайды боздатып.

Басыбай: Еһ, науқасты түрте ме, қозда­тып. Кейде қан қысымым көтерілгенде сазарып, көлеңкедей тілім тез өседі, аузыма сыймай ұзарып. Үсіген қызанның суындай өзгеріп, кіші дәретімнің түсі қызарып.

Уролог алақанын шарт еткізіп: Міне, міне, таптым. Бүйрек тостағаншасы кеңей­ген ісініп, кішкене түбегіне құм-тас байланып қалады доп-домалақ. Оны медицинада «гематурия» деген жаңаша түсінік.

Басыбай: Әй, балдызжан, бір іреп сой­дың-ау, жабайы қоянша. Терімді сыдырып аршымай, апаң күнде телефон ұруда қамы­ғып.  Жездең болса күні біткен жалшыдай.

Сырлыбай орнынан тұрып: Біз үйренген кәсіптен қашпаймыз. Қолхат берсең, ішіңді қопарып, бүйрегіңді ауыстырып тастаймыз. Сіз дайын болсаңыз көкесі? Біз де қорқып, саспаймыз.

Уролог сырт киімін киіп, есікке қарай жүреді: Ал қариям, көңіл-күйіңіз жақсы болсын. Операция үстінде өзіңізді еркек, сөзіңізді сергек сезініңіз.

 

***

(Екі апта уақыт өткен. Ауруханадағы операция бөлмесі. Айқай-шу). Сырлыбай   өрт сөндіргендей сұрланып, мейірбикелерге зіркілдеп жүр:

– Талай қақсадым, шашы ұзын, ақылы қысқа, төмен етектер операция бөлмесіне   қу мысыққа тамақ беріп, дәніктіріп… Ол, әне, бүйректі жеп кеткен.

Мейірбике: Сот пен оттың ортасында сені күйдірмей, өзім көтеріп алам, Сырлым, босқа күйінбеші.

– Бензин шашқан соң қалай күймеймін. Тек шырпы тұтату ғана қалды…

Мейірбике (Сырлыбайдың шашынан сипап): Төле­ген­нің әкесіндей ақылды, Сырлым-ау. Әлгі зоопрактің бас дәрігері Қарсақбек Түлкі­баевқа звондап көрші, бір маймылға операция жасап, бүйрегін алып келсін.

Сырлыбай: Маймылың қымбат, доллар, еһ… Оның артында сор бар.

Медбике: Сен үшін садақа, міне, 1500 доллар. Маймыл түгіл, кісі өлтірсең де құты­латын жол бар .

Сырлыбай: Уһ, әй шайқы, тоқалым-ай, сенің басың компьютер, таптың амалын, давай, телефонын айта ғой.

Ғалияфәну телефон нөмірін беріп: Бұл бөлең Қарсақбек емес, Қарсақтың өзі. Қысыл­ғанда жол табар.

Сырлыбай: Алло, Қарсақжан, бұл Сырлыбай бөлең… Біздің балдыз қалай өзі? Неғып жүр?

Қарсақбек: Баяғы фермер балдай жабысып, жұмысына сары майдай еріп жүр.

Сырлыбай  жан-жағына қарап, трубкаға: Бөлең ортасынан бөлініп, торға түсетін самурайдай амалсыз көнігіп, Бір   Еңбек Ері­нің бүйрегінен қағынып… Әлгі  өзің көр­ген бөлмеден тамақ жейтін ала мысық ше, ала қашып жеп қойды.

– Дұрыс естілмейді… кісінің бүйрегін мысыққа сыйға тарттық  дейсің бе, түйге­нім?

– Қағыс естисің, қылжақбас тоқалым мысыққа жегізіп қойды  деймін. Өзің  Жез­киік дейтін Жезбақай Ғалияфәнуды айтам.

– Әй, қу татар құртыпты. Зарыққан кісі­нің бүйрегін мысыққа беріп, қорыққан. Өз бүйрегіңді сойып алам десең, теп-тез алып келмей ме Моргтан..

– Әй, бөлем-ау, тоқал деген айтқаныңа көне ме? Маған жүрегін бермей жүргенде, бүйрегін бере ме?

– Түсіндім, бар еді ақсақ Горилла, Құр­ғыр қымбат қой, әрине. – Қарсақбек өтірік ойланып:

– Министрдің қызы ғой, бай, доллар деген…  дәріге. Әзірге аузын акуладай ашқан бір он бестік ақы басын ал, соңында қос сақина бар.

Қарсақбек: Айтқаныңыз болсын, құп тақсыр!

– Қазір апарамын Сыреке, операцияға сақадай сай тұр. (Қайтадан телефон теріп): – Алло, Петка, хромая Горилла болен, инфекционной болезни почки. подготовте срочно , сейчас опреация.   Срочно! Ясно!

 

***

Петка сахнаға темір дөңгелекті қол ар­баға салып ұсқыны Гориллаға ұқсайтын бірдеңені алып келеді. Қарсақбек ұйқы­ның дәрісін беріп, ұйықтатып, оның бүйрегін алып, жасанды бүйрек салады.

Қарсақбек: Медбике, маймыл құрса­ғын­дағы аппараттың жартылай өткізгіш мембранасына бүйректің қаны өткенде өзіне араласқан азоттың қалдықтары зиянды қоспаларды қалай тазартқанын бақылайсың.

Мейірбике:  Жасанды  бүйрек  аппа­раты­ның қантамырларын қостым. Бүйрек ағза­сын­дағы азоттың қалдықтары бөлініп шығуда.

– Дұрыс, перитонеальдық (құрсақтық) диализ деп атайды.

– Іш құрлысының адамнан еш айырмасы жоқ екен.

– Кейін  айтам. Бұл опреация сәтті болу үшін құрсақ қуысына енетін және шығатын мына екі түтік арқылы диализ дейтіннің ерітіндісін құй, сосын оны төменге түтікпен қайта сорып көр.

–  Нормально, енді бүйректі орнына қойып, қарынның терісін көктейін.

–  Ғалияфану, ақ қояндай тамағың, күл­ші және күндей күлсін қабағың, адам едім. Алла өзі жаратқан, маймыл құсап ар-ұяттан тоналдым.

Ғалиябану: Тыңдашы, сен, көкірегімнің күйгенін, қайтесің-ау, Горилланың бүйре­гін. Нарық жетіп дірілдейді жүрегім, май­мыл­дың  сол  бүйрегіндей күйредім.

Қарсақ­бек: Соңғы  кезде  тәжірибе көбейді-ау, өзің қалқам, істікпенен түйредің.

(Қарсақбек бүйректі аппаратының ішіне салып, асығып-үсігіп таксимен ауру­ха­наға келеді).

Орталық ауруханаға келіп:

– Міне, бүйрек, Жезкиік жеңеше, «екі ауызға төрт елі қақпақ қойыңыздар».

Мейірбике: Қарсақжан, Колчактай ата­маным, осы Дарвин адам генетикасы Горилладан тараған дей ме? Өстіп он екі мүшесін сұрыптасақ, оқымысты Горилланы Барыс жылына базарлық етіп тартамыз (күледі).

Сырлыбай:  Жезкиік жеңеше, бір Шим­па­нзенің жүрегін салып бересің…

Қарсақбек: Біздің зоопаркте шетелдік сұлу мартышкалар көп, оның жүрегін сал­саң, жеңешем одан әрі секіріп, бір пысықай қағып кетері. Ха-ха-ха!

Сырлыбай: Қызыл сөзді қоялық.  Ұшыр кәне, көңілімді Алланың ақ үйрегі!

Қарсақбек: Сары шалыңды шарықтат­сын маймылдың тоқ бүйрегі.

– Қолым  тоқ  тигендей  дірілдейді. Қар­сақ­жан, өзің қойшы орнына ештеңе бүлін­бейді.

– Туысқан кісіге жүрексінесің де.

Операция құралдарын алып кіріседі:

– Бісміллә, бүйректегі қуайын ақ сайтанды.

– Періштелер  қабыл алсын сөзімді. Көп қой бізге байғұс шалдың айтары.

Қарсақбек мейірбикеге қарап:  Жезкиік  жеңеше, ал уколыңды бер.

Сырлыбай екеуі олай-бұлай түртіп қозғайды, шал оянбайды. Екі урологтың түсі өзгеріп, қаны қашып, сасады. Мейір­би­ке шалдың бақайына ине сұғып, шапа­лақ­пен бетінен тартып қалады. Науқас есі кіріп қозғалып, көзін ашып, ыңырсиды.

Басыбай: Қызым-ау, Алланың әмірімен қандай Лаух-Махфуз күйге түстім?

Сырлыбай қуанып: Сіз операциядан ояндыңыз.

Мейірбике:  Вот прекрасно! Сіз о дүние­ге барып келдіңіз, әке.

Қарсақбек: Сізді  мына қызыңыз тіріл­тіп алды, қарыздарсыз.

Басыбай: Әй, балдыз, менің костюмімді әкелші, төс қалтасында әмиянды ашсаң, 50 мың теңге тұр. 20 мың теңгесін алып, той­лаң­дар, 10 мыңы дәрі-дәрмекке, қалған 20 мыңы жолыма тұрсын.

Қарсақбек:  Рахмет, ата! Нарық қалты­ратып бизнесменге жетім бұзаудай телмең­деп жүрген аш-арықтарды бір көтеріп тастадыңыз.

– Шырақтарым, тас бүйректе болса сыр­қат адамның белі сырқырып ауырады, науқас жүргенде күш түскенін сезеді.

Сырлыбай: Иә, бүйрек түбегіне бай­лан­ған құм бірігіп, тасқа  айналып қозғалады. Ал бүйректің кенеттен шаншуы біртіндеп зәр жолдарын жарақаттауы мүмкін.

Қарсақбек: Кейде зәрге қанның араласып шығуы түрлі несеп жолдарының жарақат­тануынан…

Сырлыбай: Тас зәр жолдарына ұзақ уақыт тұрып қалса, инфекция қосылып, түрлі ауруларды микробтар қоздырып, жездемнің диагнозы пиелонефрит болып, асқынады.

– Қандай кесел болса да еңбек сендер­дікі, бірақ үкімет жалақыны аз беріп ауру­лардың қалтасына қаратып қойды-ау.

Қарсақбек сыбырлап: Бірдеңе сезе ме екен, байғұс-ай, Горилланың бүйрек майы, картасын.

Мейірбике Қарсақбектің құлағына күбірлейді: Ресторанда шалқытып, коньякпен жуамыз. Ащы тірлік қасіретін ұмытып, көкіректен қуамыз.

– Ақырын жеңеше, құлақ түбінен қытықтап, гауһар балғамның ұйқысын бұздың-ау.

– Қойшы-ей, қайным, аңқаң кеуіп шөлдеп, өне бойың қорғасындай балқып тұрма-ей.

Сырлыбай қылжақтап: Бұл жеңешең қылымсып күлсе, жез бұйдалы  тайлақтай құлпырып,  ізгілікке беттегені.

Ғалияфәну бет ажары құбылып: Мырзалар, ішкі сезім сарайларың  рухани дү­ниең жаңарғанда ғана ізгіліктің нұр шапа­ғаты түседі.

Сырлыбай: Еһ, …сені жанарыма сый­ғызып, ақ құшаққа  алсам да қандай ізгі­лік­тің нұрын іздейсің-ау, Фәнуажан.

– Махаббат  па, қауашағы ашылса, Маржан құсап көз-теңізде тұнады.  Акуладай бір тамшыны  сезетін, мырзаларың болу керек қырағы деп жазады, мендей странник урологтар. Құйшы коньякты. Жезкиік жеңеше! Сары шалдың қасірет көз жасы осы рюмканың ішіндегі тамшыдай елестейді.

Ғалияфәну  терезені ашып, саусағы­мен нұсқап: Әне, ақиқатты сұрайтын ұрпақ сырт­та гитара тартып жүр (терезеден әуен естіледі), Қарсақбек, тыңдашы…

Кеттің әке, көкірегім жанады, Анам өксіп қасқа жолға қарайды. Он жеті жыл күтудемін сары­лып, Жанарымнан ақ моншақтар тамады.

Қар­сақ­бек: Жетім балалар үйіндегі музыкалық  жоғарғы сыныптың оқушы­лары шеттерінен өнерлі қаракөздер. Бір көңілді отырыс болсын, Ғалияфәнужан, сары шалдың ақша­сына аямай  шұжық, шарап, сусын әкел де, балаларды шақыршы, нешеу екен өздері?

Қарсақбек:  Төртеу – екі ұл, екі қыз… бай­ғұс­тар-ай, осы жерге ауылдан келген шалдар тамақ беріп үйреткен ғой, кірсін, кәне!

Ғалияфәну: Гитарист ақын, сазгерге ұқсайды, үні зарлы екен.

Үстері жинақы, таза,  өңдері жүдеу екі ұл, екі қыз  артқы  есіктен урологтың бөл­ме­сіне кіреді. Ізетпен келіп, қазақша амандасады.

Сырлыбай:   Рахмет, шырақтарым!  Балалар үйіне қайдан келдіңдер?

– Мына Шымбөрте облысының Боғда селосынан – біз  екеуміз, ана екеуі сол орта­лық облысынан, – дейді ұлдың бірі.

Екі қыздың бірі қымсына  жымиып: Мынау өзіміздің  жыршымыз – Бүйрекбай жыршы, нағашы аталары өзбектің Әлішер Науаи ұрпағынан.

Сырлыбай етіне ине сұққандай селт етеді. Мына бала баяғы ғашығы өзбек қызы Зухрадан аумайды:

– Бүйрекбай, жасың нешеде?

– 17-де, 10-ншы сыныпта оқимын.

Сырлыбай ішінен: Иә, жас шамасы келеді екен. Екіқабат Зухраны әкесі облыс­тағы балалар үйіне өткізіпті деп еститін, бәрі дұрыс. Менің тұңғыш махаббатымнан қалған бір ұрпақ. Мұны көрсеткен Аллаға ырзамын.

– Шешең бар ма? Балалар үйіне қандай туған-туыстарың қатысып тұрады?

Бүйрекбай:  Мен тірі жетіммін. Өзбек ше­шем – Зухра  апам қайтыс болыпты. Бір­де Басыбай ақсақал: «Әкеңде еш кінә жоқ, екеуі қосылайын деп жүргенде қайын атасы қарсы болған, сен іштегі бала едің», –  деді. Тәңір қаласа, екеуіңді кезіктірем, балам, мұңайма деп, маған ақша тастап кететін.

Сырлыбай Ғалияфәнуге иек қағып:  Сүйемелдеп Басыбайды ертіп келші.

Ғалияфәну Басыбайға Бүйрекбайдың  кім екенін айтып түсіндіреді.

Басыбайды ертіп келген соң, Сырлыбай баладан: Әкеңді, шешеңді ойлайсың ба? Мына қарияны танисың ба?

Бүйрекбай Басыбайды  бас салып өксіп жылайды: Сағындым ата, қайдасың?

Басыбай: Мына уролог Сырлыбай – сенің әкең. Енді дұрыстап танып ал!

Бүйрекбай: Әр ұяға балапан тастаған… Көкек әке-ай, қатыгез болып кеткендер-ай!..

 

***

Арада үш ай өткенде Шымбөрте қала­сын­дағы Басыбай қайтыс болады. Операция үстінде оған маймылдың бүйрегін сал­ғаны анықталып, Сырлыбайдың ісі сотқа тапсырылады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір