МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ
10.06.2016
1758
0

Мамандық таңдау кез келген жасты қинайтын, болашақ өмірге деген бағыт-бағдар ғой. Әр мамандық өзін­дік тағылымы мол тарихымен ерек­ше­ленеді. Сондықтан әр адам өз таби­ға­тына сай келетін мамандықты таң­дауда жаңылмауы тиіс. Ал мен осы орайда өз мамандығымды таңдауда жаңылыс­пағаныма көзім анық жетті. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетінің «Дінтану» ма­мандығы бойынша грант иеге­рі­мін.

Дінтану – республикамыздағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Жалпы, дінтану – қоршаған орта мәдениетімен, дүниетанымымен таныстыратын ғылымның бір саласы.

Қоғамдағы қайсыбір өзекті мәсе­ле­­лер дін саласымен байланысты бол­ғандықтан қарапайым халыққа дұрыс бағыттағы діни білім беру өте маңызды. Бұл саланы игерген ма­ман­дарға: мемлекеттік, діни және қоғам­дық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ре­тін­де және сарапшылар комиссиясы құрамында; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері; дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орын­да­рының оқытушылары; «Халал» стан­дарттау комитетінің, ҚМДБ қыз­меткерлері және басқа да мемлекеттік, мем­лекеттік емес мекемелер мен ха­лықа­ралық ұйымдардың қызмет­кер­лері ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік бар.

Дінтану  – заманауи жоғары сұра­ныстар мен қызығушылыққа ие, әрі елі­міз­дің тәуелсіздігімен тұрғылас жаңа ғасыр мамандығы.

Мен дәл осы мамандықты таң­да­ғаныма қуанамын, өйткені дінтану бір жағынан жеке мамандық болса, екінші жағынан адамды рухани құн­дылықтарға, имандылыққа тәр­бие­лейді. Әсіресе, қазіргі  әлемдік  діни жағдайдың күрделілігі осы саладағы білімді мамандарды қажет етеді. Бі­лікті мамандарға қай кезде де қоғам­нан орын табылатыны сөзсіз.

Айгерим САГНАДИНА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дінтану мамандығы 3 курс студенті.

 

* * *

Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған мәсе­лелердің бірі – дінтану мамандарын даярлау ісі. Еліміздегі дінтану мамандары бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде даярланады. Соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Дінтану» саласында жоғарғы білімді, сапалы мамандар даярланады. Міне, мен де сол мамандықтың студентімен.

Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни жазба ескерткіштерін, діни ұйымдарды да жан-жақты қарастырады. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Қазіргі кездегі қоғамдағы ушыққан діни ахуалды жақсартуда, әр түрлі конфессия өкілдеріне толерантты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру барысында дінтанулық білімді жетілдіру өте маңызды. Бұл саланы меңгерген білімді мамандарға кез келген жол ашық деп ойлаймын.

Дінтану мамандығы күрделілігі жағынан жаратылыстану ғылымдарынан кем түспейтін гуманитарлы ғылымдардың ерекше саласы.

Бекмұрат ИСАКОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дінтану мамандығы 3 курс студенті.

 

* * *

Дінтану  пән ретінде әрі жеке ғылым жүйесі болып ХIX  ғасырдың екінші жартысында дүниеге  келген. Қазір ол елімізде жаңа ашылған, сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Бұл мамандықтың білім беру бағдар­ламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген. Дінтану – қазір адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.

Осы мамандық бойынша білім алған мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асыра алады:

– Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құрал­да­рында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

ҰҚК және ІІМ сараптама қызме­тінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитеті­нің қызметкерлері;

– Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәсе­ле­лері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс­та­рында ғылыми қызметкер;

– Мемлекеттік және мемлекеттік ем­ес жоғары және орта арнаулы оқу орын­дарының оқытушылары;

–  «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

– Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықа­ра­лық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т.б.) қатыса алады;

Бұл ғылымның атқарар қызметіне үңі­лер болсақ.

Бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, дін­дер тарихының археологиялық ескерт­кіш­терін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дін­тану зайырлы тұрғыдан оқытылады.

Студенттер интернет және дінтану бойынша жаңа отандық және шетел әдебиеттерін пайдаланады. Шет елде және діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, университтерде, колледждерде және т.б. жерлерде тәжірибеден өте алады. Шет тілін меңгеруді қалайтындар үшін ағылшын, араб, парсы, түрік тілдерінде сабақ өткі­зіледі. Бітіру жұмысын үздік қорғаған бітірушілер магистратура мен РһD білімін жалғастыра алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттеріне толыққанды оқуына  жағдай жасалған.

«Дінтану» деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына ықпал ететін мәдениеттің ең күр­делі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.

Шыңғыс ИСЛАМОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дінтану мамандығының 3 курс студенті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір