СӨЗ ӘЛЕМІНІҢ ЖҮРЕК ҚАҒЫСЫ
03.06.2016
1287
0

NUR_2813Дәстүрлі жыл қорытындысының мінберіне шыққан әр баяндамашы қадари хәлінше өзіне жүктелген міндетті атқаруға тырысты. Әдебиет өрісіне 2015 жылы шыққан кітаптардың аясында үңілген қаламгерлер бар мен жоқты, тапқан мен жоғалтқанды түгел қамтуды мақсат еткен. Адалы керек, баяндамашылардың қолына жетпей қалған кей шығармалардың атаусыз қалғанын жарыссөзге шыққан қаламгерлер ара-тұра сөздеріне тиек етті.

Сөз өнері айдынының сұлу дидарын толық тамашалай алдық па, жоқ па, ол – тыңдарман еншісінде. Қалай дегенде де, әдеби жыл қорытындысы барысында көркемсөз әлемінде болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардан біраз ақпар алып, әдебиеттің күнгей, көлеңкесін аңғардық. Жиында айтылған ұсыныс-тілектерге ұйым басшылығы тарапынан жауап айтылды.

Қолдарыңыздағы санда әдеби жанрларға жасалған баяндамалардың ықшамдалған нұсқалары мен жарыссөздерді және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің кіріспе сөзі мен қорытынды пікірін ұсынып отырмыз.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір