ҚОҒАМ МЕН ЗАМАН АЙНАСЫ
03.06.2016
1728
0

IMG_4889Нұрлан  ОРАЗАЛИН, сенатор,
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы

 

Қадірлі әріптестер!

Жылына бір рет өтетін дәстүрлі «әдеби жыл қорытындысына» жиналып отырмыз.

Әңгіме төркіні – қай кездегідей әдебиет. Мақсат – өткен 2015 жылы жарық көрген жаңа шығармаларды таразы-талқыға салу. Күнгейлі сәтте­рі­міз бен көлеңкелі тұста­ры­мыз­ды түгендеу. Бір сөзбен айтқан­да, бір жыл ішіндегі барымыз бен жоғымызды, жеткеніміз бен әттеңі­мізді, алғанымыз бен қалғанымызды кәсіби тұрғыдан бағалау, сараптау.

Әдеби жыл қорытындысы – қалам­герлер қауымының, яғни сіз бен біздің кәсіби мәжілісіміз. Сондық­тан талап жалғыз – ақты – ақ, қараны – қара деп, бар мен жоқты бүкпей айту. Адалына жүгініп, тек ұлы мәртебелі әдебиеттің ғана пайдасына тиер сөз айту, ағынан жарылып айту! «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөзге тоқтай отырып, әріптес өз әріптесі туралы ақ сөзін айту!

Жасыратыны жоқ, қаламгерлер қауымы өзіне тиесілі пешенесіне бұйырған «жазу» дейтін киелі дүние мен «жазушылық» дейтін сирек кәсіпті әуелі өздері аялап, ардақтай білмесе, мына даңғазасы мен дақпырты мол көзсіз дәуір әдебиет­тің қабағына қараудан қалып барады. Құндылық атаулының, әсіресе, ұлттық құндылықтардың басына қара бұлт төніп тұр. Бүкіл әлем осындай бір ахуалды бастан кешуде. Алты құрлық мазасыз… Мазасыз дүниенің жалынына шалдықтыр­май, кешегі асылдарымыз бен ар­дақ­тыларымыздан қалған қазынаны қорғауға тиіспіз. Бұл, әсіресе, қолына қалам ұстап, сөз майданына енді-енді араласып жүрген, қауырсын қанаты жаңа-жаңа бекіп келе жатқан жастар үшін керек.

Жастар – ертеңіміз!

Жастар – өркеніміз!

Жастар – өрісіміз!

Реті келгенде айту парыз – әде­биет­тің қозғаушы күші саналар көр­кем сын соңғы жылдары өрісін кеңейте бастады. Бұл орайда, «Қазақ әдебиеті» газетіндегі талдау, сараптау мақалаларының қара көбейтуі сөзіміздің дәлелі. Қазақ көркем сынында серпіліс бар. Әдеби басы­лым­ның табандылық көрсетіп, әріптес­тері­мізді сергек сөз айтуға, көркемдік әле­мінің қалтарыс-бұлтарыстарын танып талдауға жұмылдырып отырғаны игі­лік­ті іс. Соның арқасында сында жаңа есімдер көріне бастады. Батыл-батыл ой­­лардың тұсауы кесіліп, әдеби бағы­ты­мыз бен бағдарымызды бағалауға бет бұрдық. Жас сыншылардың ойлы, пара­сат-пайы­мы терең мақалалары бізді қуантады.

Иә.

Сөз өнеріне дем беру, қолдап отыру аса қажет.

Қолдаудың мемлекет тарапынан көрсетілер түрлері мен жекелеген демеушілік сипаттағы үлгілерінің бәр-бәрін іске қосуды ойластыруымыз керек-ақ… Бұл – бүгінгінің ғана ақиқаты емес, бұл – өнерді өрістету­дің өткен ғасырлар қойнауынан бізге аман жеткен тағылым­ды жолдары. Бұл – өнерге кең жол ашар, өнер тұлғаларына, сол санатта жазушыға да қанат бітерер пәрменді күш!

Әдебиетті қоғамнан, заманнан бөле-жара қарауға болмайды. Әде­биет – қо­ғам немесе заманның айнасы десек, қоғам, заман – әдебиетті қимылға, әре­кетке салар ұлы кеңіс­тік. Ұлы кеңіс­тіктің ойға, санаға, жүрекке артар жүгін абыроймен көтеру – ортақ мінде­тіміз!

Тәуелсіз жұртымыздың жаңа дәуірд­егі бетпе-бет келіп отырған өмір сүру, ел іргесін бекіткен үстіне бекіте түсу, «Мәң­гілік Ел» болу қағидаттарын ор­нық­тыру тәрізді ұрпақ, ұлт иығына жүк­телер міндет­тердің ауырлай түскенін біздер, қа­ламгерлер жан-жүрегімізбен сезінеміз. Сондықтан да әлемде болып жатқан алуан түрлі қақ­ты­ғыстар мен со­ғыстарға барынша алаңдай отырып, жаһандану кезеңі қалыптастырып отыр­ған келеңсіз­дік­тер мен керенау­лық­тарға сыни тұрғыдан қарауға тиіс­піз.

Елбасы ұсынып отырған ел тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етуге жұмыл­дырар ұлттық идеяларды қолдау – Тәуелсіздікті қолдау. Тәуелсіздік – ұлттың басты мұраты. Әдебиет – осынау ұлы мұрат жолындағы адам жанын тәрбиелеуге ықпал етер, ел рухын тәрбиелеуге қызмет етер ең басты көркем құралдың бірі. Осылай деп ұққанда ғана көркем әдебиеттің бағы жанады, ондаған ғасырлық өнеге мектебі қалыптасқан сөз өнерінің де, сөз өнерінің тағдыр-талайын арқалаған бүгінгі қалам­гер­лер қауымының да өрісі кеңейері күмәнсіз.

Сонымен…

Келелі кеңесімізге, алқалы басқосуы­мызға бәтуа тілеуге рұхсат етіңіздер.

Жиын­ның туы – мәде­ниет­тілік пен са­быр, төзімділік пен парасат болғанын қа­лаймыз. Әрине, сынсыз баяндама бол­майды. Сын мінімізді айтумен бірге, сол мінді қайталамаудың жолдарын қоса ұсынса, нұр үстіне нұр болар еді…

Күнілгері әзірленген жанрлық кеңес­тер мен Басқарма хатшылы­ғы­ның ұй­ғары­мымен мәжіліс мін­бе­сінен он екі баяндама және хабарламалар оқылады. Проза, поэзия хақындағы баяндамаларға 15-20 минуттан, өзге баяндамаларға 13-15 минуттан, хабарламаларға 7-10 минуттан уақыт бөлінсе деген ұсы­ныс бар. Жарыссөзге – 3-5 минут, сұрақ-жауапқа – 3 минут… Жетіп қалар деп ойлаймыз. Жиынды жүргізуді хатшылыққа жүк­тейік. Секретариат мүшелерін прези­диум­ға шақы­рамыз.

Жиынды бастауға рұхсат етіңіз­дер!

Іске сәт!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір