АЛАҚАЙ, МУЗЕЙДЕ БАЛАҚАЙ!
03.06.2016
1623
0

Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен «Алақай, Алақай, Музейде балақай!» атты жоба бастады.

Жобаның «Көшелер сыр шертеді»  бөлімінде бала­лар мен ата-аналар Бөгенбай батыр көшесінен бастап, М.Төлебаев көшесінің бойымен Абай даңғылына дейін экскурсия жасады. Музейтанушы ерікті студенттердің, музей қызметкерлерінің  көмегімен қаланың көркеюіне, ұлт руханиятының дамуына үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің өмірі жайлы мағлұмат алды. Қазақ халқының тарихында Алматыдағы М.Төлебаев көшесінің орны ерекше. Осы көшеде қазақ халқының көр­некті тұлғалары, еңбегі ерен азаматтары тұрған.  Н.Тілендиев, Д.Қонаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов және М.Әуезов музей-үйлері мен есімі елге белгілі елшілер мен архитекторлар тұрған үйлердегі ес­керт­кіш тақталар осының айғағы. Бұған қоса, жоба аясында балаларды домбыра, қобыз, жетіген аспабында ойнауға баулып, Н.Тілендиев музейінің алаңында өздері ұнатқан аспаптың суретін салуға мүмкіндік берді.  Жас ұрпаққа өнеге болар ірі тұл­ғалардың өмірімен таныстыратын бұл жоба енді тұ­рақты түрде өткізілетін болады. Экскурсия жүр­гізген ерікті студенттер жетекшісі ҚР еңбек сіңір­ген экскурсия жүргізуші Бақыт Оразымбетова.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір