ОҚУ ЗАЛЫ – МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
27.05.2016
2215
0

DSC_6512Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ көркемсөзінің шебері Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Дәстүр» баспасынан шыққан «Тарланбоз» кітабы мен қаламгердің жан серігі, жазушы-ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, осы игілікті шараның ұйтқысы Сәуле Досжанованың «Менің жалғыз серігім» атты туындысының тұсаукесері және Ұлттық академиялық кітапханадағы жазушының оқу залы-мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Басқосуға жиылған ҚР Парламент де­пу­таттары, ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, замандас достар көзінің тірі­сінде-ақ шығармашылығы халқының ыстық ілтипатына, сүйіспеншілігіне бө­леніп, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лау­реаты атанған дара тұлғаның шығар­ма­шылық  деңгейі, азаматтық қыры, ерек­ше болмысы, тылсым жандүниесі хақында естеліктерін, сыр-сағыныштарын ортаға сал­ды. Сәуле Досжанованың сөзіне жазыл­ған Қайрат Темірғалидың «Сағыныш» ат­ты жазушы рухына арналған әнді тағы бір тыңдап, сүйікті қаламгерлерін толғана ес­ке алды.

Мұражайдың оқу залына жазушының өзі жұмыс жасаған кабинеті түгелдей кө­ші­ріліп келген. Жұмыс үстелі, орынтағы, ком­пьютері, ұстаған заттары мен киімдері және марапаттары қойылған. Өмір бойы жи­наған кітаптары мен картина, сувенир­лері бәрі өзінің пайдаланған жиһаздары ха­л­ық игілігі үшін отбасы атынан сыйға тар­тылды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір