ТҰҒЫРЫ БИІК ЖАН
27.05.2016
1923
0

бАЙТУРСЫНЖұрт Байтұрсынды Байекең дейді.Бүгінде жетпіске келген Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы ұлттық көркемөнер саласында өзіндік орны бар маман, тәжірибелі педагог, өнер саласының білгір ұйымдастырушысы.

Байекеңнің мақсаткерлігі мен таланты сту­дент шағында айқын көрінді. Жетінші сыныптан кейін училищені, одан соң оқуын жа­л­ғастырып, 1969 жылы Абай атын­дағы Қа­зақ Мемлекеттік Педа­го­ги­калық Инс­ти­ту­тының көркем­өнер-графика фа­куль­те­тін бітіріп шық­ты. Осы оқу орнында жұ­мысқа орналасып, оқытушы, ұзақ жылдар факультет деканы болып қызмет ат­қарды. Бұл жыл­дар оның шынайы педагог, оқу ісін ұйымдастырушы ретінде әбден қа­лып­тасқан іскер де білікті маман екенін көр­сетті. Ұйымдастыру және шәкірттер тәр­­биелеу жұмысында ерекше қабілет та­ныт­­ты. 1978 жылы жаңа құрылған Алма­ты көркем-театр институтының оқу және ғы­лым жұмысы бойынша про­ректорлық қыз­метке тағайындалды. Ресейде қызмет етіп жүрген отандық білікті мамандарды ел­ге шақырттырып алған тұсы да осы уа­қыт. Бүгіндері өнер­тану саласының белді ма­маны, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Қ.Қ.Мұратаевтарды елге сол кез­де алып келген еді.1987 жылы, мамыр айын­да 1986 жылдың желтоқсанында бол­ған оқиғаларға байланысты проректорлық қыз­метінен босатылып, Кеңес Одағы Ком­мунистік партия қатарынан шыға­ры­л­ды. 1990 жылы бұрынғы қызметіне қайта қа­был­данды. 1994-2007 жылдар ара­лы­ғында Ә.Қастеев атындағы Мем­лекеттік өнер мұ­ражайының директоры болып қызмет ат­қарды. 2007 жылдың шілдесінде Т.Жүр­генов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер акаде­миясына мұғалімдік жұмысына ауысуына байланысты мұра­жай директоры қыз­ме­ті­нен өз еркімен босатылып, 2009 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Суретшілер одағы­ның XVI съезінде Суретшілер одағы Бас­қар­масының төрағасы болып сайланды.

Байтұрсын Есжанұлы ысылған басшы еке­нін Одаққа келгенде де анық көрсетіп, өнер үшін суретшілердің басын бі­рік­тіре білді.

Байекеңнің әр адам жөнінде өз пікірі, көз­қарасы бар. Қандай тапсырма беру керек, оның қандай істерді атқаруға қабілеті бар, осыларды әрдайым ескере білуі қа­сын­да жүрген біздерге үлкен мектеп болды.

Әріптестері, шәкірттері Байекеңді өзі­нің бай кәсіптік және өмірлік тәжі­ри­бе­сін айта отыратын жайдары, тіл та­быс­қы­ш адам деп біледі. Өнердің бірнеше буынын тәрбиелеген Байекең, құрметтен де кен­де қалған емес: Алматы облысы, Пан­фи­­лов ауданының Құрметті азама­ты, Өнер­тану про­фессоры, «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңірген қайра­т­кері», Украина Суретшілер одағы мен Ресей Көр­кемсурет академиясының Құрметті мү­шесі, Ресей музейлер кеңе­сінің (ИКОМ) Құр­метті мүшесі, Қазақ­стан музейлерінің ЮНЕСКО жанындағы Ассоциациясының Президенті (2000-2009), ЮНЕСКО жа­нын­дағы өнер сыны мен зерттеушілері ас­социациясының мүшесі,1998 жылдан бері Қазақстанда қойылатын ескерткіш­тер­мен мону­мент­терді сараптау комиссия­сы­ның мүшесі, 2006 жылдан бері Алматы қа­ласы бойынша тарихи-мәдени ескерт­кіш­терді қорғау комиссиясының мүшесі.

Осыншама мәртебеге өзінің барлық бол­мыс бітімімен, табиғат берген ұнам­ды мі­незімен, қарым-қабілетімен жеткен Бай­тұрсын Есжанұлы бүгінде Т.Жүр­генов атын­дағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында шеберхана ашып, шәкірттерге дәріс оқып келеді.

Байекеңнің өмірі ізденіс, тынымсыз еңбектен құрылған.

Бірде жолым түсіп Семей қаласына бар­ғанда суретшілер, профессор Құмар Ма­каров пен профессор Әбдікәрім Қамақ «Байтұрсын біздің ұстазымыз» дегенде, «Зей­нет жасындағы бұларға Байекең қай кез­де сабақ берген екен» деп таң қалғам. Қан­шама шәкірт тәрбиелесе де, Байекең еш­қашан ешкімді менің шәкіртім деп ен­шілеген емес. Бірде Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, суретші  Тілеужанов Әбілхан да: «Төбелескенім үшін оқудан шығып қа­лар едім, Байекең мені қорғап қалды ғой», – деп айтқаны есімде.

Мұның бәрі Байекеңнің өнерге деген құрмет сезімде жатыр деп ойлаймын.

Жанарбек БЕРІСТЕН,
профессор, ф.ғ.к.,
ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір