«МЫҢ ТЫНЫС – БІР ДАУЫС»
13.05.2016
1369
0

13087580_1695466347379197_4170339248686617905_nҚазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мем­ле­кеттік академиялық Балалар мен жас­өспірім­дер театры Түркия мемлекетінен үлкен табыспен оралды. Аталмыш театр 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың ХІ халық­аралық фестивалінде «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды.

«Түркітілдес театрлардың 9-шы халы­қ­а­ралық фестивалі өте жоғары дәрежеде өтті. Себебі, оны ұйымдастырушылар әр ел­ден келген қонақтарға барлық жағдайла­рын жасаған екен. Бұл фестивальмен қатар мұ­сылмандардың мейрамы – Мәуліт мере­ке­сінің тұспа-тұс келуі есте қаларлық ша­ра болды. Фестивальге оншақты театр ұжымы қатысып, өнер көрсетті. Олардың ішінде біздің ұжымымыз өздерінің бар күшін салып, ең үздік спектакль жүлдесін жең­іп алды. Бұл театр артистерінің сах­на­дағы мақтан тұтарлық үлкен табысы», – дейді белгілі режиссер әрі театр директоры Сәбит Әбдіхалықов. Бұл фестивальге Түр­кия­ның бес театрымен қоса, әлемнің түк­пір-түкпірінен: Македония, Молдова, Әзір­байжан, Кипр, Грузия, Ирак, Иран, Бол­гария және т.б. мемлекеттерден арнайы келген сахна шеберлері сайысқа түсті. Мәселен, Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымын Коньяның орталы­ғын­дағы Түрік ұлттық «Devlet» театры қой­ған екен. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров, қоюшы-су­рет­шісі – Индира Ихсан, музыкамен көр­кемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстер – Ринат Билібаев.

Түркия көрермендері ғана емес, түркі­тіл­дес мемлекеттерден келген кәсіпқой театр ұжымдарының көңілінен шыққан тамаша қойылымда Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гауһар Сағынғалиева, Толқын Нұр-бекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергеш­ова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев сынды май­­тал­мандар өнер көрсетіп, шеберлік­те­рі­мен әріптестерін тәнті еткен.

Жастар театрының жетекшісі Сәбит Әбдіхалықовтың айтуынша, театрдың шы­ғармашылық ұжымы өздерінің өнер­лерін шыңдауда өте жақсы мүмкіндіктерге ие болған екен. Талант иелерінің болмысымен астасып жатқан бұл пьесада бір ғана кейіпкер бар. Ол – қара шекпенді Шопан. Спектакльде иесіне адал берілген төбет, адамның түрлі болмысын бейнелейтін Көк­жал қасқыр, Көкшулан қаншық, Қо­с­­ү­рей қоян, еңбегі еш есек Кико, 250 жыл жасаған Қуқар қарға, айласына құрық бой­латпас Сылаң түлкі, әділет­сіз­дік­ке жа­ны төзбейтін, бірақ оның қулық-сұм­дық­тарын да әлі түсінбейтін Бе-бе қозы кезегімен бірінші планға шығып оты­рады. Ал қортық қасқыр мен қойлар да тіршілік­тің иелері. Тындырғаны шамалы болса, топ бастаған Теке де көрермен назарын аударады.

Жалпы, «Қара шекпен» спектаклі – жа­нуарлардың бейнелері арқылы қоғам өмірінің шынайы бет-пердесін ашып көрсетуге бағытталған. Он сегіз мың ға­лам­дағы жаратылыстардың ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да – Адам екенін қойы­лым­ды көз алдыңыздан өткізе отырып се­зінесіз. Яғни жас көрермендерді тәр­бие­леп, олардың өз тынысын барлауына қойы­лым барынша ықпал етеді.

Тағы басқа да сан түрлі сұрақтарға жа­уап беретін бұл қойылымды Түрік әлемі жұрт­шылығы жылы  қабылдады.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір