ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ
06.05.2016
2495
0

КозакиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағандыдағы Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты кездесу болып өтті.

Бұл – этномәдени бірлестіктер өкіл­дерімен Қарағанды облысының басты кітапханасында ұйымдастырылып отыр­ған алғашқы кездесу емес. Мекеме қыз­мет­керлері Халықтар бірлігі күні қар­са­ңын­да презентациялар, дөңгелек  үс­­тел­­дер және әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған. Тәуелсіздіктің  25 жылдығы аясында этномәдени бір­лес­тіктердің шығармашылық ұжымдары аймақтағы түрлі концерттік  бағ­дар­ла­маларға, об­лыс­тық спартакиадаларға атсалысып, Достық үйінде өз іс-шара­ларын ұйым­дастырумен белсенді айналысып келеді.

Аталмыш кездесудің басты мақсаты – облысымыздағы этномәдени бірлес­тік­тер қызметімен таныстыру, олардың ұлт­тық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға және жас ұрпақты ұлтаралық келісімге тәрбиелеу.

Кездесуге «Дакия» румын мәдени қо­ғамы»  және «Казачья вольница» қоғамдық бірлестіктері, «Видергебурт» неміс ор­та­лығы»  облыстық қоғамы, «Полония» об­лыстық поляк қоғамы, «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мә­дени орталықтарының ассоциациясы» қо­ғамдық бірлестігі, Т.Шевченко атын­дағы «Рідне  слово» украин  тілі серіктестігі қатысты.

Этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжым мүшелері кешке қатысушыларды өз өнерлерімен таныс­тырды. Концерттік бағдарламаны  «Видергебурт» неміс орталығының би ансам­блі ашты. Музыкалық сәлемдемені бел­­гілі «Казачья вольница» халықтық ан­самблі жалғастырды. Румын мәдени қоғамының солисі заманауи өңделген халық әнін орындап, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Т.Шевченко атын­дағы «Рiдне слово» украин тілі серік­тес­тігінің мүшелері қазақ тілінде ән айтып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Этномәдени бірлестіктер төрағалары өз сөздерінде этномәдени орталықтардың қызметіне тоқталып, қазақ және ана тілін оқытатын  жексенбілік мектептер жөнінде баса айтты. Сондай-ақ, ұлттық мәдениет­ті, салт-дәстүрді және халық шығарма­шы­лығын  дамытудағы атқарылып жат­қан орасан зор жұмыстарды айрықша атап өтті.

Облыстық әмбебап кітапхана бас­шы­лығы іс-шара қатысушыларын келе жатқан Халықтар бірлігі күні мерекесімен құт­тықтай отырып, этномәдени бірлес­тіктер төрағаларына алғыс хаттарды табыс етті.

– Н.Гоголь атындағы облыстық кітап­ханаға этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестікті жал­ғастырып келе жатқан игі істері үшін ал­ғысымды білдіргім келеді. Біздің басты қыз­метіміз – бірлік пен біртектілікті, этно­с­а­ралық келісімді, қазақстандық пат­­рио­тиз­мді қалыптастыру мен дамы­ту­ға ба­ғыт­­талған. Бастамаларымыз қол­дау тауып, еңбегіміз осылай бағаланып  жатса – біздің міндетіміз орындалды деп білеміз, – деп аяқтады өз сөзін «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төра­ғасы Семен Раков.

Кеш соңында кітапхана қызметкерлері Тә­уелсіз Қазақстанның қалыптасу жо­лын­дағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ролі туралы, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының даму кезеңдері және Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктері жайлы әдебиеттерден тұратын «Біздің байлы­ғымыз – бірлікте» атты кітап көрмесімен таныстырды.

2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы және басқа да ірі іс-шаралар атап өтіледі. Н.В.Гоголь атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кітапханасы ағым­дағы жылда өткізілетін басты оқиғаларға ақпараттық қолдау көрсетуде белсенді атсалысады.

Қазақстан халқы бірлігі мейрамы – 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні деп белгіленген жарлыққа қол қойған болатын. Егемен ел атанғалы бері бұл мереке ерекше мазмұнға ие болып, қазақ­стан­дық­тардың ұлт айырмашылығы мен діни сеніміне қарамастан, берік бірлі­гі­міздің, ажырамас достығымыздың нышанына ай­налды. Олай болса, гүлденген, бола­шағы зор мемлекетте өмір сүруіміз заң­дылық деп сенімді айта аламыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір