КҮЛӘШ ЖАЙЛЫ КІТАП
06.05.2016
1514
0

Назира китапӘдебиет әлемінен хабары мол жұртшылық ақынның шы­ғармашылығымен қатар, оның өмір жолына да қызығады. Өйт­к­ені, авторға әсер еткен жайттар міндетті түрде оның шы­ғармаларынан орын алатыны, қаламгердің әр жазбасы өміріндегі оқиғалар мен қоғамдық көзқарасынан тыс болмайтыны  белгілі.  Қазақ әдебиетіндегі қаламгерлердің өмірі жайлы шығармалар жазу үрдісі ұрпақтан-ұрпаққа өз жолымен әдемі жалғасын тауып жүр. Осындай жақсы үрдістің бір көрінісін белгілі журналист Назира Байырбектің жуырда жарық көрген «Күләш Ахметова» атты кітабынан байқадық. Кітапта ақын, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың өмір жолы мен шығармашы­лы­ғының қалыптасу кезеңі көркем түрде баяндалады. Шағын әңгімелер арқылы ақынның ба­лалық шағынан бастап, есімі елге белгілі болған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын кітап әдебиетсүйер қауымды бей-жай қалдырмасы анық.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір