«Ән-жырым саған, туған ел!»
29.04.2016
1841
0

ЕРЕЖЕСІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2016 жылдың 24-25 мамыр күндері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев атындағы ІІ Халықаралық «Ән-жырым саған, туған ел!» атты ән конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты:
• Композитордың әндерін келер ұрпаққа насихаттау, дәріптеу;
• Өнердегі өскелең ұрпақты А.Қоразбаевтың әндерімен сусындату;
• Ән өнерін дамыту және жас талантты орын­даушы-лардың жаңа есімдерін анықтау.

Конкурстың талаптары мен шарттары:
• Қатысушылар 3 әннен орындайды (А.Қоразбаевтың екі әні және Қазақстан композиторларының немесе халық әндерінен бір ән). Жеке әншілер, топтар: дуэт, трио, квартет, оркестрдің, ансамбльдің сүйемелдеуінде (минустық фонограмманың сүйемелдеуінде өзінің жанды дауысымен орындайды), аспаптық сүйемелдеуде орындауға болады (домбыра, сырнай, фортепьяно, т.б.).
• 2013 жылы өткен І халықаралық конкурстың лауреаттары қатыстырылмайды.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
• 1 кезең (іріктеу кезеңі) – әрбір қатысушы орындайтын әнін бейнетаспаға түсіріп, Ережеде көрсетілген электронды пошта арқылы немесе DVD таспасына жазып, 10 ма­мыр­ға дейін 2016 жылдың ұйымдастыру комитетіне ұсы­нады. Ұйымдастыру комитеті іріктеуден өткен үміткерлерге 2-ші кезеңге қатысу үшін арнайы шақыру жібереді.
• Конкурсқа 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
• Конкурс жеңімпаздары жыл соңында өткізілетін Гала-концертке төлемақысыз қатысады.
А.Қоразбаевтың әндерінің ноталық нұсқасын және басқа да қосымша ақпараттарды автордың сайтынан алуға болады www.korazbaev.altynbek.kz
Құжаттарды қабылдау тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер (қосымшадағы үлгі бойынша), Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 47 Облыстық халық шығармашылығы орталығына ­тап­сырылады.

Байланыс телефондары: 45-26-02, Тел.факс 45-25-59.
E mail: ocnt_taraz@mail.ru
Жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір