ҚОЯН ЖӘНЕ АРЫСТАН
15.04.2016
1995
0

770328591p-mihalkov-kКірпі мерейтойына

Қоянды да шақырды.

Үстелде шарап қойылған

Алдымен шампан атылды.

 

Шарапты Қоян қылғытып,

Қызара-бөртіп мас болды.

Қара сөзге дес бермей,

Қонақтарға бас болды.

Тағы бір «жүзді» еңсеріп,

Орнынан тұрды теңселіп.

«Кет-тім үйге» деді де

Есікке қарай беттеді.

Кірпі айтты: «Қоянжан,

Қона сал үйге, кетпегін!

Адасып кетсең тоғайда

Үйіңді табу оңай ма?

Сақ болғын, оның үстіне,

Арыстан-залым жүр дейді

Сайран сап осы маңайда».

 

Қоян «батыр» көнбеді,

«Арыстан ба? Қайда ол?

Қайдасың, қане, кел!» – деді,

«Танытайын әкеңді

Кегімді алып мен!» – деді

Осылай ол айқайлап,

Қисалаңдап былай да,

Қисалаңдап  олай да,

Келе жатты тоғайда.

Бұл айқайды есітіп,

Оянып кетті Арыстан.

Шараптың исі мүңкіген

Жетті оған алыстан.

Келіп қалған  Қоянды

Сығымдап ұстап алды да,

Деді: «Қолға түстің бе?

Батырсынып жүрсің ғой,

Әлде шарап іштің бе?».

 

Қорқыныштан Қоянның

Жүрегі қатты дүрсілдеп,

Жалбарынды былай деп:

«Ішіп едім ниет қып,

Сізді аман жүрсін деп.

Амандығын балаңның,

Амандығын анаңның,

Бүкіл  бала-шағаңның,

Тілеп іштім, Ареке!».

 

Мұны есіткен Арыстан

Жаздырып кеп жіберді

Сығымдаған уысын.

Кешірді ме,  кім білсін?

Жағынып тұрған «туысын».

 

       ***

Шарап десе Арекең,

Жеркенетін теріс қарап.

Одан  да емес, Қоянды

Құтқарып қалған 

ол – мадақ.

 

Аударған Абатбай КІРҚАБАҚОВ.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір