ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ТӨРІ

1
300 қаралды

14435884687ukgm27 наурыз – Халықаралық театр күні. Дәл осы күні қазақ театр өнерінің қара­шаңы­рағы М.Әуезов атындағы қазақ мем­лекеттік академиялық драма театры өзінің 90 жылдық мерекесін атап өтті. Айтулы ме­рекеге Қазақстанның түкпір-түкпі­рі­нен театр қайраткерлері мен өнер жұл­дыз­дары жиналды. Таңғы сағат онның кезінде басталған ұлы мереке ұлттық өне­ріміздің іргесін қалаған кешегі арыстарымыз бен алыптарымыздың көзін көрген ар­дақты анамыз, Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі Хабиба Елебекованың 100 жылдық мерейтойына жалғасты. Мерейтой өте әсерлі, халықтың көңілінде жүр­ген өткен өмірдің көп үзіктерін қайта жаң­­­ғыртқан ерекше сәт болды. Жаңа қойылымдар арасында өтетін дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі де осы екі ша­ра­мен қатар аталып, өнерсүйер қауымды, осы салада еңбек етіп жүрген дарын иеле­рін қуанышқа бөледі. Сол күні Алатау ұйқ­ысынан ұлттық өнердің атын атап оян­ғандай болса, кеш сол өнердің баянын түген­деген жиынға жалғасты. М.Әуезов атын­дағы театрды  90 жылдық мерекесі­мен Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арнайы жеделхатын жолдап құттықтады. Пре­зиденттің құттықтауын Мәдениет жә­не спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлы көпшілікке жеткізді. Бұдан соң театр­дың көшін бастап жүрген КСРО ха­лық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов сөз сөйлеп, театр­дың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқ­тал­ды. Еліміздің әр қаласындағы театр­лар­дан келген құттықтауларды ұжым басшылары жеткізді. Жиынның келесі бір сәтінде сенатор, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп, Сенат төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау ама­натын жеткізді. Қаламгерлер ұйымының басшысы өз сөзінде театр мен жазушылар арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, бастауында ұлт өнерінің негізін қалаған Қаллеки Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Иса Бай­зақов, Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков секілді ұлы­лары­мыз құрған театр өнерімен Мұхтар Әуезов, Ғабит Мү­сірепов, Сәбит Мұқа­новтар арасындағы ұр­паққа үлгі болатындай өлшеусіз бай­ла­ныстың үзілмей келе жатқанын айтты. Театрдың кейінгі жылдардағы жетіс­тік­­терін тілге тиек етіп, текті өнердің төрі болған ұлттық театрымыздың басшы­лы­ғын, бүгінгі өнерімізді өрістетіп жүрген ак­терлерді айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты мерекені театр директоры, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ер­лан Біләл жүргізіп, жиын соңы тарихы те­рең өнер ордасының әр кезеңінен хабар бе­ретін кешке ұласты.


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА

14435884687ukgm

Сіздерді театрдың 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Ұлы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленетін бұл театрдың ұлт рухания­тын дамытуда алатын орны өзгеше биік. Бүгінде өздеріңіз еңбек ететін өнер ұясының тарихы терең әрі тамаша дәстүрлерге бай.

Осы мерзім ішінде мұнда халқымыздың талай-талай аса дарынды ак­терлері мен режиссерлері еңбек етіп, халыққа танылды, өздерінің өш­пес қолтаңбаларын қалдырып, көрермендердің шынайы сүйіс­пен­шілігіне бөленді. Театр сахнасында әр жылдары ұлттық  және  әлемдік дра­матургияның үздік туындылары табысты қойылды.

Сіздердің қойылымдарыңыз арқылы мыңдаған қазақстандықтар адам жанының күрделі қалтарыстарына жаңаша үңіліп, хас өнердің нәрі­нен сусындап, жүректерін нұрландыра алды.

Ұжым алдағы уақытта да заман талабына сай мазмұнды қойы­лым­дар ұсынып, адамгершіліктің асыл қасиеттерін паш ету арқылы кө­рер­мендерді гуманистік рухта тәрбиелеуге өздерінің лайықты үлесін қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақыт, өнердің қия жолында сәт­тіліктер мен табыстар тілеймін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы наурыз.


Құрметті өнерсүйер қауым,
М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы!

Ұлт өнерінің қарашаңырағы, қазақ сахнасының алтын бесігі, қазіргі әлемдік дең­гей­дегі ұлттық театрлардың бірегейі М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік ака­демия­лық драма театрының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мә­дениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қо­рына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады», – деп атап өткендей, театрдың ұлт руха­ниятын дәріптеудегі орны айрық­ша.

Қазақ театры болып ұйымдастырылып, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымымен шы­мылдығын ашқан өнер ордасында халқымыздың біртуар тұлғалары өнер көрсетіп, шығармашылық қалыптастыру жолында зор еңбек сіңірді.

Мәдениет пен өнер өлкесіне алғашқы қадам – театр табалдырығынан бас­тау алады десек, руханият әлеміне лек-легімен теңдессіз сахна ше­берлерінің келуі театрдың күр­делі драмалық шығармаларды көрерменге асқан шеберлікпен ұсынуына мүмкіндік туғызды.

90 жылдық тарихында қалың көрермен қауымына мыңдаған қойы­лымдарын ұсынған театр репертуары әр кезеңде қазақ қаламгерлерінің туын­дыларымен, әлемдік драматургияның озық үлгілерімен толығып, жаңа­рып отырды.

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтің «Ақын трагедиясы», Ж.Ай­мауытовтың «Ақбілек», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Т.Ах­тановтың «Боран», Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында»,  С.Жүнісовтің «Ажар ­мен ажал», Қ.Ысқақтың «Таңғы жаңғырық», О.Бөкейдің «Құлыным менің» сияқты қойылымдары ұлттық драматургияның қайнар бұлағына айналса, Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббат», Д.Исабековтің «Жау­жүрек», Б. Мұқаидың «Өмірзая», И.Сапарбайдың «Қыз мұңы», Иран-Ғайыптың «Қор­қыт­тың көрі» және өзге де қарымды қаламгерлер шығармалары негізінде сахналанып жүрген қойылымдар қазақ театрының дамуын айғақтаған құнды дүниелер екені сөзсіз.

Тарихы тереңнен тамыр тартқан өнер ордасы ғасырға жуық мерзімде актерлік, ре­жиссерлік шеберліктің шыңына  көтерілген бірнеше буынды тәрбиеледі. Олар өнер­сүйер қауым мен қалың жұртшылығымыздың мақтан тұтар қайталанбас тұлғаларына ай­налды. Бүгінде киелі өнер шаңырағы ұлт руханиятының өрісін кеңейтіп, ел мә­де­ние­тіне өлшеусіз үлес қосып келеді.

Мәңгілік ел болуды мақсат еткен халқымыздың ой-мұратына қанат бітірер зама­на шындығын лайықты бейнелейтін кәсіби еңбектеріңізге шығармашылық зор та­быстар тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының Төрағасы
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Астана қаласы,
2016 жылғы наурыз.


ҒАСЫР-АНАНЫҢ ҚАДІРІ

381A4098Қазақ театрының алғашқы іргетасын қалаған қазақ өнерінің ақса­қалдарынан бастап, театрдың бүгінгі буынына дейін әріптес болған Ха­биба Елебекова қазақ те­атр өнерінің тірі шежірешісі. Жуырда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың аяулы анасы, ұлылардың көзін көрген аңыз актриса Хабиба Елебекованың 100 жасқа толған мерейтойы өмір бойы өзі қыз­­мет еткен қарашаңырақ сахнасында аталып өтті.

Театрдың соңғы маусымында қойылған жаңа спектакльдерді сараптайтын дәс­түрлі «Театр көктемі» фести­валі биыл Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың атымен аталды. Қара­шаңырақ театрдың 90 жыл­дығымен тұспа-тұс келген ғасырмен жасты акт­ри­саның өнері мен өміріне арнал­ған салтанатты кешке жүрекжарды құт­­тықтауын жолдау үшін Шымкент ша­һа­­рынан жасы­ның 98-ге келгеніне қа­ра­мастан, әкем­театрдың сахнасында ал­ғаш­қы Дездемонаны ойнаған Қазақс­тан­ның халық артисі Айша Абдуллина құрбысы кел­ді. Мерейтойға Қазақстанның Мә­дениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­медиұлы  келіп Елбасының құттық­тау хатын оқып берді. Сондай-ақ, мұндай арнаулы құттықтау хаттар Қазақ­станның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов­тен, Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаевадан, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, көп­теген облыс әкім­дерінің атынан да келіп түсті.

Асанәлі Әшімов Хабиба апасына ті­зер­леп тағзым еткенде, талай көңіл те­бі­ренді. «Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Досымның үй­ленуі» сияқты спек­такльдердегі Хабиба апамның ойна­ған кемпірлері қа­зір мүлде жоқ.  Хабиба апай  сахнаға жай шыға салмайтын, суда жүзген аққудай қалқып шығатын. Қос ат жеккен пәуескенің жүрісіндей көркем қозғалатын. Актерде екі өмір болады, бірі – өз өмірі, екіншісі – сахналық өмір. Өз рөлінен өзі ләззат алып, рахаттанып ойнаған актердің сахналық өмірі физи­ка­лық өмірінің ұзаруына жәрдем береді.Хабиба апамның да ұзақ жасап, 100-ге келіп отыруының себебі сол», – деді КСРО халық артисі.

100-ге келген Хабиба апа көптеген ха­лық әндерінің түпнұсқасы бұ­зыл­май, иірімі мен қайырымын сол қалпында сақ­тап, келер ұрпаққа дұ­рыс нұсқасын жеткізу жолында көп еңбек сіңірген адам­дардың бірі.

Ұлттық өнердің анасы атан­­ған сахнаның сыршыл шебері Ха­биба апа кеш соңында алақан жайып көп­ші­лікке бата берді.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ.


Дайындаған Назым ДҮТБАЕВА

1 пікір

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.