«ОЯН, ҚАЗАҚТАН» «ТҰР, ҚАЗАҚҚА»
01.04.2016
1719
0

“Ауылды қалай жақсартуға болады?” деген мақаламды 2010 жылы, 30 сәуірде “Қа­зақ әдебиеті” газетінің № 17 (3181) са­нының бірінші бетіне бастыңыздар, үл­кен рахмет! Төбем көкке жеткендей бол­ды. Өйткені, менің сарап­тамамның тү­рінен “қорқып” облыстық “Сарыарқа Са­малы” және республикалық “Егемен Қа­зақстан” газеттері баспады. Бірақ со­ны оқығандары бар және өзім уағыздап та­ратқандарым бар – солардың ішінде ауыл­дың қарапайым тұрғындарынан бас­тап, ауданның әкімдеріне дейін, Сенат де­путаты болып отыр­ғандарына дейін бір­де-бірі: «Мынаны неге жазғансың, бұл кемшіліктерді қайткенде жоя­мыз” де­гендей сауалдар қойған да, сұра­ған да жоқ. Ешкім сұрамаған соң ауыл  тұрғындарының осы бір өмір сүру дағдысы өздеріне ұнай­ды екен-ау деп ойладым еріксіз. Ал бас­шы­лардан (әкімдерден) халық ештеңе та­лап етіп жатқан жоқ, үндемейді. Соны пайдаланып әкім-қаралар “халқымыздың жағдайы жақсы” деп, бәрін иландырады. Не­гізінде олай емес. Қарапайым ха­лық билік басындағылардан бірдеңе сұ­рай қалса: “Жарайды, жасаймыз” де­ген сөздің бұйдасында кетеді. Сол бая­ғы қағазбастылық көп. Халық содан шар­шайды да, қолды бір-ақ сілтейді. Осын­дай немқұрайлылық болмау үшін жас­тарды өз мекендеріне қайтарып, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндіруге қайта ден қоюлары үшін көтерімді қаражат (по­дьёмный) берілуі керек. Көтерімді қара­жатты патша заманында біздің жерге қа­ра шекпенділерді жібергенде берді. Одан кейін Кеңес үкіметі кезінде Тың кө­терушілерге қайтарымсыз берді. Ал қа­зір біздің жастарға неге бермеске. Қа­лада пәтер жалдап, бар тапқанын сол пә­­­терақыға жұмсап, тамақты ауылдағы кә­рі ата-анасынан тасып, күн көріп жүр­гендерге неге қол ұшын бермейміз! Егер кө­терме ақы төленер болса, жастардың кө­бі ауылға қайтар еді. Оларға несие 5-10 жыл аралығына, төлемін 5 пайыздан асы­рылмай берілгені дұрыс. Екінші, не­сие банктің заңы бойынша 21 жастан бас­тап бе­ріледі дейді. Ал Ата Заңымызда (конс­титутция) 18 жас кәмелеттік жас болып бе­кітілгендіктен осы жастан берілгені дұ­рыс. Үшінші, ауылдағы кепілдікке қоя­тын қозғалмайтын мүлік – тұрғын үй. Оны өте арзан бағаға бағалайды да, сол ба­­­ғаланғанның 30 пайызындай ғана несие бе­реді. Бұлай келемеж қылмай, басқа амал­дарын қарастыруға болмай ма?! Міне, осы аталғандарды шешсе, ауылдар өзінен-өзі өркендеп, құлпырар еді.

“Келешегі бар” ауыл болғандықтан ауыл­ға жаңа үйлер салынып, қаладағыдай жал­дамалы түрде пайдалануға берілгені жөн. Өйткені, сонау 1975 жылдардан бас­тап жаңа үйлер салу тоқтатылды. Көп саман үйлер тың көтерген (1954 жыл­­дан бастап) кезде салынған, бүгінгі кү­ні бос тұр, ешкім алмайды. Көшіп ке­ле­тін ағайындар болса, біздің ауылға қоныстануға жіберсе, керемет болар еді. Өйткені, мектебіміз, клубымыз бар, енді су құбыры тартылмақшы.

Оны-мұны қоқыстарды көшенің ор­тасына үйіп, өртеуді тоқтату керек. Көше қо­ғамдық орын, ал қоғамдық орынды лас­тауға ешкімнің қақысы да, құқығы да жоқ.

Біздің Жер-Анамыздың құнарлы то­пы­рақ қабаты қоқыстан пайда болғанын ешқашан да ұмытпағанымыз абзал. Қоқыс баға жетпес тыңайтқыш, ертең қып-қы­зыл ақшаға сатып алады. Ол көшеде ша­шыл­май, орамның ішіне жиналып, үйілуі ке­рек, бұл мәдениеттіліктің белгісі.

Тағы бір айтарымыз – тоғай біздің ба­ға жетпес байлығымыз. Келешек ұрпа­ғы­мыздың болашағын ойласақ, сол байлық­ты өртеуді тоқтатуымыз керек. Ал қазір біз қоршаған ортаға зиян келтірумен бір­ге, Жер-Ананы аздырып-тоздырып жа­тыр­мыз, “ақырзаман болады” деп дүрлігіп жүр­міз, ал ақырзаманды өзіміз жасап жа­тыр­мыз.

Алаштың ұраны “Оян, қазақ” болса, тәуел­сіз Қазақ елінің ұраны “Тұр, қазақ” болуы керек. Көп адамдар күнделікті шы­ғып жатқан заңдардан бейхабар, не оларды түсінбейді.Сондықтан жергілікті әкімдік тарапынан соларды түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс болар еді. Кеңес үкіметі ке­зінде жұмасына бір сағат саяси сабақ өткізіп тұрды ғой, ал қазір неге өткізбеске. Ақпараттар селі жойқын болып тұрған уа­қытта халыққа түсіндіру жұмыстары то­лассыз жүргізілуі тиіс.

Қосымшада ауыл тұрмысының 2006 жыл­дан бүгінгі күнге дейінгі сарапта­масын жо­ғарыдағылар қажетіне жаратып, елдің тұр­мысын түзетуге оңтайлы шешімін тап­тырар деген оймен беріп отырмын. Жал­пы, біз басшы атаулының аузына қараған халықпыз, қосшы болуға дайын тұрамыз. Сол себепті, басшылардың аталы сөзі ке­рек. Атам қазақта: “Аталы сөзді хан да ай­тады, қара да айтады, дегенмен ханның айтқаны дұрыс болады” деген ұғым бар.

“Қазақ әдебиеті” газеті сонау 1983 жыл­д­ан бергі сүйікті қолбасшым, жұма сайын “бұйрығын” тосып жүремін. Сол “бұйрық” жүрегі “мен қазақпын” деп соққан отбасында орындалуы ке­рек. Ал жаздырып алуға жағдайы жоқ­­тарға ауылдық кітапханаларда, клуб­тар­да әкімдік тарапынан арнайы жаз­ды­рылуы керек. Бүкіл Қазақстан бойын­ша қазіргі таралымы тым Ұят. Сол себепті, мекемелерге, мәдениет үйле­рі­не, кітапханаларға, оқу залдарына, мек­тептерге және тағы басқаларына күш­теп жаздырту керек. Насихаттау жұ­мыстарын үзбей жүргізу керек. Әкімдік, әкімшілік өзге газет, журналдарға күштеп жаздыртады. “Қазақ әдебиетіне” де күш­теп жаздырту керек. Сонда ғана келер ұрпақ нағыз қазақ болады. Артық кетсем, ке­шірім сұраймын.

Сәлеммен, Серікбай МҮТКЕНОВ,
ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы.
Әбжан ауылы, Ақтоғай ауданы, Павлодар облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір