АРМАН ҚАЛА  – АЛМАТЫ
18.03.2016
1272
0

Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазу­­шылар одағы бірлесіп, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай халықаралық жыр мүшәй­расын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты: Сан ғасырлық тарихы бар, азаттықтың алтын бесігі болған Алматы қаласын жырға қосу арқылы жаңа заман әде-биетінің бүгінгі күн талабына сай тың  дүниелермен толығуына және терең тарихымыздың көркем шежіресінің жазылуына, сондай-ақ, рухани ұлт­тық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтары­мызды ұлықтауға, оқырманды имандылыққа, бірлікке шақыратын, туған елін, Отанын сүюге үн­дейтін шығармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу.

Мүшәйраға Алматы қаласының ғасырлар қойнауындағы тарихи сәттерін, жеңісті, жемісті кезеңдерін, сонымен қатар, қазіргі күннің көкей­кесті мәселелерін арқау ететін, бұрын еш жерде жарияланбаған поэзиялық шығармалар қабыл­данады. Бәйгеге еліміздегі және шетелдегі қазақ а­қындары қатыса алады.

Мүшәйраның шарты: Үміткерлер шығарма­ла­рын компьютерде теріп, үш данасын  бүркеншік атпен төмендегі мекен-жайға жіберуі керек. Ал үміткер туралы толық мәлімет (автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны) арнайы бөлек конвертке салынып, шығармамен бірге жолдануы тиіс.

Мүшәйраға әр автордан үш өлең қабылданады. Шығармалар 14 кегльмен теріліп (аралық интервал 1,5), 5 беттен аспауы керек.

Екі өлең Алматы қаласына арналуы шарт. Үшінші өлең еркін тақырыпта.

Шығармалар 2016 жылдың 15 сәуірге дейін қа­был­данады.

Бәйгеге қатысатын өлеңдердің бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қадағаланады.

Шығармалар Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 үйге, 25 кабинетке жолдану керек.

Бас бәйге – біреу.
Бірінші – орын біреу.
Екінші – орын екеу.
Үшінші – орын екеу.

Мүшәйра қорытындысы сәуір айының ортасында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір