«МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ – КЕЛЕЛІ ОЙ, КЕСЕК ПІКІР МІНБЕРІ
11.03.2016
3170
0

Нур Отан_логоМәдениет пен өнерді дамыту мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясы жанынан «Мирас» қоғамдық кеңесі құрылғанына алты жылға жуықтады. Бұл қоғамдық кеңесті – мемлекеттік маңызы бар келелі ой, кесек пікір айтылатын алаң деп санауға толық негіз бар.

Партия доктринасында жа­зыл­ған­дай, «Нұр Отан» қашан да «мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуге» мүдделі. Жыл сайын дәс­түрлі түрде өтетін ақындар  айты­сы­­на, аламан бәйге, жорға жарыс, теңге алу, аударыспақ сынды ұлттық спорт додаларына, құсбегілер сайысына мұ­рындық болып келе жатқаны пар­тия­ның осы салада атқарып жат­қан жұ­мыстарының бір көрінісі. «Жай­дарман» сайыстарының да халық­қа, әсіресе, жастар арасына кеңі­нен танылуына «Нұр Отан» пар­тия­сының қолдауы ық­пал еткенін айта кеткен жөн.

Осы орайда, «Мирас» қоғамдық кеңе­сінің негізгі міндеттеріне мәде­ниет пен өнер саласындағы басым ба­ғыттарды анықтап, оларды жүзеге асы­руға қажетті шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу жатады. Сонымен қа­тар, еліміздегі және шетелдегі мә­де­ниет пен өнердің жай-күйі туралы жүйе­лі түрде  ақпараттандырып отыру­­мен шұғылданады. Қоғам үшін маңызы бар басқа да мәселелерді тал­қылау «Мирас» қоғамдық кеңесінің құ­зырындағы жұмыс.

Жыл басында «Мирас» қоғамдық кеңесі өткен жылы атқарылған маңыз­ды жұмыстарды қорытындылаған болатын. 2015 жылы Кеңесте қарас­ты­рыл­ған мемлекеттік деңгейде маңыз­ға ие 5 түрлі тақырыпқа көз жүгір­тейік.

Біріншісі, 2015 жылы Қазақ хан­дығының 550 жылдығы, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының 20 жылдығы, Мемлекетіміздің Ата Заңының 20 жыл­дығы, Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығы ме­рейтойларына  дайындық  пен тиісті іс-шаралар жоспарының орындалу ба­рысы назарға алынды.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Тө­ра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жы­лы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс. Үкімет бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған шы­ғын­дарды қысқарту мәселесін қарас­тыруы керек. Мерейтойларды және оған кететін бюджет қаражатын қыс­қартқан жөн» дегені белгілі. Осыған орай, «Мирас» қоғамдық кеңесі ай­тыл­ған тапсырмалардың ойдағыдай орындалуының үлкен маңызға ие екендігін ескерді. Яғни 2015 жылдағы айтулы шараларды ұйымдастыруда қар­жыны сән-салтанатқа ғана ысырап етпей, өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мазмұнда ұйымдастырылуына баса назар аударды.

«Мирас» қоғамдық кеңесі Мемлекет басшысы ұсынған «Ұлы Дала Елі» идея­сын жүйелі түрде насихаттау ша­ра­ларына мұрындық болғанын ай­рық­ша атап өткен жөн. 2015 жылғы 5 қа­рашада қоғамдық кеңестің кезекті оты­рысы өтіп, онда Елбасы ұсынған идея­ны насихаттау шаралары қарас­тырылды. Сондай-ақ, осы басқосуда Қа­зақстан Республикасында тілдерді да­мыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасының орындалуы бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің есебі тыңдалды. Алқалы жиынға мем­лекеттік басқару органдарының басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің де­путаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлы Дала Елі идеясы – жалған ұран, жалаң сөзбен жүзеге асатын бағ­дарлама емес. Мәңгілік ел қалыптас­тыруға күш салып, жұрттың рухын көтеріп, жігерін жанитын идея. Ал «Нұр Отан» партиясы осы «Мирас» қо­ғамдық кеңесі арқылы Қазақ­стан­ның «Ұлы Дала Елі» ретіндегі имиджін қалыптастыруды қолға алды.

Партия Төрағасының Бірінші орын­басары Асқар Мырзахметов осы жиын­да сөйлеген сөзінде:

– Елбасы «Мәңгілік Ел», «Ұлы Да­ла» идеяларын айтты, халыққа жария ет­ті. Бұл енді тек қана ұран емес, күн­де­лікті, тұрақты, жүйелі, кешенді түр­­де атқарылатын идеологиялық сая­сат деп білеміз, – деп атап өтті.

Мемлекет және қоғам қайраткері, фи­лология ғылымдарының докторы Мыр­затай Жолдасбеков Елбасы ұсын­ған идеяның қаншалықты маңызға ие екендігіне тоқталды.

– Біздің адамдар адаспау үшін, қо­ғам адаспау үшін осындай идея керек еді. Бізге мына халықты алға жете­лей­тін, бір орнында отырғызбайтын, осын­дай бір асыл идея керек еді. Бұл асыл идея – Мәңгі ел орнату, – деді ол.

Қазіргі қазақ қоғамы жиі талқы­лай­тын, кей кездері тіпті дауға ұласа­тын екі тақырып бар. Олар: тіл және дін. Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тілді оқытып, дамыту мақсатында ашыл­ған жүздеген орталық бар. Рес­публика бойынша тіл үйрететін 350 жеке меншік, 88 мемлекеттік орталық жұмыс істейді.

Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан да пікір білдірді.

– Қазақ тілін үйренудің методикасын өзгертпесе болмайды. Мектеп қа­­бырғасындағы оқулықтарды қара­сақ, кейде бір аңшылықтың кітабы сияқты, я болмаса бір мал шаруашы­лы­ғының кітабы сияқты. Аңшылықты қосады кеп, үзеңгі дейді, шідер дейді, қоянның қысты күнгі ұясын кеуік деп айтады дейді. Кеуік дегеннің керегі не? Қазір бізге керегі көшедегі күн­де­лікті ауызекі сөйлесетін тілді дамыту. Тілдің жаны бар. Тіл қолданған сайын түрленіп, байып, өзгеріп отырады. Бірақ шала сауатты аудармашылардың кесірінен не өзіміз, не өзге түсінбейтін «дүбәра» терминдер де қаптап кетті, – дейді Бекболат Тілеухан.

Алқалы жиын соңында «Ұлы Дала Елі» идеясын насихаттау шаралары жө­нінде және Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сының тиімді орындалуы үшін нақты ұсыныстар әзірленіп, Үкімет пен Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» пар­тиясы фракциясының қарауына жол­данды.

«Нұр  Отан» партиясы  Ұлы Дала­ның тарихы мен өркениетін дәріп­тейтін қысқаметражды фильмдер түсіруге, бұл идеяны насихаттауға әлеуметтік желілерді пайдалануға мұрындық болғанын атап өту керек. Осы идеяның аясында «Ұлы дала өсиеті» атты сериялы бейнероликтер ғаламтор арқы­лы халыққа таралды. «Ұлы дала өсиеті» атты құнды кітап жа­рық көрді. «Жас Отан» жастар қа­на­тының шаралары, «Жас ұлан» қоз­ғалысының жұмыстары да осы идеямен үйлестіріле бастады. Моң­ғолияның «Шивээт улаан» кеше­нінен табылған «Мәңгілік тас» ескерт­кішінің көшір­месі «Бейбітшілік және келісім» сара­йының көрме залына қойылғанын да айта кеткен жөн.

«Мирас» қоғамдық кеңесінде тал­қыланған үшінші тақырып – еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі: реставрациялау, кон­сервациялау, қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасы; қорық-мұра­жайлардың мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі: тарихи-мәдени мұра объек­тілерін қорғау туралы заңнама­лар­дың орындалуы. Осы тақырыпқа арналған көшпелі отырыс ҚР Ұлттық музейінде өтті. Жиында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілха­нов, ҚР Білім және ғылым вице-ми­нистрі Т.Балықбаев, ҚР Ұлттық му­зейі­нің директоры Д.Мыңбай баян­­­­дама жасады. Осы тақырыпты зерт­теу үшін арнайы құрылған сарап­та­ма тобының өкілдері – «Қаз­қай­тажаңғырту» РМК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас сәу­летшісі С.Ағытаев, Халықаралық Түр­­кі академиясының президенті Д.Қы­дырәлі және басқалары сөз сөй­леп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

2015 жылғы желтоқсан айында өт­кен Кеңес отырысының тақырыбы шет­­елдегі қазақ диаспорасының мә­де­ниеті мен дамуына Қазақстан тарапынан қолдау көрсету мәселелеріне арналды. Сондай-ақ, олардың бүгінгі хал-ахуалына шолу жасалып, шет­ел­дегі қазақ мәдени орталықтарының жұмысын жандандыру, орталықтар мен Қазақстандағы өкілетті орган­дар­дың өзара қарым-қатынасын нығайту жұмысы қарастырылды.

Аталған басқосуда Сыртқы істер ми­нистрлігінің өкілі А.Тұматов, Мәде­­ниет және спорт вице-министрі М.Әзілханов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары С.Балғабаев қатысып, арнайы баяндама жасады.

– Мұндағы айтылған ең үлкен мә­селе – шетелдегі ағайындармен байланысты бір орталықтан ұйымдас­ты­рып жүргізу. Өйткені, жасыратыны жоқ, қазір мұнымен кім айналысатынын белгісіз. Әрбір министрлік өз ал­­дына жеке-жеке. Дүниежүзі қазақ­тарының қауымдастығы өз алдына жеке. Соныменен шашырап кетіп жа­тыр. Әйтпесе шетелдегі қазақтарымыз ең алдымен ана тілінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен айырылып қалуы мүм­кін, – деді.

Жиын қорытындысы бойынша та­қырыпқа қатысты ұсыныстар әзір­ле­ніп, оны қарастыруға тиісті мемле­кет­тік органдарға жолданды.

Қазақстан Республикасында тіл­дер­ді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасының орындалу барысы да «Мирас» қорының көшпелі отырысын өткізуге темірқазық тақырып бол­ды. Бұл жиында Мәдениет және спорт министрлігінің атқарған жұ­мыс­тары туралы есебі тыңдалып, мем­лекеттік тілдің бизнес пен мем­лекет­тік қыз­мет саласындағы қолда­нылу аясы тал­қыланды.

«Мирас» қоғамдық кеңесі бір жыл­дың бедерінде ұйымдастырған жұмыс­тардың ішінде ең негізгі деген 5 та­қы­рып осы болды. Жалпы, 2015 жылы Ас­тана мен Алматы қалаларында Кеңес­тің 58 көшпелі отырысы өткен. Аймақтық қоғамдық кеңестердің отырысында барлығы 382 ұсыныс әзір­леніп, 28 ұсыныс Кеңес қарауына ке­ліп түсті. Бұл ұсыныстардың бар­лығы «Нұр Отан» партиясының Мәжі­ліс­тегі фракцияларына, жергілікті ат­қарушы органдарға жолданғанын атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жыл­дығына арналған салтанатты жиын­да сөйлеген сөзінде: «Қазақты өзге ұлттан даралайтын – оның тілі мен мәдениеті, руханияты», – деген болатын. Партияның сенімді құралы ретінде, Елбасы айтқан құндылық­тарды халыққа насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіруде «Мирас» қоғамдық кеңесіне жүктеліп отырған жауапкершілік жүгі өте салмақты. Жә­не қоғамдық кеңес осы жауап­кер­шілікті абыроймен арқалап келеді деп санауға толық негіз бар.

Құрылғаннан бергі аралықта келелі ой, кесек пікірлердің мінберіне айналып, мәдениет пен өнер саласына қа­тысты өзекті мәселелерді көтеріп келе жатқан «Мирас» қоры алдағы уақытта осы салалардағы басым бағыттарды одан әрі жүзеге асыруға ниетті.

«Нұр Отан» партиясы сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Ф.Ш.Қуанғанов.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір