ФАРИЗАҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
11.03.2016
1568
0

Фариза2Мемлекет және қоғам қайраткері, қа­зақ поэзиясының көрнекті тұлғасы, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оң­ғарсынованың туған жері Атырау қа­ла­сында ақынға ескерткіш қойылды.

«Дара күндерімнің, нала түндерімнің, серігі болғаның үшін, сенімі болғаның үшін, мен сені аялаймын», – деп қазақ поэ­­зиясына адалдығынан танбаған ақын­ның ескерткіші сомдау конкурс арқылы таң­далды. Қазақстан Жобалаушылар ұлт­тық қауымдастығының вице-президенті, Қа­зақстан Республикасының еңбек сіңір­ген сәулетшісі Серік Рүстамбековтің айтуын­­ша, конкурсқа 12 жоба ұсынылған. Ар­найы комиссия мүшелері тұғырға ор­натылған осы нұсқаға таңдау жасапты. Ес­керткіш қоладан құйылған, тұғырының биік­тігі 4 метр 50 см, ал ақын бейнесінің биік­тігі 4 метр 10 см. Тұғырдың сегіз қа­быр­ғасы бар, оның бірінде ақынның аты-жө­ні, қалған жетеуінде поэзия па­ди­ша­сының бір-бір шумақ өлеңдері жазылған. Мүсінді Мұрат Мансұров жасаған. Ақын ескерткіші Атырау қаласындағы қазақ ғылымының заңғар тұлғасы Қаныш Сәт­баев даңғылына орнатылды. Оның ашылуына Атырау облысының әкімі Бақ­ты­қожа Ізмұхамбетов, өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары мен қала тұр­­ғындары қатысты. Бүгінгі қазақ про­за­сының танымал өкілі, жазушы-драма­тург Рахымжан Отарбаев сөз сөйлеп: «Елі­­­міздің мәдениетіне қосылар таңдаулы ескерткіштер – Жұмекен Нәжімеденов пен Фа­риза Оңғарсынованың бейнелері Атырауда бой көтерді. Ал бұл қазақтың дарынды тұлғаларына деген ерекше құрмет деп бі­лемін», – деді.

Ақынға қойылған ескерткіштің ақ жа­мылғысын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұ­хамбетов пен еңбек ардагері Меллят Са­бырова ашты. Ақынның туыстары атынан Айбек пен Алмагүл Оңғарсыновалар ес­керт­­кішті орнатушыларға алғыс білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір