«БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ» ТҮРІК ТІЛІНДЕ
04.03.2016
2109
0

_DSC0752Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Анкара қаласында орналасқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде қазақтың көрнекті қаламгері Бексұлтан Нұржеке-ұлының түрік тілінде жарық көрген «Бір өкініш, бір үміт» атты романының тұсауы кесілді. Кітап Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті Елшілігінің қолдауымен Еуразия Жазушылар одағына қарасты «Бенгу» баспасынан басылып шықты.

Кітапты аударған Эльмира Қалжанова, баспаға дайындап, ұсынған Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мәлік Отарбаев. Тұсаукесерде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер саласы бойынша екі бауырлас ел арасын­дағы қарым-қатынастың дамып отырғанын атап өтіп, соның ішінде әдебиеттің танымдық үлесінің орасан зор екенін айта келіп: «Міне, биылғы жылы түркі жұртына қадірлі жазушымыз Бексұлтан Нұржеке-ұлы­ның кітабын шығарып, қазақтың өмірін, салтын, сана-сезімін басқа бір қырынан таныстырып отырмыз. Қыз­меттер  өзгереді, ал әдебиет  пен мәдениет  мәңгі бақи қалады. Сондықтан түрік тілінде тұсауы кесіліп отырған кітаптың оқыр­ма­ны көбейсін деп тілейміз», – деді.

УмітҚазақ әдебиетін зерттеп жүрген ғалымдардың бірі, филология ғылымдарының докторы, Гази универси­те­­тінің оқытушысы  Жәмиля Кынаджы  романға шолу жасап, қаламгердің  бұл  туындысы қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрімен қоса, әйел затының табиғатын ашып көрсететін ерекше шы­ғар­ма  екенін атап өтті.  Жиын соңында жазушы Бексұл­тан Нұржеке-ұлы Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қос­қа­ны үшін «Қазақстан-Түркия Достығы» медалімен марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір