ЖАМБЫЛДЫҢ АҚЫНДЫҚ  МҰРАСЫ…
04.03.2016
1460
0

Таяуда  әл-Фараби атындDSC_0748ағы Қазақ Ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбылдың  ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бұл  жиынның  бір ерекшелігі – елі­міз­­дегі бірқатар ЖОО онлайн тәртібінде­ кон­ференция жұмысына қатысты.

Отандық, шет елдік (Түркия,  Ресей, Қырғыз Республикасы, ҚХР, Грузия,  т.б.) ғалымдар, білікті оқытушы мамандар қатысқан ауқымды шара барысында  жыр дүлдүлінің «Қазақ  университеті» баспасынан басылып шыққан таңда­малы екі  томдық шығармалар жинағы­ның тұсаукесер рәсімі болды. Бірінші  кітабында  ақынның өлең-толғаулары, сонымен қатар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің Жамбылдың ақындық өнері  және  өмірі мен шығармашылығына қатысты ой-толғамдары топтастырылса, екінші жинаққа айтыс, дастандары, ҚазҰУ ғалымдары белгілі жамбылтанушы С.Садырбаев, Ж.Дәдебаев, Ж.Ті­­ле­пов, А.Бұлдыбай, М.Үмбетаев, Г.Қаз­бек­­тің ақын мұрасын зерттеу, басқа тіл­дерге тәржімалау бағытындағы ең­бектері енген. Сондай-ақ, Филология және әлем тілдері  факультетінде Жамбыл атын­дағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығы ашылды.

Конференция жұмысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА ака­де­мигі Ғ.М.Мұтанов жүргізді.

Ғылыми жиынға арнайы шақырыл­ған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Шажабаев құттықтау сөз сөйлеп, белгілі қаламгер Орысбай Әбілда жырдан шашу шашты. Жамбыл бабаның ұр­пақтары мен жерлестері, келіндері Зүкен Кеңшілікқызы Садырбаева, Сафура Сейдәліқызы Қыдыр­бекова та­ным­дық, деректік маңызды естелік әң­гімелер айтып, осынау игі шараның басында жүрген филология және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы мен оның ұжымына ризашылығын  білдірді.

Қ.Қ.Мәдібай,
ф.ғ.д., профессор,
Е.М.Солтанаева,
ф.ғ.к., аға оқытушы
.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір