АРМАН ҚАЛА  – АЛМАТЫ
04.03.2016
2420
0

Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазу­­шылар одағы бірлесіп, Алматы қаласының 1000 жылдығына орай халықаралық жыр мүшәй­расын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:
Сан ғасырлық тарихы бар, азаттықтың алтын бесігі болған Алматы қаласын жырға қосу арқылы жаңа заман әдебиетінің бүгінгі күн талабына сай тың дүниелермен толығуына және терең тарихы­мыздың көркем шежіресінің жазылуына, сондай-ақ, рухани ұлт­тық мұрамыз бен елдік-ерлік құнды­лық­тары­мызды ұлықтауға, оқырманды  иманды­лыққа, бірлікке  шақыратын, туған  елін, Отанын сүюге үн­дейтін шығармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу.
Мүшәйраға Алматы қаласының ғасырлар қойнауындағы тарихи сәттерін, жеңісті, жемісті кезеңдерін, сонымен қатар, қазіргі күннің көкей­кесті мәселелерін арқау ететін, бұрын еш жерде жарияланбаған поэзиялық шығармалар қабыл­данады. Бәйгеге еліміздегі және шетелдегі қазақ а­қындары қатыса алады.

Мүшәйраның шарты:
Үміткерлер шығарма­ла­рын компьютерде теріп, үш данасын  бүркеншік атпен төмендегі мекен-жайға жіберуі керек. Ал үміткер туралы толық мәлімет (автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны) арнайы бөлек конвертке салынып, шығармамен бірге жолдануы тиіс.
Мүшәйраға әр автордан үш өлең қабылданады. Шығармалар 14 кегльмен теріліп (аралық интервал 1,5), 5 беттен аспауы керек.
Екі өлең Алматы қаласына арналуы шарт. Үшінші өлең еркін тақырыпта.
Шығармалар 2016 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.
Бәйгеге қатысатын өлеңдердің бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қадағаланады.
Шығармалар Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 үйге, 25 кабинетке жолдану керек.

Бас бәйге – біреу.
Бірінші орын – біреу.
Екінші орын – екеу.
Үшінші орын – екеу.
Мүшәйра қорытындысы сәуір айының ортасында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір