ҰЛЫ АҚЫНДЫ ҰМЫТПАЙМЫЗ
26.02.2016
2455
0

Газета«Қазақ әдебиеті» газетінің 29 қаңтардағы са­нын­да жарияланған «Жетісулықтар ұлы ақынын ұмыт­ты ма?» атты мақалаға қатысты төмендегіні ха­барлаймыз.

Қазақстан Республикасының халық ақыны, Түр­кі әлемі Физули атындағы сыйлығының иегері Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдығына орай туған жері Бәйдібек ауылында Т.Молдағалиевке арналған аллея ашылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Мә­дениет үйіндегі мерейтойлық шара Қазақстан Жазушылар одағы басшылығының, ақын-жазушылардың қатысуымен өткізілді. Қарасай ауданы Мәдениет күнінің басты тақырыбына Тұме­кеңнің 80 жылдығын арқау еткенін де атап өтуге болады.

Мақала авторы аталмыш шаралардың жеткіліксіз екенін тілге тиек еткендіктен, алдағы уақытта ақын­ның 80 жылдығының жалғасы ретінде қолға алу жос­парланып отырған шараларға да тоқталып өтуді жөн көрдік.

Ақынның туған күніне қарай туған ауылында мұра­жайы мен саябағын ашу көзделіп отыр. Сая­бақтың ішінде Тұмағаңның ескерткіші бой көтереді. Бұл жұртшылық рухани демалатын көрнекті орынға айналады деп ойлаймыз.

Мәдениет үйінің алдына ақынның бюстін ор­нат­пақ­пыз. Сондай-ақ, Мәдениет үйіне ақынның атын беру де қарастырылуда.

Сонымен қатар, Алматы облыстық Тілдерді да­мыту жөніндегі басқарма биылғы жылдың қыркүйек айында тұңғыш рет «Жүрегі жырдан жаралған» ат­ты республикалық мүшәйра және ән байқауын өт­кізеді.

Жетісулықтар ұлы ақынын ұмытқан жоқ. Алма­ты облысы әкімдігі тарапынан ақынның шы­ғар­маларын насихаттауға, жас оқырмандардың ақын­ның сыршыл лирикасының сырына қанығып өсуі­не, есімін есте қалдыруға қатысты барлық тиісті ша­ралар қабылданатын болады.

 Бахтияр ӨНЕРБАЕВ,
Алматы облысы әкімінің орынбасары.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір