ЕНДІ КІТАПТАРДЫ ТЫҢДАЙ АЛАСЫЗ…
26.02.2016
1228
0

54120Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Audiokitap мобильді қосымшасының салтанатты таныстырылымы өтті. Мобильді қосымшаны WikiBilim қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясының қолдау көрсетуімен жасап шығарды. Жобаның негізгі идеясы – кітаптарды мобильді құрылғылар арқылы аудиоформатта қолжетімді етуге бағытталған, мақсаты – ұлттық әдебиет, ғылым, мәдениетке қатысты туындыларды жинақтау және авторлық құқықты сақтай отырып, көпшілік арасында тарату. Жоба WikiBilim қоғамдық қорының дамытып жатқан «Қазақстанның ашық кітапханасы» атты онлайн жоба негізінде жүзеге асырылып отыр.

«Қазақстанның ашық кітапханасында» 500-ден аса автордың 4000-нан аса кітабы, 130 автордың 1500-ден аса аудиокітабы жи­нақ­талған. Жобаға Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мұх­тар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Қасым Аманжолов, Бауыр­жан Момышұлы, Зейін Шашкин, Жұбан Молдағалиев, Қа­лижан Бекхожин, Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Сафуан Шай­мерденов, Зейнолла Қабдолов, Қалтай Мұхамеджанов, Сәкен Жү­нісов, Әбіш Кекілбаев секілді авторлардың кітаптары енді. Соны­мен қатар, Мұхтар Шаханов, Софы Сматаев, Қабдеш Жұ­ма­ділов, Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков сын­ды қаламгерлеріміз де өз туындыларын жария етуге келісімін берді.
Audiokitap мобильді қосымшасы «Қазақстанның Ашық кі­тап­ханасындағы» барлық аудиокітапты тегін тыңдауға мүм­кіндік береді. Қосымшаны тек онлайн ғана емес, сондай-ақ, аудио­кітаптарды қосымшадағы жеке кітапханаға жүктеу арқылы оффлайнда да тыңдауға болады. Audiokitap смартфондардың ең танымал Android және iOS жүйелеріне бейімделіп, қолжетімді бо­лып отыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір