ТОҚАШ ӨМІРІ – КІТАПТА
26.02.2016
1159
0

45120Шымкентте «Әдебиет әлемі» сериясының «Талантымен талайды тамсандырған Тылсым тағдыр туралы толғаныстар» деп аталатын алғашқы кітабы қазақтың ақиық ақыны Тоқаш Бердияровқа арналған.
Кітапта жүзден аса автор Тоқаштың өмір соқ­пақтарындағы шуақты сәттері мен көлеңкелі ке­зеңдері жайлы сыр шертеді. Шымкент қаласындағы «Азиат» баспасынан полиграфиялық жағынан көр­кем безендіріліп шыққан бұл кітап­тың көлемі – 512 бет, яғни 32 баспа табақты құрайды. Бұған қоса, сегіз бет­тен тұратын түрлі-түсті фотосуреттері бар.
Бүгінде аталмыш жинақтың екінші кітабы бас­паға әзірлену үстінде. Оған негізінен, Оңтүстік Қа­зақ­стан облысындағы қаламгер қауым мен әде­биет­танушы ғалымдар, өзге де сала өкілдерінің туын­дылары енетін болады.
Жаңа жинақ қаламгерлермен қоса, ғылыми қыз­меткерлерге, жоғары оқу орындарының оқы­ту­шы­лары мен студенттеріне, сонымен қатар, әдебиет, мә­дениет, өнер салаларының өкілдеріне, жур­на­листер­ге, қазақ әдебиеті тарихын тереңірек білгісі ке­летін қалың оқырман қауымға арналған.

Фатима ҚАНАЕВА,
«Әдебиет әлемі» сериясының бас редакторы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір