«ДАЛАНЫҢ БОЯУЫМЕН ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН»
26.02.2016
1216
0

МукагалиЖуырда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Халықаралық Туризм менеджмент колледжі және Қаржы экономикалық колледжі студенттері  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты  еске алуға арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

Шараны аталмыш  филиал меңгеру­шісі Айгерім Ахаева ашып, кітапханашы Сандуғаш Көшімбаева және Айгүл Ша­кен­­қызы ақынның өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғына байланысты әдеби деректермен таныстырды. Кешке келген жас­­­тар­дың бірі ән шырқаса, тағы бірі шағын сахналық көріністер көрсетті. Сонымен қоса,  Мұқағалидың өмірі мен шы­ғармашылығына арналған «Мәңгілік мұра» атты көрме  көрсетілді.
Кеште  М.Мақатаев атындағы сый­-лы­қ­­тың лауреаты Айтақын Әбдіқал  ақын­  жайында жұрт  біле бермейтін тың дерек­тер айтты. Кеш соңында Халы­қа­ра­лық Туризм менеджмент  колледжінің оқыту­шы­сы Әлия Момынова және Қар­жы эко­но­микалық колледжінің оқыту­шы­сы Ақмарал Нүкеева болашақ қар­жы­гер­лер­дің өзі Мұқағали шы­­­­ғар­­машы­лығына  ерек­ше ден қоя­тын­­­да­рын мақтанышпен жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір