«ЖҰЛДЫЗ» ЖУРНАЛЫ, №2
26.02.2016
1750
0

Журналдың жаЖулдыз-2016-2ңа санындағы ең шұрайлы дүние – Конрад Берковичтің «Тұқым» әңгімесі. Әңгімені тамылжыта тәржімалаған Жүсіпбек Аймауытұлы. Сондай-ақ, Тұрсын Жұртбайдың «Кекті бесік» зерттеу-толғамының Илья Жақановтың «Домбыра аңызы» эссе-элегиясының айтары мол.

Көрнекті сазгер, музыка зерттеушісі И.Жа­қанов домбыра аспабын сөз ете келіп, тарих те­реңі­не сүңгіп, талай аңыз-әфсаналарды қопара­ды. Бексұлтан Нұржеке-ұлының «Ақ жазықтың адамдары» атты ғұмырнамалық хикаяты оқыр­ман  үшін қызғылықты шығарма. Проза жанрын­да Марат Мәжитовтың «Қазақ» әңгімесі бүгінгі тірлігіміздің жықпыл-жықпылына терең бой­лат­қандай. Журналдың бұл санында поэзияға да көлемді орын берілген. Ханбибі Есенқара­қызының «Қазақы өлең мөлтілдеп жылап тұр­ды» деген топтама жырлары, Қали­долла  Ізе­кен­ұлының жаңа өлеңдері, Аман Кәлетаевтың сия­сы кеппеген өлең-жырлары оқырманға жол тартты.
Сондай-ақ, Өнерхан Өгізбайұлының «Қан­дас­тар» деректі әңгімесінің айтары мол. Бұл туындыда  аға сұлтан Құнанбайдың Қытай мем­ле­кетіндегі қандастарға барып, ол жақтағы қа­лың керей бауырлардың тұрмыс-тіршілігіне қа­нығып, біраз уағдаластыққа қол жеткізуі нақты деректермен шебер баяндалады.
Зерттеу айдарымен берілген Өмірзақ Қа­жым­­ғалиевтің «Жәңгір ханның тұлғалық бей­несі» атты тарихи баянының да оқушы қауымға бере­рі мол.

Ғалым Нұрдәулет Ақыштың «Ұлт азатты­ғы­ның парасатты панорамасы» деген толғамы бүгінгі проза жанрындағы елеулі еңбектерді екшеп, баға  берген келелі дүние екені анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір