«ДАРАБОЗДАН» ДАРА ШЫҚ!
26.02.2016
1531
0

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан дәстүрлі  халықаралық «Дарабоз» бәйгесі биыл он бірінші рет өткізіл­мекші. Сол себепті, «ZHERSU» корпорациясының демеушілігімен өткізілетін бәйгенің талаптарын жария етеміз.

Байқауға 6-80 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады.

Шығармалар қазақ тілінде жазылған болуы тиіс.

Жанрлар: проза, поэзия, әңгімелер (ертегі­лер). Әр қатысушы байқаудың бір жанры бойынша 3 шығармаға дейін жібере алады. Байқауға бұған дейінгі жылдары жіберілген шығармалар қайта қатыстырылмайды және қаралмайды. Сонымен қатар, факс арқылы, қолмен жазылған шығармалар және 2016 жылғы конкурс шартында көрсетілмеген жанрда жазылған шығармалар қарастырылмайды.

Шығармалар электронды түрде *.doc, *.docx, файл форматы – Microsoft Word немесе RTF, шрифті Times New Roman немесе  Arial Cyrillic, шрифт көлемі 12, жол аралық интервал 1,5 болуы тиіс. Бет жиектері: сол жағы 3 см, жоғарғы және төменгі жағы 2 см, оң жағы 1,5 см. Жұмыс көлемі аралықты қосқанда 20 000 белгіден аспауы тиіс (А4 форматындағы 12 беттен аспауы тиіс).

Мерзімінен  кешігіп келген және басқа тілдегі шығарма­лар бәйгеге қатыстырылмайды. Бәйгеге барлық қаламгерлер, жас талапкерлер, жоғары сынып оқушылары, шетелдегі қандастарымыз қатыса алады. Тек шығарма бүгінгі қазақ әліп­биі­мен, яғни «кириллицамен» жазылуы мін­детті.

Толық ақпарат www.daraboz.org сайтында. Байқауға қатысуға өтінішті де осы жерден беруге болады. Бәйгеге түскен  шығармалар  мына  мекен-жай  бойынша қабыл­данады: info@daraboz.org электрондық поштасы және хаттар үшін 050031. Алматы қаласы, Төле би, 302 а, 209 каб, «Дарабоз» бәйгесіне.

Шығармалар 2016 жылдың 15 мамырына дейін қабылданып, бәйге қорытындысы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жарияланады.

Үздік шығармаларға төмендегідей бәйгелер беріледі:
Бас бәйге – 1 000 000 теңге;
І орын – 700 000 теңге;
ІІ орын – 500 000 теңге;
ІІІ орын – 300 000 теңге.

Бәйге әділқазыларының шешімі талқылан­байды. Байқау қорытындысында жүлде алған туындылар арнайы жинаққа топтастырылып, балабақшаға, мектеп кітапханаларына тегін таратылады.

Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің ұйымдастыру тобы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір