ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН…
22.02.2016
1355
0

6ad41bАлақаннан сусып түсіп жатқан құмдай қайран уақыт өтіп барады. Алғаш еңбек жолымды бірге бастаған әріптес апайларымның көбі бүгінде өмірден өтті. Олардың әрқайсысы көз алдымда өздерінің ұстамды қасиеттерімен жарқ еткендей болады. Ұстаз болуды сол кісілерден үйреніп, солардың ізін басып, бүгінде зейнет демалысында жүргендері қаншама. Солардың бірі – біздің мектептің құрметті адамы Тәкіш ағай.


Тәкіш
ағай

Алдымда көлдей  екі бет қатар жап­сы­­рыл­­ған хат жатыр. Мұны Тәкең жазыпты. Тәкіштің (шын аты Тәңірберген) зейнетке шыққанына екі айдай уақыт өтті. Тә­кіш ағай біздің мектепте дене­шы­нық­ты­ру­дан сабақ беріп, 40 жылдай еңбек етті. Үкімет тарапынан үлкен ма­рапатқа ие болмаса да, оқушыларының қадір-құр­ме­тіне бөленді. Әйел мұға­лім­дерге шеге қағу, көрнекі құрал ілу сияқ­ты істе көмек­ші болып жүретін. Ауланың қарын күреу, мұзайдынды құю, алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау секілді ресми шараларға мектеп ауласын дайындау, таусылмайтын ұсақ-түйек жұмыстарды ешкім міндет­те­мей-ақ өзі атқаратын, істегеніне ақы сұра­май­тын, мақтау тілемейтін. Сағат 7.00-ден мектептің есі­гін бірінші болып ашып, таң бозынан келген балаларды қабылдап алатын. Оны балалар жақсы көретін. Осы мектептің бір түлегі кездесуге келіп, сыр бөліскенде, Тәкіш ағайдың кез келген жағ­дайда балаға тәрбие беруге бейіл екенін айтқан болатын. Мысалы, оқушы сабаққа кешігіп келе жатса, мектептің дәл кірер есігінде тұрып алып, қолына секундомерін ұстап, бейне бір оқушы мәреге жақындап қалғандай, оның жүгіру жылдамдығын есептеп  – «Бол-бол, тез-тез, қалдың» деп ішке енгенде, мәре сызығын кесіп өткендей, «пәленше секунд» деп баланың жүгіріп келген уақы­тын айтады екен. Әрине, мектептің осын­дай жанашыры болған адам зейнетке шығып бара жатқанда да өз ұқып­ты­лы­ғы мен адалдығын көрсетті.

Қоштасарда екі бетке ірі әріптермен тө­мендегідей нұсқау хат қалдырып кетіп­ті:

  1. Кіре беріс есіктің оң жағында екі жарық жағатын нүкте бар.

а) Біреуі – ұзын дәліздікі.

ә) Екіншісі – аулаға қосатын жарық­тікі, таңертең ерте жағып қою керек. Әсіресе, қыс мезгілінде, 8.30-9.00 кезінде сөндіру керек.

  1. Кіре беріс дәліздегі жайылып жатқан кілемнің үстін күнде-күнде тазалап отыру керек.

а) Далаға ата-аналар отыратын орын­дық жасату.

ә) Кіре беріс дәлізге жұмсақ әдемі орындық сатып алу керек.

  1. Шама келсе, кіре беріс дәлізге жылу орнату.
  2. Шама келсе, бастауыш сыныпқа үшінші қабат салдыру керек.
  3. Бастауыштың спорт залын үлкейту, би үйірмесіне арнайы кабинет беру.
  4. Гүлдерді жазда аптасына 2 рет, қыста 1 рет суару керек.
  5. Су жүйелері тығындалып қалмау үшін асханадан әкелетін судың, сүттің, шырынның қытырлақ бөтелкелерін арна­йы қоқыс жәшігіне тастату, осыны ба­лаларға үнемі айтып отыру керек.

22.10.2013 жыл, қолы.

Осы Тәкіш ағай зейнетке шыққанда әріптестері оған ұялы телефон сыйлап, кез келген қажет жағдайда хабарлассын деген оймен мектеп әкімшілігінің, ұжым мүшелерінің телефонын жазып берді.

Тәкіш ағай өзін зейнеткерлікке шы­ға­­рып саларда ұжымның ақша жинап, дас­тарқан жасамауын өтініп, ақырын ғана мектептен шығып жүре берді. Бір жылдары мектеп бітіріп кеткен түлектері ағайға темір тұлпар мінгізіп еді. Біз сонда қара­па­йым денешынықтыру мұғалі­мі­нің сон­дай марапатқа ие болу себебін білмей, аң-таң болғанбыз.

Енді түсінген сияқтымыз. Ұстаз көң­і­­­лі балаға  қаншалықты риясыз болса, оқушы жүрегі сол  ұстазынан  әкесін, ана­сын, жанашырын көріп, ұстазы ең жақы­ны­на айналғанда одан жасыратын сыры болмайды екен. Ұл балалардың Тәкіш ағай­дың қасынан шықпай­тынының се­бе­бі осында болса керек.

Тәкіш ағайдың бастауыш сыныпқа арнап үшінші қабат салудан басқа барлық тапсырмасы орындалды.

 

Рахима СӘКЕНОВА,
Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназияның директоры.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір