ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ
12.02.2016
1716
0

ЖансугуровТаяуда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты дәстүрлі республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны университет ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, з.ғ.д., профессор  Әбдіманап  Бектұрғанов аш­ып, Алматы облысы  білім  басқар­масы басшысының орынбасары Гүлсара Иса­ғ­ұло­ва жиынға қатысушыларды құттық­тады. Пленарлық мәжілісте Ілияс Жансү­гі­ров­тің шығармашылық мұрасын орта, жо­ғары мектепте оқыту мен зерттеу бағы­тында бірнеше жылдан бері ауқымды жұмыс жасап отырған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мем­ле­кеттік универ­си­теті «Ілиястану» ғы­лыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Сыздықов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылым­дары­ның докторы Қанипаш Мәдібаева, Ілияс Жан­сү­гіров әдеби музейінің мең­геру­шісі Нұргүл Жаңабаевалардың жазу­шы­ның шеберлік ерек­ше­ліктері туралы баяндамалары тыңдалды. Екі күнге созылған конференцияда «Гуманитарлық ғы­лым­дар», «Мәдениет және өнер», «Жаратылыстану, техникалық ғылымдар», «Педагогикалық  білім  беру  саласын­дағы инновациялық технологиялар», т.б. секциялар жұмыс жасады. Конференция барысында қысқа ғұмырында туған халқының өркениет өрісіне шығуы бағытында тынымсыз еңбек жасап, дәс­түр байытқан, тыңға түрен салған, үздік шығармалар жазған қа­зақтың біртуар перзенті Ілияс Жан­сүгіровтің әдеби мұрасы білім беру мен ғылыми зерттеулер жүргізудің заманауи жаңа талапта­ры ау­қы­мында жан-жақты сараланып, пысық­тала түсті. Конференция материалдары ғылыми жинақ болып басылып шықты.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір