МҰҚАҒАЛИ АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ
12.02.2016
1512
0

МукагалиЖуырда Қазақстан Жазушылар одағында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған  «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі поэзия кеші өтті.

Кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы­ның бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай аш­ып, бірқатар ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Жиын барысында  ақынның туғаны­на 85 жыл толуына орай Мұ­қа­ғали Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық қоры  ақын атына арнайы жасалған  төсбелгіні  №1 куәлігімен Мем­лекеттік сыйлықтың ие­гері, ақын-драматург Иран-Ға­йыпқа тапсырды. Одан кейінгілері  ақын Р.Ниязбеков,  жазушы-пуб­ли­цист Б.Ғаб­дуллин,  Ғ.Мүсіреп­ов атындағы қазақ мем­лекет­тік академиялық Ба­лалар мен жасөспірімдер театры­ның режиссері  М.Ахмановқа беріл­ді. Роза Әлқожа бастаған эстра­да жұлдыздары ақынның сөзіне жа­зылған әндерді орын­дап, кештің көркін аша түсті.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір