КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАДЫ
12.02.2016
1243
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология және әлем тіл­дері факультеті, қазақ әдебиеті және әде­биет теориясы кафедрасы ғылыми қыз­мет­керлерді, оқытушыларды, док­­­­­то­­ран­ттарды, магистранттарды 2016 жыл­дың 25 ақпанында Жамбыл Жа­баев­тың 170-жылдығына арналған «Жам­был ақындық мұрасы және жам­был­­танудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-прак­ти­ка­лық конференция­ға ­ша­қырады.

Конференция аясында 3 секция жұ­мыс істейді: 1-секция. Жамбыл шы­ғар­ма­шы­лығы: дәстүр мен жанашыл­дық; 2-секция. Жамбыл шығар­ма­шы­лы­ғын тәуелсіздік кезеңдегі зерттеу мә­се­лелері; 3-секция. Жамбыл және қазақ айтыс өнері; 4-секция. Жамбыл шығарма­шы­лы­ғы және қазақ халық поэзиясын оқыту әдістемесі.

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.

Материалдар жариялану үшін 2016 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Мақаланы безендіру талаптары:
1.
Жариялауға ұсынылатын материалдар мазмұны мынадай болуы тиіс: а) мақала атауы; б) Автордың (авторлар­дың) Т.А.Ә. ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны және қызметі көр­се­тіледі, Мақала көлемі – 5 бет, материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады – Times New Roman. Кегль – 14. Жиек – барлық жағынан 2 см. Бір интервалмен терілуге тиіс. Азат жол арақашықтығы – 1 см, пай­даланылған әдебиеттер тізімі кел­ті­рілген дерек көздерінің толық шығу мәліметтерімен мақаланың соңында көрсетіледі, дерек көздеріне сілтеме мақала мәтінінде жақшамен көрсетіледі (мысалы: [1, 89-б.]). Дерек көздерін қай­та­лап  келтіргенде алғашқы келтірілген дерек көзінің рет саны бойынша сіл­те­меде көрсетіледі, мақалаларға ар­налған аннотация ағылшын тілде­рін­де жазылады.
(5-6 сөйлемнен аспауы керек), мақала элек­трон­дық және қағазға ба­сылған түрде ұсынылады (1 дана), жарияланым
құны – 4000 теңге.

Жариялану үшін материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 050040, Казақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 71. ҚазҰУ, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (3-ші қабат, 323, 325 каб.).
Немесе e-mail: esoltanaeava@mail.ru жіберуге болады.
Байланыс телефондары: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы:
+7 (727) 3773339, (ішкі 1328, 1330).

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір