ОСЫ БЕТТЕН ТАЙМАҢДАР!
05.02.2016
1221
0

«Қазақ әдебиеті» газеті оқырманына ой салатын, халқының жүрегіне от жағатын дүниелерді жариялап жүр. Ақ жол болсын, бауырлар, осы беттен тай­маңдар! Маған, әсіресе, тарихшы Серікқан Қамшевтің «Қазақ елі тәуел­сіз­дігін алды ма, әлде жариялады ма» деген мақаласы мен журналист-қалам­гер Бағашар Тұрсынбайұлының Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевпен жүргізген сұхбаты қатты ұнады, көңіліме, санама тың ойлар салды.
Шүкір, тәубе, уақыттың лебін, заманның демін, адамның, қазақтың та­би­­ғатын терең түсінетін зиялыларымыз бар екен. Сөз түзелсе, сана сергіп, адам да, заман да түзелер.
Қалың оқырманды еліміздің осы секілді ойлы газеттерін оқуға шақыра­мын!

Смағұл Рахымбек, жазушы.
Астана қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір